Конгруенттік – «конгруенттік» латынның «congruens» сөзінен шыққан, ″кездесу және келісімге келу″ деген мағынаны білдіреді. Біздің әр қайсысымыздың бойында әр түрлі бөліктер бар: іскер адам, бастық, ата-ана, сыншы, ойыншы, атақ құмарлық, күлдіруші, жүрек жаулаушы және т.б. Егер барлық бөліктер келісіп, бірігіп, шешімнің жақсы болуына жұмыс істесе және белгілі бір әрекет етсе, сіз – конгруенттісіз
Егер біз бір нәрсені айтып, екінші нәрсені жасап, үшінші нәрсені қажет етсек, онда біз конгруентті емеспіз және біздің жағдайымыз сыртқы адамдарға байқалып қалады. Егер біздің тұлғамыздың бөлігі нағызында не керек екенін әлі шеше алмаса, егер жетістікке жетуге қандай да бір қарам-қайшылықтар және келіспеушіліктер болса, біз «иә» деп айта аламыз, бірақ еріксіз басымызды шайқаймыз немесе айтылған қысқы ғана фраза күлкімен аяқталуы мүмкін. Осының бәрін біздің араласатын адамдарымыз көріп отыр және мұндай іс-әрекет бізге деген бас қатырушылық, күдік, сенімсіздік тудырады. Нәтижесінде сәтті билікке жету мүмкіндігі азаяды. Конгруентті болу дегеніміз – ішкі мақсатқа жету үшін маңызды қадам жасау керек. Синтоникалық модель тек конгруентті болудың маңызды, әрі қажетті екенін ерекшелеумен қатар оны игерудің алты қадамын ұсынады:
1 – конгруентті және конгруентті емес жағдайдың айырмышылығы, өзіңіздің конгруенттік жағдайыңызды білу үшін (100% барлық күші берілгін тапсырманы орындауға нақтыланған) және конгруентті емес (ішкі жағдайдың конфрантациясы, өз өзіңмен конфликт, арманның, сөздің, ойдың, жұмыстың қарам-қайшылануы).
2 – тұлғаның өзге де бөліктерімен танысу (бұл өте маңызды қадам, адам тұлғасының бөліктері бір-бірін танымаса және конфликтте екенін білмесе қиын проблемалар туындайды. Мұндай жағдайдан аулақ болу үшін НЛП мамандары адамға мыналарды түсініп, жазуды ұсынады: ол өз өмірінде қандай рөл ойнайды,
12 дәріс. Іскерлік әңгіме өткізуде қарым-қатынастың маңыздылығы.
Психолог – кәсіби кеңес іскерлігінің 10 ережесі
1. Берілген ауданға тән мамандықтардың профессиограммаларын білу;
2. Кәсіби кеңес беру барысында мамандықтарға деген көрсетулерді және кері көрсетулерінің болуы, қажет жағдайда диагноз қою үшін оның да әртүрлі әдістемесі болуы міндетті;
3. Кәсіби кеңес беру кезінде өз-өзін бағалауды дамыту және тұлғаның оң қасиеттерін көрсету, объективті өзін-өзі анықтауды дамытуға көмектесу.
4. Барлық ұсыныстарды (рекомендация) мұқият түрде беріп (тактично), кеңес беруді сенімгерлік түрінде өткізу;
5. Психолог әр мектеп оқушысының жеке қызығушылықтары, қабілеттері, мінез-құлық ерекшеліктері бар тұлға екеніне сенімді болуы керек және аталған қасиеттерді оқушының потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыруда пайдалану қажет.
6. Психолог берілген жауаптарды жалпылай және жүйелей отырып сұрақтар қоя алады; кеңестер береді және олардың салдары үшін жауап береді.
7. Психолог оптант тұлғасын кешенді зерттеу кезінде негізінде (бақылау мәліметтері, биография, оқиғалар тарихы, сауалнама сұрақтарына жауап, медициналық диагностика, психодиагностика нәтижелері) қорытындылар жасайды.
8. Кеңес беру кезінде тұлға туралы неғұрлым кейінгі мәліметтерді ескеру қажет.
9. Кеңес беруші қажетті тәжірибелерді (эксперимент) жан-жақты және мүмкіндігінше толық өткізуі, оқушыға өз кемшіліктерін, мінезінінің теріс жақтарын түсінуге көмектесуі және сенімділік түрде оларды жою мүмкіндіктерін көрсетуі керек.
10. Кеңес беруші оқушының интеллектуалдық және эмоционалды өрісіне көңіл бөле отырып, оның психологиялық күшін ескеруі керек. Оның мақсаты- әңгімелеушіні түсіну және оның оны түсінуі.
Достарыңызбен бөлісу: |