Мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушілердің шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолдануға құқығы жоқ.: - 1) акцизделетін тауарларды өндiруге;
- 2) акцизделетін тауарларды сақтауға және көтерме саудада өткiзуге;
- 3) мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуге;
- 4) лотереялар өткізуге;
- 5) жер қойнауын пайдалануға;
- 6) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;
- 7) түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге;
- 8) консультациялық қызметтер көрсетуге;
- 9) бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметке;
- 10) сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметіне және делдалдық қызметіне;
- 11) құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметке
КОРПОРАТИВТІ ТАБЫС САЛЫҒЫ
Салық салынатын табыстан ұсталатын КТС
|
20%
|
Заңды тұлғалардың - ауыл шаруашылық өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген аталған өнімді қайта өңдеу мен өткізу, жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ мұндай қайта өңдеу өнімдерінен алынған салық салынатын табысынан ұсталатын КТС
|
10%
|
Бейрезиденттердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын табыстардан ұсталатын КТС
|
15%
|
Бейрезиденттердiң табысынан сақтандыру тәуекелдер шарттары бойынша сақтандыру сыйақылар, құн өсімі, дивиденттер, сыйақылар, роялти түріндегі табыстар бойынша төлем көзінен ұсталатын КТС
|
15%
|
Бейрезиденттердiң табысынан тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары және халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін табыстар бойынша төлем көзінен ұсталатын КТС
|
5%
|
ҚР қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның таза табысынан ұсталатын КТС
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |