Тиімді салық жүйесін қалыптастыруда оны қалыптастыру қағидаларының маңызы зор. Салық салудың жалпыға ортақ қағидалары бар. Салық салу қағидаларын ең алғаш А. Смит 1776 ж. өзінің «Халық байлығының табиғаты мен себептері» атты еңбегінде атап өткен. Ол кейіннен «салық төлеуші құқықтарының декларациясы» деп аталып кеткен төрт маңызды қағиданы бөліп көрсетті: Тиімді салық жүйесін қалыптастыруда оны қалыптастыру қағидаларының маңызы зор. Салық салудың жалпыға ортақ қағидалары бар. Салық салу қағидаларын ең алғаш А. Смит 1776 ж. өзінің «Халық байлығының табиғаты мен себептері» атты еңбегінде атап өткен. Ол кейіннен «салық төлеуші құқықтарының декларациясы» деп аталып кеткен төрт маңызды қағиданы бөліп көрсетті: - біркелкілік қағидасы азаматтардың табыс мөлшерлеріне сәйкес салық төлеуге бірдей міндетті болуымен байланысты; - айқындық қағидасы төлем сомасы, әдісі мен уақыты айқындалған және салық төлеушіге алдын ала белгілі болуы тиіс екендігін білдіреді; - қолайлылық қағидасы бойынша салықтар салық төлеуші үшін қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс; - арзандық қағидасына сәйкес салық төлеушінің салық төлеумен және мемлекеттің салық алумен байланысты шығындары минималды болуы тиіс. - Салық жүйесі – бұл берілген елде заңмен белгіленген барлық салықтардың жиынтығы, оларды қалыптастыру, есептеу әдістері мен қағидалары, салықтық бақылау.
- Қазіргі заманғы салық жүйесін құруда елдің ішкі ұлттық қағидалары ескеріледі. Сол қағидалар негізінде мемлекеттің типіне, саяси режиміне және экономикалық базистің мүмкіндіктері мен қалыптасқан әлеуметтік даму жағдайларына қарай салықтық концепциялар жасалып, салық механизмінің әрекет ету шарттары құрылады.
- Салық жүйесі иілімді және сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге тез бейімделгіш болуы тиіс. Ол бірінші кезекте ЖІӨ-нің қайта бөлінуін қамтамасыз етіп, мемлекеттің экономикалық саясатының тиімді құралы ретінде қызмет етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |