«Физика пәнінен есептер шығару әдістемесі» 10-11 сыныптары үшін


Физикалық есептер. Есептерді топтастыру (4 сағ)



бет2/8
Дата06.05.2023
өлшемі268.77 Kb.
#473311
1   2   3   4   5   6   7   8
000387d2-c3ccd69a

Физикалық есептер. Есептерді топтастыру (4 сағ)


Физикалық есеп дегеніміз не. Физикалық есеп құрылымы. Физикалық теория және есептерді шешу. Оқытудағы және өмірдегі есептің мағынасы.
Есептерді мазмұнына, талаптарына, берілу тәсілі мен шығарылуына қарай топтастыру. Барлық түрдегі есептерге мысалдар.
Физикалық есептерді құру. Есептерді құрудағы қойылатын негізгі талаптар. Физикалық есептерді құрудағы тәсілдер мен тахникасы. Есептердің барлық түрлеріне мысалдар.


Физикалық есептерді шешу тәртібі мен тәсілдері (6 сағ)


Физикалық есептерді шешудегі жалпы талаптар. Физикалық есептерді шешу кезеңдері. Есептің мәтінімен жұмыс. Физикалық құбылыстарға талдау; есепті шығару жоспары. Жоспарды орындау. Есептеулер жүргізу. Есептеулерге арналған есептеу техникасын қолдану. Шешімді талдау және оның маңызы. Шешімін рәсімдеу.
Физикалық есептерді шешуде және рәсімдеуде кездесетін жалпы қателіктер. Есептерді шешу мысалдарын оқып үйрену. Есептерді шешудің түрлі әдістері мен тәсілдері: алгоритмдер, ұқсастықтар, геометриялық тәсілдер. Түрлі әдістер, графикалық шешулер және т.б.


Динамика (8 сағ)


Механика есептерінің координаттық шешу тәсілі. Динамиканың негізгі заңдарына есептер шығару: Ньютон заңдары, тартылыс заңдары, серпімділік, үйкеліс, кедергі күштері. Материялық нүктенің қозғалысы, денеге түсірілген бірнеше күштің әсері.
Физикалық жүйелердің тепе-теңдігін анықтайтын есептер. Салыстыру принципіне есептер: әр түрлі инерциалды санақ жүйесіндегі денелердің қозғалысына кинематикалық және динамикалық сипаттағы.
Түрлі есептерді таңдау, құру және шығару: мәтіндік, эксперименттік, сандық, сапалық, техникалық және өлкетану, әскери- техникалық мазмұнындағы. Есептерді құру мақсатында мектептен тыс мекемелермен танысу.


Сақталу заңдары (8 сағ)


Механика есептерінің түрлері: кинематика, динамика және сақталу заңдарың қолдану. Реактивті қозғалыс және импульстің сақталу заңдарына есептер. Жұмысты және қуатты анықтауға есептер. Энергияның айналу және сақталу заңдарына есептер.
Есептер шығаруда түрлі әдістерді қолдану. Берілген нысандар мен құбылыстарға есептер құру. Шығарылған есептерді өз ара тексеру. Олимпиада есептерімен танысу және шығару әдістері.
Жоба есептері: акселерометр моделі, Фуко маятнигінің моделі, өздігінен қозғалатын арбалар жобасы, салмақсыздықты бақылайтын құрылғылар жобасы, авто тербелмелі жүйелер моделі және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет