Коммуникативті дағдылар: рефлексивті және рефлексивті емес тыңдау.
Рефлексивті емес тыңдау – көңіл бөліп сөйлемеу.
Рефлексивті кыңдау – кері байланыс, парафраз қолданылады, қандай да бір сұрақты шешуде олданылады.
Ольфакторлы жүйе – иіспен байланысты. әрбір адамда индивидуалды иіс болады. М: киімді қанша рет жуса да, ол адамның иісін жоғалтпайды. Қазіргі кезде иістер саналы түрде қолданылады. М: лаванда иісі – қорқыныш сезімін басады.
11 дәріс. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциясы.
"Синтонистик" деген атау "синтония" сөзінен шыққан, яғни "іштей және сырттай үйлесімділікте болу" дегенді білдіреді. Қарым-қатынастың синтотистік үлгісі нейролингвистикалық бағдарламалау аясында жүзеге асырылады. Нейропсихологиялық бағдарламалау – бұл психология, лингвистика, математиканың өзара қосындысының нәтижесі: НЛП әдістері педагогика, менеджмент, психотерапия, бизнес саласында табысты қолданысқа ие. Синтотистік үлгі қарым-қатынастың негізгі біліктерін ажыратып (айқын мақсат, аса сезімталдық, икемділік, конгруэнттілік, раппорт, қоры), оның бөліктерге немесе қадамға бөліну процесін көрсетеді. Егер сіз адамдармен өзара табысты қарым-қатынас жасағыңыз келсе, онда арнайы практикалық жаттығулар көмегімен жоғарыдағы қадамдардың техникасын меңгеруіңіз керек.
Қарым-қатынастың синтотистік үлгісі қарым-қатынасты қабылдау мен ойлаудың күрделенген өзара қатынасының нәтижесі ретінде қарастырады (қабылдау + ойлау = қарым-қатынас). Қарым-қатынас процесі қабылдаудан басталады. Міне, нақ сол арқылы адам баласы өзін қоршаған ортамен және айналадағы өзге адамдармен байланыс орнатады. Біздің сезім мүшелеріміз қоғамдағы шынайылық жөніндегі ақпартты жинақтау үшін ашатын бес есікке ұқсайды. Бұл «есіктерді» санамыз өз кезегімен ашады: бір адамдар алдымен заттың суретін көріп, содан кейін иісін сезсе, басқаларда – дауыс естіліп, затты ұстап көреді. Бұл өте тез өтетін кезектілік, тез өтсе де кезектілікке жатады. Біздегі соқыр сезім ақпаратты бір мезетте жан-жақтан қабылдай алады, әрі санаға қарағанда анағұрлым көп ақпарат алады. Қарым-қатынастың синтонистік үлгісі әрбір адамда өзінің «қабылдауға ыңғайлы есігі» - яғни, басқаларға қарағанда, көбірек сенетін репрезентативті жүйесі бар деген идеяға сүйенеді. Мысалы, егер сізге жағымды жүйе көзге көрінетін болса, онда сіз әлемді «сурет» ретінде есте сақтап, қабылдайсыз. Демек, жетекші репрезентативті жүйе сырттай көз қарашығының қозғалысына, қарым-қатынас үстінде қолданылған сөзге, дем алуы ерекшелігіне, тіпті тұрған тұрыстан да байқалатыны анық.
Егер де сіз әңгімелесетін серігіңіз қандай репрезентативті жүйені қалайтынын білсеңіз, онда оған қабылдауға «ыңғайлы» болатын үлгіге сәйкес сөздер қолдана аласыз. Көру арқылы ғана қабылдайтын адамдар бір сөзді оңай түсінсе, дыбыстық және кинестикалықтар – келесілерін жеңіл ұғады. Егер сіз әңгімелесушіңіздің жетекші репрезентативті жүйесіне сәйкес, әңгіме өрбітсеңіз, сізбен қарым-қатынас орнату жеңіл және өзара түсіністікке бірден жетуге болатын адам деп қабылдайды.
Адамның қандай репрезентативтік жүйені қалайтынын қалай білуге болады? Ол үшін адамды мұқият зерттеу керек. Олардың көпшілігі өз қолданысындағы сөздерді ғана айтады. Оған қоса адамның іс-қимылы да көп нәрсені айтады: көз қарашығын ойнату, екпіні мен дауыс нақышы, дем алысы, тұрған тұрысы. Мұндай маңызды қырды қолдан жасау мүмкін емес, ол сананың ең түкпірінен берілетін сигнал, тек қана оны көре білуге үйреніп, қолдану керек.
Көзбен шолушы репрезентативті жүйелі адам, бір әңгіме айтар алдында дәл қазіргі сәтте не болып жатқанын анықтау күшін есінде қалған суреттерді санамалап, жүйелейді. Бұл процесс өте тез өтеді және осы кезде оның көздері шамамен 60 см қашықтықтағы нүктеге қадалуы мүмкін. Егер сіз сол нүктеге тұрсаңыз, онда адамның ойлауына кедергі жасайсыз. Ол тіпті бұл үшін сізге ренжуі мүмкін. Көзбен шолушы адамдардың сөзінде көбінесе; "көру", "анық", "бейнелі", "сіздің нені меңзеп тұрғаныңызды көріп тұрмын" т.с.с. кездеседі. Олардың сөйлеу екпіні дыбыстық және кинестикалық репрезентативті жүйелі адамдарға қарағанда болады.
Дыбыстық репрезентативті жүйелі адам, сөйлер алдында ішкі дауысын тыңдайды. Оған таңдау жасау қиынға соғады: оның ішкі дауысы қайсын тыңдарын білмей, үнемі пікірталас жүргізеді. Мұндайда оның көзі үнемі жүгіріп тұрады. Дыбыспен қабылдайтын адамдарда "мен сізді тыңдап тұрмын", "ақылға салып көрейік", "дауыс ырғағы", "не деген үн", "айғайлар" т.б. сөздер жиі қолданылады.
Кинестикалық репрезентативті жүйедегі адамдар сөйлер алдында, өздерінің сол сәттегі сезіміне қарайлайды. Бұл кезде оның назары ықтиярсыз төмен оңға қарай қарап тұрады. Кинестектерде "тиісінше", "ұстау", "сезіледі", "аурушаң", "ауыр", "проблеманың ұшы көрінеді", "жүрекке ауыр тиіп тұр", т.б. сөздер көп болады.
Адамдардың классикалық триадасына тағы да бір - "парасатты адам" немесе "компьютер" – типі қосылады. Бұлар өздерінің түйсігінен гөрі, атауларға, белгілерге, сөздерге, "зат белгіге" көңіл аударады. Олар бұл сөздермен өз сезімі мен бейнелерін айқындайды. Олардың көз қимылын анықтау қиын, қолданыста сөздері: "анықтау керек", "талқылап көрейік", "жүйелеу", т.с.с.
Қарым-қатынастың басты шеберліктері: 1. Күтілетін нәтижені анықтау. Нәтижесіз қарым-қатынас – мақсатсыз саяхаттауды білдіреді. Нәтиже дегеніміз – бұл сіздің нені көріп, естіп және сезгіңіз келетінін білдіреді. НЛБ-да мақсатты нақтылаудың бес әдісі ұсынылып, оны нәтижеге айналдаруды береді: 1) нәтижені нақтылау (қалаған нәтижені нақты анықтаңыз); 2) нәтижені жағымды формада құрастыру, мысалы: "Бай болғым келеді" - позитивті дұрыс нәтиже, "кедей болғым келмейді" немесе "Күлкілі көрінгім келмейді" – бұлар керсінше фрмада құралған нәтижелер. Сондықтан бұл қарым-қатынастың тиімсіз формасы. Шынында да, адам баласына өзі қаламайтын нәрсеге ұмтылуының еш мәні жоқ. Одан гөрі өзі қалап, таңдаған мақсатына ұмтылса ғана табысқа жетеді. Сондықтан жағымды формада құрастырған жөн. 3) нәтиженің сенсорлы көрсеткіштердің мүшеленуі. Ол үшін мынадай сұрақтарға жауап беру керек: "Мен мақсатыма жеткеннен кейін, не болады?" , "Мен не істеуім керек?"; 4) қарым-қатынас жасаушы қарсыласыңмен нәтижені келісіп алу: Көптеген адамдар сізге мақсатыңызға жетуге көмектеседі, бірақ бұл жерде өз мақсатына жете алған жағдайда ғана. Егер сіз мақсатыңызға өзгелерге кесірін тигізу арқылы жетпекші болсаңыз, демек, сіз айлалы әрекетке барғансыз. Соған қарай өзге адамдар сіздің табысыңызға жасырын немесе ашық кедергі жасайды. Біреуге әмір жүргізгісі келетіндердің алдынан әдетте төрт "айдаһар" шығады: реніш, кінәлау, арлану және кек сақтау. Сонымен қарым-қатынас мақсатты айқындаудан басталады және ойлап көріңіз, қатынас жасап отырған қарсыласыңыздың әділетті талаптарына қарай өз қалауыңызды қалай қиыстырасыз.
СЕНСОРЛЫҚ ЗЕРЕКТІК. Кез келген адамда айналадағыларды көруге, естуге, әңгімесінің іс-қимылындағы өзгерісті сезуге көмектесетін сенсорлы сезім бар. Бұл сезім қарым-қатынас процесін бақылауға және оның мақсатты болуын қамтамасыз ету үшін қажет. Әңгімелесуші адамның іс-қимылындағы кейбір сигналдар қай жерде қандай қателік кетті немесе мақсатқа жету үшін қай жерде ымыраға келу керектігін білдіре алады. Саналы түрде бұлтару әсіресе, шиеленіскен жағдайларда қажет. Сенсорлы зеріктік әңгімесінің әрекетіндегі кез келген өзгерісті байқауға көмектеседі: өйткені адамның ішкі ойы мен эмоциясы оның іс-қимылы (тұрған тұрысы, теңселуі, басын қисайтуы, иығын қозғалтуы, қолын сермелеуі) арқылы көрінеді. Одан басқа көп байқалмайтын өзгерістер бар: беттің қызаруы, бұлшық еттің физиологиялық өзгеруі, дем алысының жиіленуі, төменгі еріннің бір мезетте дірілдеуі, бұлшық еттің жиырылуы. Санасыз жасалған қимылды байқау маңызды, өйткені олар адамның өзін-өзі саналы түрде бақылауға жатпайды, сондықтан мұндай қимылдарда ақиқат ақпарат бар. Ол өзгерістерді тиісті дайындықсыз байқау қиын.
Сенсорлық қызметті үйрене отырып, алдымен үш қадамды меңгеру керек:
Адамның мінез-құлқының байқалған кез келген өзгерісті тіркеп отыру (күн сайын адамдарды бақылау арқылы үйрену, бірақ "Кідіру, таңдау, қарау, түйсігіңізді іске қосыңыз, әйтсе де талдауға асықпаңыз" деген қағиданы есте ұстаңыз).
Паттерінді айыру, яғни адамның мінез-құлқындағы қайталанған сәттерді ажырату. Күйгелектеніп тұрған адамға мұқият қарап көріңіз: біреулері салмақты екі аяққа кезек түсіреді, түсі кетіп, қуарады, екіншілері, бөлме ішінде ерсілі-қарсылы жүреді, жұдырығын түйеді, ернін тістелейді. Мұндай өзгерістер мазасыздалған уақытта жиі болады. Тұрған тұрыста, басын шайқауынан, қолының, аяғының жиі қимылдауынан, беттің қызаруынан, дем алысының жиілігінен, дауыс мәнерінен байқалатын арнайы қайталанушы өзгерістерді паттерн деп атайды.
Калибрлеу, яғни адамның сырт кейпі мен қимыл-қозғалысынан , оның мінез-құлқының сыртқы паттернімен байланыс орнату және ішкі жай-күйін анықтау. (Алғашқыда, тәжірибе аз кезінде әңгімелесушімен "Қант салмай-ақ қойыңыз? дегенде күйгелектеніп тұрдыңыз ғой" – деп сұрап, ал ішіңізден "өңіңіз қуарып тұр ғой, сіз ойланып, әрі бір нәрсе тыңдап тұрған сияқтысыз" деп қосып қоясыз.)
НЛП-ның мамандары, егер сіз өз тәжірибеңізге сүйеніп, қарсыласыңыздың іс-қимылындағы өзгерістерді өз бетіңізше талдасаңыз, қатерлі тұзаққа түсіп қалуыңыз мүмкін. Бірдей іс-әрекет әр адамда әртүрлі мағына береді. Әр адам дара тұлға. Сондықтан оны жалпылама жинақтап қорытудан қашу керек.
Икемділік. Қарым-қатынас көбінесе әңгімелесушілердің икемділігіне қалыптасқан жағдайға қарай өз іс-әрекетін өзгерту, қарсыласының іс-қимылына жауап беру қабілетіне тікелей байланысты. Икемділікке үйрену - оның қабылдау, ойлау және өз іс-әрекетіңді құбылта отырып өзара түсіністікті қалыптастырып, мақсатқа жетуді білдіреді. НЛП қағидасы: "Егер сіздің ісіңіз оңға баспай жатса, басқа нәрсені қолға алып көріңіз". Қарым-қатынаста сөзіңе, ойлауыңа, қабылдау мен іс-қимылға абай болу керек. Сенсорлы зеріктік ақпарат қабылдауда жоғары икемділікті қамтамасыз етеді. Икемділіктің өзіндік артықшылықтары бар: жаңа іс-әрекет жаңа жауапты іс-әрекетті қайтарады, және іс-әрекеттің түрлі әдістерін пайдалана отырып қалаған нәтижеңізге жетесіз. Ондай қабілетке ие болу үшін, төмендегідей үш қадамды меңгеруіңіз керек:
Іс-әрекетіңіздегі ескі парттерді жою (мысалы, жұмысқа бөтен жолмен барыңыз немесе тәуекел ету қаупі жоқ жағдайларда, өзіңіздің бұған дейін жасап жүрген іс-әрекетіңізді тоқтатыңыз да, өзіңіз ойлаған нәтижеге жетудің тәсілдерін ойлап көріңіз немесе тағы бір мысал, бір апта бойына отбасыңызға, достарыңызға эксперимент жасағаныңызды айтпай-ақ қойып, ешкіммен сөйлеспей, хат жазбай жүріңіз).
Іс-әрекетіңізге жаңа тәсілдер мен жаңа мүмкіндіктер пайдаланыңыз және жасап шығарыңыз (мысалы, көзіңізге жаңа көзілдірік киіп, өзіңізді көршіңіздің орнына қойып көріңіз. Оның көзқарасы тұрғысынан айнала қалай көрінеді? Жасыңыз 17 және 39-да деп ойлаңыз. 17 жаста өмір сізге қандай болып көрінді? Ал 39 жаста ше?)
Ескі әріптесіңізбен іс-әрекетті тез арада өзгертіп, жаңа таңдауды пайдаланыңыз (мысалға, сіздің ішкі дауысыңыз “сен міндеттісің!”деп бұйырғанды сезгеніңізде сіз іс-ірекетіңізді өзгертіп, өзге ролде ойнаңыз, кем дегенде үш минут өзге адам болып көріңіз. Және бір жаттығу пікірталастың ортасында шегініп, ұарсыласыңызға “Сіздікінің бәрі дұрыс. Енді сізге не керек?” деңіз).
Достарыңызбен бөлісу: |