«Физика пәнінен есептер шығару әдістемесі» 10-11 сыныптары үшін


Электромагниттік тербелістер мен толқындар (14 сағ)



бет4/8
Дата06.05.2023
өлшемі268.77 Kb.
#473311
1   2   3   4   5   6   7   8
000387d2-c3ccd69a

Электромагниттік тербелістер мен толқындар (14 сағ)


Электромагниттік индукция құбылысына есептер: электромагниттік индукция заңы, Ленц ережесі, индуктивтілік.
Айнымалы тогын сипаттайтын есептер: айнымалы тоғының сипаттамалары, электр машиналар, трансформатор.
Электромагниттік толқындардың қаситеттеріне есептер: жылдамдық, шағылу, сыну, интерференция, дифракция, поляризациясы.
Геометриялық оптикадан есептер: айналар, оптикалық аспаптар. Салыстырмалылық теориясына есептер және оларды шығару мысалдары. Есептерді құру мақсатында мектептен тыс мекемелермен танысу.
Жобалы есептер: белгілі сыйымдылығымен жазық конденсатор, әр түрлі тербелістегі генераторлар, электрэнергияны қашықтықтарға жеткізу моделі және т.б.


Кванттық физика (4 сағ)
Стефан-Больцман және Вин заңдарына есептер. Рентген сәулелерінің медицинада қолданылуына жоба қорғау. Жарықтың қысымы. Жобалы есептер: жарықтың кванттық есептер.
Атомдық физика (4сағ)
Бальмер формуласын қолдануға арналған есептер. Де Бройль толқындары. Сызықтық емес оптика. Радиактивті ыдырау заңы. Радиактивті заттың активтілігі.


Оқу материалының мазмұнын таңдау мен ұйымдастыру ұстанымдары



  • мазмұн міндеттерінің уақыт тексеруінен өткен классикалық физика деңгейімен сәйкестігі, физикалық теориялардың нақты заңдары, фундаментальды физикалық заңдары, физиканың әдістемелік ұстанымдары, сонымен қоса эксперименттік, теориялық және есептеу физикасының қолданылу негізінде жүзеге асырылатын әртүрлі бөлшектер дәрежесіндегі оқытылатын нысандардың физикалық және математикалық модельдерін шешу үрдісінде құрылым мүмкіндіктерімен сәйкестігі;

  • мазмұны мен формасының физика бойынша мемлекеттік бағдарлама талаптарының міндеттеріне сәйкестігі;

  • есептер қаралатын бақылаудағы құбылыс зерттеуінің шарттарын талдауға оқыту мүмкіндігі;

  • міндеттер мен әдістер мазмұны арқылы олардың шешілу шеңбері болатын адекватты стильдегі ойлау, табиғат құбылыстарын оқудағы ғылыми қатынас және ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру мүмкіндігі;

  • ғылыми дүниетанымдарын және өмірлік жағдаяттарын дамыту.

Ұсынылатын курс мұғалім мен оқушы әрекетінің келесі кезеңдері қадағаланатын оқытудағы коммуникативті зерттеу қатынасына бағытталған: мұғалім мен оқушының физикалық мәселелі жағдаят құрудағы немесе тақырып бойынша міндеттер таңдау әрекеттері бойынша бірлескен жұмысы → табылған мәселелі жағдаятты талдау → мәселелердің физикалық бөлімдерін нақты формулалау → болжамдар шығару → модельдер әзірлеу (физикалық, математикалық) → бақыланатын құбылыстың эксперимент кезінде даму нәтижелерін болжау → болжамдарды тексеру мен түзету → шешімдерін табу → шешімдерді тексеру мен талдау → физика курсынан оқыған бұрынғы тақырыптар, сонымен қоса басқа жаратылыстану – ғылыми циклы пәндері бойынша тақырыптар және оқитын тақырып бойынша басқа мәселелер (міндеттер) қою және шешу үшін алынған нәтижелерді қолдану бойынша ұсыныстар мағыналық бағалау.


Оқыту құралы
Қолданбалы курсты оқытудағы негізгі оқыту құралдары болып:

  • Физикалық аспаптар.

  • Графикалық кесінділер, сызбалар және т.б.

  • Дидактикалық материалдар.

  • Электрондық оқулықтар.

  • Ақпараттық құралдар (түрлі сайттар, энциклопедия, газет, журнал. . .).

  • Жоғары сыныптарға арналған оқу құралдары.

  • Физикадан оқу құралдары, есептер жинағы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет