«Физика пәнінен есептер шығару әдістемесі» 10-11 сыныптары үшін


Газ, сұйық және қатты денелердің құрылысы және қасиеті (6 сағ)



бет3/8
Дата06.05.2023
өлшемі268.77 Kb.
#473311
1   2   3   4   5   6   7   8
000387d2-c3ccd69a

Газ, сұйық және қатты денелердің құрылысы және қасиеті (6 сағ)


МКТ -ң негізгі қағидаларына және теңдеулеріне сапалық есептер. Идеал газ тақырыбына: МКТ-ның негізгі теңдеуіне, молекула жылдамдығын табуға, изопроцестердегі газ күйлеріне.
Бу қасиеттеріне есептер: Менделеев - Клапейрон теңдеуін қолдану, будың кризистік күйі. Беттік қабаттар қасиеттеріне есептер; беттік керілу күшінің жұмысы, капилярлық құбылыстар, сабын көпіршіктеріндегі қысымы. Ауа ылғалдылығын анықтайтын есептер.
Қатты денелердің механикалық қасиеттеріне есептер: абсолюттік және салыстырмалы ұзаруы, жылулық ұлғаюы, беріктік шегі, серпімділік күші.
Сапалық және сандық есептер. графикалық және эксперименттік есептер, тұрмыстық мазмұндағы есептер.


Термодинамика негіздері (6 сағ)


Термодинамиканың бірінші заңына есептер. жылу қозғалтқыштарына есептер. Есептерді құру мақсатында мектептен тыс мекемелерге бару.
Жоба есептер: газ термометрінің моделі, берілген қысымға сақтандырғыш қақпақ моделі; жылу машиналар моделі; жұқа капилляр радиустарын анықтауға практикалық жобалар.


Электр және магнит өрістері (5 сағ)


Әр түрлі әдістермен электр өрісін сипаттайтын есептер: зарядтың сақталу және Кулон заңдары, күш сызықтары, кернеулік, потенциалдар айырымы, энергия. Конденсаторлар жүйесін құруға есептер.
Магнит өрісін және оның әрекетін сипаттайтын есептер: магнит индукция және магнит ағыны, Ампер, Лоренц күштері. Электрометр, соленоид және басқа құралдар қолданыумен эксперименттік сапалы есептер шығару.


Әр түрлі ортадағы тұрақты электр тогы (9 сағ)


Күрделі тізбектегі кедергіні анықтауға арналған есептер: электр тізбегін сипаттау, тізбек үшін Ом заңы, Джоуль – Ленц заңы, электр тізбегіне өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғау, Кирхгоф ережесі, ЭҚК-ні есептеу. Тізбек бөлігінің кедергісін өзгерткен кездегі электр құралдарының көрсеткіштерін анықтауға эксперименттік есептер.
Металл, электролит, вакуум, газ, жартылайөткізгіштердегі электр тоғын сипаттайтын есептер: заряд тасымалдаушылардың, құбылыстардың сипаттамасы және т.б.. сапалы, эксперименттік, мәтінді, техникалық мазмұнымен, аралас есептер.
Жобалы есептер: сұйқты берілген температураға дейін жылыту құрал, элетромагниттік релесі бар құралдың моделі, өлшеуіш приборлардың моделі, «қара жәшік» моделі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет