Фискалдық функциясы салықтар мемлекеттік бюджет кірісінің басым құрамдас бөлігі болуымен байланысты реттеуші қызметі


Шағын бизнес субъектілері салықты есептеу мен төлеудің, сонымен қатар олар бойынша салық есептілігін ұсынудың төменде келтірілген тәртібінің бірін ғана таңдауға құқылы



бет3/8
Дата19.05.2022
өлшемі148.32 Kb.
#457361
1   2   3   4   5   6   7   8
Салық салу жүйесі

Шағын бизнес субъектілері салықты есептеу мен төлеудің, сонымен қатар олар бойынша салық есептілігін ұсынудың төменде келтірілген тәртібінің бірін ғана таңдауға құқылы:

  • шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі, оған кіретіндер :
  • - патент негізінде арнайы салық режимі;

    - оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі.

  • шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимі;
  • ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, балық шаруашылығы өнімін өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнайы салық режимі;
  • жалпы белгіленген режим.

Біркелкі жиынтық төлем (единый совокупный платеж) 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді:

Біркелкі жиынтық төлем (единый совокупный платеж) 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді:

  • республикалық, облыстық деңгейдегі қалалар, елорда үшін 1 АЕК (2917 тг);
  • басқа елді мекендер үшін 0,5 АЕК.
  • Біркелкі жиынтық төлем (единый совокупный платеж) келесі тәртіппен бөлінеді:

  • Жеке табыс салығы (10% бюджетке);
  • Әлеуметтік аударым (20% ӘСМҚ-на (ГФСС));
  • Зейнетақы аударымы (30% БЖЗҚ (ЕНПФ));
  • МӘМС аударымы (40% міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына (ФСМС)).
  • Біркелкі жиынтық төлем келесі әрекет түрлерін жүзеге асырған жағдайда қолданылады:

  • қызмет көрсету (тек жеке тұлғаларға!);
  • өзінің жеке шаруашылығында өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін сату (тек жеке тұлғаларға!)

Салық кезеңіндегі салықтың шегі

  • Біркелкі жиынтық төлем (ЕСП) – 1 175 АЕК
  • Патент негізінде – 3 528 АЕК
  • Оңайлатылған декларация негізінде – 24 038 АЕК

Арнаулы салық режимiн қолдануға құқығы жоқ:

  • 1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;
  • 2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкiлдiктерінің;
  • 3) әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектілері бар салық төлеушiлердің;
  • 4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалардың;
  • 5) құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режімін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың;
  • 6) агенттік шарттардың (келісімдердің) негізінде қызмет көрсететін салық төлеушілердің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет