Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы


Айнымалы ток тiзбегiндегi индуктивтiлiк



бет48/79
Дата14.10.2022
өлшемі1.39 Mb.
#462715
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79
Ôèçèêà æ íå àñòðîíîìèÿ ï í³íå àðíàë àí Á³ë³ì áåðó êîäû æ íå áåé³

Айнымалы ток тiзбегiндегi индуктивтiлiк


Айнымалы ток тiзбегiндегi L индуктивтi катушканы қарастыралық ( 2.7 – сурет ). 



2.7 - сурет
Бұл кедергiсi елеместей аз сымнан оралған идеал катушка болсын делiк. Осы катушка арқылы өтетiн ток
i = Imcos ωt (2.19)
гармониялық заңдылығымен өзгерсе, онда туындылайтын өздiк индукция ЭҚК-i
ε s = -Li" = ωLImsin ωt (2.20)
Ал катушканың актив кедергiсi елеместей аз болғандықтан өздiк индукция ЭҚК-i катушканың ұштарындағы кернеуге шамасы жағынан тең, ал таңбасы қарама-қарсы болады, яғни



(2.21)

Жоғарыдағы(2.19) және (2.21) өрнектерiнен катушканың ұштарындағы кернеудiң фазасы сәйкес токтың фазасынан π/2 – ге iлгерi отыратындығы көрiнiп тұр. Кернеу мен ток күшi арасындағы бұл байланыс мына жерде де келтiрiлген.
Тiзбектегi кернеудiң амплитудалық мәнi Um= ωLI m, ал кернеудiң амплитудалық мәнiнiң токтың амплитудалық мәнiне қатынасы индуктивтiлiк кедергінi бередi, яғни



(2.22)

Индуктивтiлiк кедергiсi тұрақты шама емес, ол да сыйымдылық кедергiсi тәрiздi айнымалы токтың жиiлiгiнен тәуелдi.
Ток пен кернеудiң арасында фазалар ығысуы болғандықтан индуктивтi катушкада бөлiнетiн қуаттың толық бiр период кезiндегi орташа мәнi нөлге тең болады.

Айнымалы ток тiзбегi үшiн Ом заңы


Бiр-бiрiмен тiзбектей жалғанған актив кедергiден, сыйымдылықтан және индуктивтi катушкадан тұратын айнымалы токтың толық тiзбегiн қарастыралық ( 2.8 – сурет ).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет