4 дәріс. Адамның өзін басқаруы мен оны тәрбиелеудегі қарым–қатынастың
түрлерін пайдаланудың психологиялық ерекшеліктері
Адамдардың өзара қатынастарда болуына бірлесіп қызмет атқару, тұлғааралық әрекеттестік орнатулар мен өзара қатынастарға барулары жатады. Қарым-қатынаста болушылықтың мазмұны мәндік жағынан заттың (пәндік) сипатта (мысалы әрекеттер, өнім, жемістер және т.б. түрінде) болуы мүмкін. Өзінің салыстырмалы дербестігімен сипатталатын қатынастар орнатудың (қарым-қатынаста болудың) міндетті түрдегі (яғни тиісті) бөлігіне мән-мағына маңыздар арқылы қатынастар орнату немесе қарым-қатынастарға бару болып табылады, яғни мұны коммуникативтік қатынастар дейміз. Заттық (пәндік) қатынастар орнатуға тән болып келетін адамдардың бірлесіп қызмет атқарылады, өзара әрекеттерге барулары мен қатынастар орнатуларындағы байланыстары коммуникативтік қатынастарда да ерекше өзгешелік сипаттар арқылы көрініс табады. Ал осы аталған ерекше өзгешеліктері әлгі коммуникативтік қатынасты талдаудың әдіснамалық кілті(ашқышы) болып табылады. Атап айтқанда табиғи жаратылыстағы және қоғамдық ортадағы алуан түрлі құбылыстардың мәні мен маңыздарының сыры тек бірлесіп қызмет атқару, соның барысындағы болатын әрекеттесулер мен өзара қатынастардың шеңберінде ғана ашылады.
Сонымен, Б.Ф.Ломов адамның бірлескен іс-әрекеттегі қарым-қатынас процесінде, түсініктер, идеялар, қызығушылықтардың, көңіл-күйлердің өзара алмасуы жүзеге асады. Қарым-қатынаста нақты индивид басқа адамдар жасаған «рухани байлық қорын» игереді, осыған орай оның жекелік тәжірибесінің шектеулілігін жеңеді; сонымен қатар қарым- қатынас арқылы ол осы «қорға» өзі жасағандарын енгізеді. Индивид өміріндегі қарым- қатынас маңыздылығы осыменен анықталады [101. 27 б.]. Ломов Б.Ф. Психологический ж. Том 1.
Қарым-қатынас қызметтері ұғымын өз кезегінде А.А.Брудный тереңірек аша түсіп, негізгі қарым-қатынас қызметіне құралдық қызметті жатқызады. Оның көзқарасы бойынша, аталмыш қызмет түрі басқару процесі мен бірлескен еңбекте үлкен әсер етеді [102. 3 б.]. Брудный А.А. Ал ғалым Л.А. Карпенко «қарым-қатынас мақсаты» критерийіне сай 8 қызмет түрін ұсынады:
түйісу – ақпаратты тасымалдауға дайындық жүргізу және өзара байланысуға жағдай туғызу;
ақпараттық – хабар, сонымен қатар ой-пікір және шешімдермен алмасу;
түрткілік – қатынас серігінің белсенділігін арттыру;
үйлестірушілік – бірлескен әрекетті ұйымдастырудағы өзара келісімге негізделу және бағытталу;
түсіністік – серіктестердің бір-бірін толық түсінуі;
эмотивтік – серіктесте қажетті көңіл-күй жағдайын туызу және өз көңіл-күйін қажетті жағдайда өзгерте алуы;
қатынас орнату – индивидтің өзінің орнын, мәртебесін және ролін анықтауы мен сезінуі;
әсер ету - әріптестің мінез-құлқын, жағдайын, жеке-мағыналық білімдерін, соның ішінде ниетін, ұстанымдарын, пікірін, шешімдерін, қажеттіліктерін, әрекеттерін, белсенділіктерін өзгерте алу.
Сонымен қатар, кейбір әдебиеттерде қарым-қатынастың төмендегідей қызметтерін де көрсетеді. Олар: әлеуметтік және психологиялық қызметтері. Әлеуметтік қызмет: бірлескен әрекетті ұйымдастыру, әрекетті және мінез-құлықты басқару, бақылаудан тұрады. Ал психологиялық қызмет: тұлғаның психологиялық жағдайын қамтамасыз ету, қатынасқа түсуде қажеттілікті қанағаттандыру және өзін-өзі бекіту қызметтерін жүзеге асырады.
Қарым-қатынас – бұл әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани және материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғарғы қажеттіліктердің бірі болып табылады. Дегенмен, бір қарағанда қарым-қатынас ұғымы баршаға танымал және қандай да қиындықтармен байланысты емес көрінеді. «Қарым-қатынас» сөзімен біз кәсіби, жеке, шығармашылық және тағы басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бір-бірімен байланысын және қатынастарын; таныс немесе бейтаныс адамдармен кездесулерін; жеке қатынастарын түсіндіруге тырысамыз.
Ал, Абай Құнанбаев болса, «адамның бір қасиеті туа пайда болса, қалғандары еңбектің нәтижесінде пайда болады» деген.
Тұлға - бұл басқа адамдардың арасында белгілі позицияны иеленетін қоғамдық іс-әрекеттің себепші субьектісі ретіндегі адам. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері, ол неге талпынады және неден қашады, сонымен қатар ұғыну, ұйымшылдық дәрежесі, оның белсенділігінің интенсивті және қорытынды нәтижесі, өмірлік тапсырманы шешуге сәйкес бағытталуынан көрінеді.
Қарым-қатынас ұжымдағы бірлескен іс-әрекетте интеллектуалды- адамгершілік шарттарының құрылуына жетекші механизмі болып табылады, немесе, танымдық процесс бола тұра, ол индивидуалды, сол сияқты интеллектуалды және адамгершілік құндылықтарды алмастыруды қамтамасыз етеді, сонымен қатар трансформацияға мүмкіндік туғызады және ұжымға кіретін барлық құныдылықтарды интеграциялайды. Қарым-қатынас нормативті процесс бола тұра, ұжымда оның тіршілігінің этикалық жақтарын анықтайтын өлшемдердің жүйесін өңдеуге ықпал етеді. Аффективті процесс бола тұра, ол ұжым қатынасының сипатына ықпал ететін эмоциялық жағдайын анықтайды. Нәтижесінде ұжым өрісі онда қабылданған құндылықтар мен заңдылықтарға байланысты тұлғаға әр түрлі ықпал етуі мүмкін [103. 22 б.]. Мудрик А.В. 1984.
Қарым-қатынастағы кез келген қажеттілік тұлға белсенділігінің қайнар көзі болып табылады. Қарым-қатынастағы қажеттілік – күрделі құрылымдық жиын, бізді екі құрылымы қызықтырды: эмоциялық байланыстағы қажеттілік және танымдық қажеттілік.
Тұлғалардың бірлескен іс-әрекетінде эмоциялық байланыс пен танымдық қажеттіліктің саны және олардың даму дәрежесіне байланысты әлеуметтік талаптарды ерекшелейтін белігі құрылымы бар: а) танымдық (когнитивті) талаптар, б) аффективті талаптар (обьектіні эмоциялық бағалауы, оған симпатия немесе антипатия сезімінің шығуы), в) мінез-құлықтық (конативті) талабы (мінез-құлқы бойынша қатынасы).
Қарым-қатынастағы бірлескен іс-әрекетте адамдардың кәсіби ортаға қалыптасуы және мінез-құлқындағы әлеуметтік өлшемдерін біле отырып, барлық адамдардың қоршаған ортаның міндеттерін орындауды талап ету - әлеуметтік функция болып табылады. Біз таксистің, сақшының, дәрігердің, оқытушының міндеттерін біле отырып, соған қатысты істерді байқаймыз.
Жалпыға мәлім, адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Басқа адамдардың келбеті мен мінез-құлқы бейнесінің сезім күйін түсіндіріп жеткізуде және олармен қарым-қатынастағы өзара әрекетті реттеуде адамның өмір сүру барысында жинақтаған еңбек, таным және қарым-қатынас тәжірибесі айрықша мәнге ие, ал бұл тәжірибе әрқашан жеке адамда өзіндік ерекшелікке ие және қарым-қатынас жасаушылар қашанда бірінен-бірі тұлғалар ретінде қандай да бір деңгейде ерекшеленеді. Сонымен қатар қарым-қатынас процесінде өзара әрекет етуші индивидтер бір мақсатты да, түрлі мақсаттарды да көздеуі мүмкін. Сондықтан қарым-қатынас – бұл өзара әрекеттестік жасаушылардың бір-біріне бірлескен іс-әрекетке және оның нәтижелеріне, өзіне деген арақатынастарының күрделі түйісуі және түсіну объективті бағалау қабілетінің айқын көрсеткіші болады. Қарым-қатынас адамдардың тұлғааралық байланыстары мен өзара әрекеттерін тікелей қалыптастыру процестерінде нақты қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады. Ол, Б.Г.Ананьев атап көрсеткендей, коммуникацияның белгілі бір, тарихи қалыптасқан және әлеуметтік қажетті түрлеріне қашанда сәйкес келеді және қоғамдық мінез-құлық өлшемдерімен реттеледі [104. ?]. Ананьев Б.Г. 1965
Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді [14. 35 б.]. Жарықбаев Қ.Б. Озғанбаев Ө.
Қарым-қатынасқа қабілеттілік тұлғаның мінез-құлық құрылымына, типологиялық қасиетіне байланысты. Олардың ішінде ұйымдастырушылық және коммуникативтік сапалары маңызды болып табылады. Ұйымдастырушылық және коммуникативтік сапаларының дамуы адамдармен білімді тұлғааралық қатынас құруға, олармен бірлескен іс-әрекетте өзара тиімді ықпал етуге мүмкіндік береді. Олар педагог пен тәрбиешіге, дәрігер мен психологқа, өндіріс әкімшілігі мен әскери басшыға, жалпы адамдармен жұмыс істейтін және олармен өзара әрекеттесетіндердің барлығына керек. Ұйымдастырушылық және коммуникативтік сапаларының дамуынсыз әлеуметтік сферадағы кәсіпкерді, менеджерді көз алдына елестету қиын.
Сөйлеу мәнері – бұл ауызша ақпарат беруде дауыс пен денені қатар қолдану, бұл біздің көріп және естіп тұрғанымыз. Сондықтан сөйлеу мәнері «терезе» деп қарастырған жөн, біз одан көрінетін сөзді байқаймыз. Егер ол сынық, қараңғы, жаман болса оны түсіну қиын, таза болғанда ғана әр аспектісінің мағынасын түсіну оңай. Батыс елдері мамандарының айтуы бойынша табыстың 7 % көшбасшының не айтқанына байланысты, ал 55% қалай сөйлегеніне, қалай көрінетініне, қандай әсер қалдыратынына байланысты. Имидж – табыстың бір құрамы. Егер сен адамдармен жұмыс істейтін болсаң, онда сен жылы шырайлы және күлімдеп жүруің керек. Мұны арнайы оқытып, үйретеді. Күлімдеу - өмірлік табыстың белгісі. Кейбіреулер американдық күлімдеуді формалды сыпайылық дейді. Шын дөрекіліктен, формалды сыпайылық артық.
Сенің сыртқы көрінісің – сенің бірініші мінезің екенін бала кезден есте ұстау керек. Киім - өзіндік саған тағылған атақ, ойың мен іс-әрекеттің образдық белгісі. Табысқа жету үшін сыртқы келбет ерекше болуы қажет. Олар адамға іскерлік пен сенімділікті ұялатады. Кез келген қызметкердің сыртқы келбеті аса керемет болмаса да көрнекілік, сенімділік түр беріп, қызметтің өркендеуіне ықпал етуі керек.
Е.Г. Злобинаның «Қарым-қатынас тұлғаны дамытатын фактор ретінде» деген еңбегінде қатынасқа түсу өндіргіш күштер өмір сүруінің қажетті шарты, «индивидтердің өзара байланысы ме өзара әрекетке түсуінде ғана шынайы күшке айналады»,- дейді. Демек өнім өндіру үшін адамдар қатынасқа түсуге мәжбүр. Мұнда индивидтер үшін материалдық өмір мақсатқа айналып, ал өндіріс еңбек құрал сияқты. Мұдай дамудың табиғи нәтижесінде индивидтер « өндіргіш күштердің өмір сүріп отырған жиынтығына өз іс-әрекеттерін. ғана меншіктемейді, олар оны өмір сүруді қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Осылайша индивидтің «өзіндік белсенділігін» тырп еткізбейтін « шектелген қатынаста болу» бірлескен іс-әрекет процесінде қоғамның тарихи дамуының бір кезеңі болып табылады. Негізінде «өзіндік белсенділік материалдық өмірмен байланысты, ол индивидтің дамуына үйлеседі. Дәл осындай үйлестік өзіндік белсенділіктің еңбекке айналуында және индивидтердің өзара қатынасқа түсуінде көрінеді» [105. 13 б.]. Злобина Е.Г. 1981
Қарым-қатынас қабілетінің болуы қай заманда болмасын адамның маңызды қасиеті саналған. «Бір адаммен сөйлессен – қуанасың, енді бірімен сөйлессең - қайғырасың» деген халық даналығы бекер айтылмаса керек. Оңай сөйлесіп, тіл табысып кететін адамдарға қызыға, ұната қарайтынымыз, тұйық, жұмған аузын ашпайтындарға көп жуи бермейтініміз де шындық.
Қарым-қатынаста тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктері мен адамгершілік қасиеттерін ескерген, есте ұстаған жөн. Адам психологиясын білу серігің туралы дұрыс көзқарастың қалыптасуына, не оның бойындағы кері, жағымсыз қылықтарды анықтауға, оның осы ұжымда жұмыс істеуге дайындығын білуге көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, адамның нақты іскерлік қарым-қатынасын анықтауға болады.
Іскерлік қарым-қатынас тұлғаның мынадай қасиеттеріне негізделеді: әділдік, шыншылдық, ұждан, өзіне жүктелген міндетті түсінуі.
Осы зерттеуімізде біз қарым-қатынас психологиясының негіздерін қарастырмақпыз. Себебі, қарым-қатынас мәселесі өміріміздегі ең өзекті мәселе, сондықтан оның сапасын арттыру да күн тәртібіндегі шаруа. Сонымен қатар қарым-қатынастың жемісті болуы тек білімге, оның әдістері мен тәсілдеріне ғана тәуелді деп ойламау керек, адамға деген дұрыс көзқарас, шынайы түсінушілік қарым-қатынас іргетасын қалайтынын да ұмытпағанымыз жөн.
Бірқатар елдерде жинақталған статистикалық мәліметтерге сүйенсек, адам өз өмірінің 70 пайызын өзгелермен қарым-қатынасқа жұмсайды екен. Біз өзара қарым-қатынаста бір-бірімізге көптеген ақпарат береміз; білімімізбен, тәжірибемізбен алмасамыз; өзіміздің мақсатымыз бен қызығатын дүниелеріміз туралы ой бөлісеміз; тәжірибе жинақтаймыз; білігімізді арттырамыз, салт-дәстүр, өзімізді дұрыс ұстау ережелерін үйренеміз. Алайда қарым-қатынас әрдайым сәтті бола бермейді. Көп жағдайда біз тығырыққа тіреліп жатамыз: бізді біреу түсінбей қалады; ал әлдекімді біз түсінбейміз; біреулермен дөрекі сөйлесеміз. Соның салдарынан көңіл-күйіміз түседі, неліктен бұлай болғанына таң қаламыз, ұғына алмаймыз. Жер бетінде қарым-қатынас кезінде қиындыққа жолықпаған бірде-бір адам жоқ болар, сірә. Жеке өмірімізде кіммен араласатынымызды өзіміз таңдағанымызбен, қызметте жақпайтын, ұнамайтын адамдармен де тіл табысуға, бірге жұмыс істеуге тура келіп жатады. Сондықтан оңай байланысқа түсуге үйрену керек. Қазіргі уақытта мекемелердің сыртқы-экономикалық байланыстары, шетел фирмаларымен іскерлік қатынастары елеулі кеңеюде, бірлескен мекемелер жасалуда. Қоғамдағы демократизация, адамдардың әлеуметтік белсенділігі, олардың жетекшілікке қатыстылығы, басқарудың командалық- әкімшілік әдістерінен ығысуы психология алдына жаңа міндеттер қойды. Мұндай міндеттердің бірі жетекшінің іскерлік қарым-қатынасын, оның ерекшелігі мен формаларын, сонымен қатар бірлескен іс-әрекетті жүзеге асыруда қатынас функциясын зерттеу болып табылады.
Іскерлік қарым-қатынасты зерттеу өзектілігінің тағы бір себебі бірлескен іс-әрекеттің өнім жиынтығын қалыптастыруда қарым-қатынас процесі рөлін көтеретін қазіргі өндірісті басқару жүйесінің көпдеңгейлілігі болып табылады. Іскерлік қарым-қатынас рөлін көтеру жағдайында бірлескен іс-әрекеті тиімділігінің маңызды шарттары ретіндегі тұлғааралық өзара әрекеттестік мәдениеті туралы сұрақ өзекті болып табылады.
М.И Тимофеев іскерлік қарым-қатынас іс-әрекет және қарым-қатынас категориясымен айырылмас байланыста болады, яғни «қарым-қатынас» категориясы адамның «субьект-субьект» қатынасының маңызды әлеуметтік тұрмыстық жағын ашады. Қарым-қатынас анықтамасы оның тұжырымдауында байланысқан қатынас бойынша адамдардың өзара әрекеттесуі, ақпарат алмасу және қатысушылардың бір - бірінің бейнесін өзіне қаратуы, қатынас, бірі-бірін қолдау, өзара ықпал ету, бірге уайымдау, өзара түсінісу, сонымен қатар бағытталған нақты мақсатқа қол жеткізуімен сипатталады [106. 6 б.]. Тимофеев М.И. Анализ 1991
Іскерлік қарым-қатынас іс-әрекеттер мен қарым-қатынас қатынастарымен үздіксіз байланысты. «Қарым-қатынас» категориясы адамның субъект- субъект әлеуметтік болмысының маңызды жақтарын ашады. Отандық психологтар тұжырымдаған қарым-қатынас анықтамасы оны қатынас орнатумен байланысты, ақпарат алмасу және қатысушылардың бір-бірлерін бейнелеуді енгізетін, қатынас, бір-біріне көңіл бөлу, өзара ықпал, ортақтасу, өзара түсіністік, сонымен қатар белгілі бір мақсаттарға бағыттылық ретінде сипаттайды (Г.М. Андреева, Л.И. Буева, Н.П. Ерастов, А.Г. Ковалев, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, В.Н. Мясищев).
Қарым-қатынасқа түсу өндіргіш күштер өмір сүруінің қажетті шарты, «индивидтердің өзара байланысы мен қарым-қатынасқа түсуінде ғана шынайы күшке айналады». Демек өнім өндіру үшін адамдар бірлескен іс-әрекетке түсуге мәжбүр. Ал еңбектің өзі белгілі бір тарихи кезеңде индивидтер үшін «өзіндік бірлескен іс-әрекеттің толықтай көру мүмкіншілігін» жоғалтады. Мұнда индивидтер үшін материалдық өмір мақсатқа айналып, ал өндіріс еңбек құрал сияқты. Мұдай дамудың табиғи нәтижесінде индивидтер « өндіргіш күштердің өмір сүріп отырған жиынтығына өз әрекеттеріне жату үшін ғана меншіктемейді, олар оны өмір сүруді қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Осылайша индивидтің «өзіндік белсенділігін» тырп еткізбейтін « шектелген қатынаста болу» қарым-қатыныс процесін дамытудың бір кезеңі болып табылады. Қоғамның тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде еңбек бөлінуі процесімен басталатын « шектелген қатынаста болу» индивидтердің уақытша бірігуі қызметін атқарады [105. 10 б.]. Злобина Е.Г. 1981
Шетел авторлары ұжымда басқарушылық ақпараттары бұзылыстарының объективті және субъективті факторларына, іскерлік қарым-қатынас барысындағы басшы мінез-құлық типтерін айқындауға, сонымен қатар іскерлік әңгіме және жиналыс жүргізудің нақты тәсілдеріне ерекше көңіл бөледі (И. Атватер, Дж.М. Джексон, П. Мицич, Д.Т. Кэмпбелл, Е.Д. Чепл және т.б)
Достарыңызбен бөлісу: |