Философия және Саясаттану факультеті Жалпы және этникалық психология кафедрасы



бет20/23
Дата26.04.2024
өлшемі96.18 Kb.
#499944
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
толык умкд карым-катынас Текстовый документ OpenDocument

2 жаттығу. Каузальды атрибуция.
Жаттығу ситуацияның жан-жақты анализін шығаруға, ой-өрісін кеңейтуді қалыптастыруға бағытталған. Жүргізуші белгілі бір жағдайды сипаттайды, мысалы: "Бір адам кенеттен басқа біреудің қойған сұрағына күтпестен дөрекі сауап берді" немесе "Дүкеннен келгеннен соң , сіз өзіңіздің үйіңіздің есігі ашық екендігін байқадыңыз". Саналы уақыттан ішінде осы фактылардың көптеген себептерін, болуы мүмкін түсініктемелерді айтуыңыз қажет. Себептер банальды болуы мүмкін.("есікті жабуды ұмытып кетті","ұрылар түсті"), бірақ сенімсіз жағдайларды да шетке қоюға болмайды. ("марсианның ұшуы")
Достарыңыздың арасында жаттығу үшін, көңіл көтеру үшін жеңіл әңгіме үстінде басқаларды мұқият тыңдап, оларды түсінуге тырысыңыз: неге?, не үшін әрбір қатысушы бұл туралы айтып отырғанын анықтаңыз. Ол шынымен көңілді болып отыр ма, әлде басқалардың көңіліне қарап жасандылық танытып отыр ма? Ол үндемейді- яғни, ол қызығушылық танытып отыр ма? Ол не үшін өзін басқаларға күлдіргі адам етіп көрсетеді? Топтық талқылаудың барысында жүргізуші берген себептер алгоритмін қолдануға болады. Бұл жағдайдың себептері іс-әрекеттің субъектісінде, оның субъектісі мен жағдайда болуы мүмкін. Бұл классификация бірден 3 түрлі бағытта себептерді іздеуге мүмкіндік туғызады. Бұдан басқа кез-келген жағдайдың себептері және жоспарлы немесе жоспарсыз, тұрақты немесе уақытша, жақын немесе алыстау болуы мүмкін. Осы әр түрлі классификациялардың қиылысу мүмкін тұстарын қарастырып, соның әр қайсысына бір-бірден себептен келтіру керек (мүмкін болған жағдайда) . Басында алгоритм карточка түрінде берілуі мүмкін (тармақпен бағаналарамен берілген кесте түрінде, бір бос торлармен және классификациялық ағаш түрінде): бұл бірте-бірте қатысушы танысқан кез-келген құбылыстың анализін жасаудағы көмектесетін сенімді ішкі қимыл болып табылады.
3 жаттығу. Бақылауға арналған жаттығу
Сабақты жүргізуге фотосуреттер мен суреттер қажет.
1. Суретке қарап кәрі адамның эмоционалдық көңіл-күйін анықтаңыз. (фотосуреттерде әр түрлі эмоционалдық көңіл-күйлер бейнеленген - рахаттану, қиыншылыққа кею, эмоционалды жанжалдағы күй, сәтсіздік, қулық т.б.)
2. Баланың эмоционалдық көңіл-күйін фотосуреттің көмегімен және арнайы суретке қосымша берілген мәтін арқылы анықта.
3. Ересек адамдар тобының эмоционалдық көңіл-күйін анықтаныз, сабақ уақыты үстіндегі сыныптың эмоционалдық көңіл-күйі, топтың ішіндегі жекеленген адамдардың эмоционалдық көңіл-күйін анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет