«Физика пәнінен есептер шығару әдістемесі» 10-11 сыныптары үшін


Өздік жұмыстарды ұйымдастыру



бет5/8
Дата06.05.2023
өлшемі268.77 Kb.
#473311
1   2   3   4   5   6   7   8
000387d2-c3ccd69a

Өздік жұмыстарды ұйымдастыру
Өөздік жұмыс оқушылардың өз бетімен нақты физикалық заңдар мен теорияларды, іргелі физикалық заңдарды, физиканың методологиялық ұстанымдарын, сонымен қатар оқушылардың профильдік білім алуына бағытталған әртүрлі есептер жинағынан эксперименттік, теориялық және санау әдістерін қолдана отырып шығарылған дидактикалық есептер кешенін құру.


Білім сапасын меңгерудегі аралық аттестациялау
Аралық аттестация жазбаша бақылау (тест) жұмыстары ретінде алынады. Тексеру жұмыстары нақты бір тараудың бөлімінен алынған бірнеше есептерден құралады. Курсты өту барысында алған білімдерін бақылап және бекітіп отыратын оқыту және тексеру тесттік тапсырмалары жоспарланады. Оқушылардың білім білік бағалары орындалған практикалық және зерттеу жұмыстары нәтижелері, эксперименттік, теориялық және санау есептерін қорғауда қатысқандықтарымен анықталады.


Қорытынды аттестация
Курс қорытындысы оқушылардың нақты физикалық теория заңдылықтарын, іргелі физика заңдарын, теориялық және есептеу физикасының практикалық қолданылуын білуімен сынақ арқылы аяқталады. Оқушылардың біліктілік дағдыларын әртүрлі берілген есептер арқылы тексеріледі.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

  • есеп шығаруда әртүрлі әдістерді қолдану, негізгі алгоритмдер бойынша білімдерін кеңейту;

  • таным қызығушылықтарын, интелектуалды және шығармашылық қабілеттерін өз беттерімен білім ала отыру тәжірибесі негізінде жаңа ақпаратты талдау және бағалауды дамыту;

  • оқушының кәсіптік іс-әрекетіндегі немесе профильдік оқытудағы өзін-өзі анықтауы;

  • Физикалық, математикалық зерттеу әдістемелері және физиканың дүниетанудағы рөлі туралы көзқарастарын қалыптастыру.



Курс мазмұнын меңгеру деңгейіне қойлатын талаптар:


Оқушылар білу қажет:

  • физикалық құбылыстарды талдау;

  • шешімдерін айта білу;

  • алған жауаптарына талдау жасау;

  • берілген есептерді топтастыра білу;

  • қарапайым есептерді құра білу;

  • қиындығы орта деңгейдегі есептерді шығарудағы алгоритмін тәртіппен орындау және әрбір кезеңдерін түсіндіре білу;

  • есеп шығаруда тиімді жолын таба білу;

  • кіріктірілген есептерді шығара білу;

  • аналитикалық, графикалық, эксперименттік және т.б. түрлі әдістермен есептерді шығара білу;

  • өзін-өзі бақылау және бағалау әдістерін меңгеру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет