«Физика пәнінен күрделі есептер шығару жолдары»


Жарықтың сыну заңы тақырыбына арналған жадынама



бет16/17
Дата21.12.2023
өлшемі1.54 Mb.
#487471
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
«Физика пәнінен күрделі есептер шығару жолдары»

Жарықтың сыну заңы тақырыбына арналған жадынама

  • Екі ортаны бөлетін шекарасында жарық сәулесі шағылады да , сынады да, яғни энергиясының бір бөлігі бір ортадан екінші ортаға көшеді.

  • Жарық жылдамдығы аз болатын ортаны – оптикалық тығыздығы үлкен орта деп, ал жарық жылдамдығы үлкен болатын ортаны- оптикалық тығыздығы кіші орта деп атайды.

  • Жарық жылдамдығы үлкен болатын ортадан, жылдамдығы кіші болатын ортаға өткенде сыну бұрышы түсу бұрышынан кіші болады. Жарық жылдамдығы кіші болатын ортадан жылдамдығы үлкен болатын ортаға өткенде сыну бұрышы түсу бұрышынан үлкен болады.

  • Құрылымдық талдауды төмендегі блок – сызба арқылы өткізуге қолайлы.

  • Жарық оптикалық тығыздығы үлкен ортадан тығыздығы кіші ортаға көшкенде түсу бұрышы шекті бұрыштан аспайды, себебі сыну бұрышының синусы бірден үлкен болмайды.

  • Егер сәулелер шекті бұрышпен шекараға түссе, онда сыну бұрышы , және сыну заңы бойынша

  • Егер түсу бұрышы , онда толық шағылу құбылысы байқалады. Осы кезде жарықтың түгел энергиясы тығыздығы үлкен ортаға шағылады.

  • Вакуумдағы жарық жылдамдығы ауадағы жарық жылдамдығына шамалас болғандықтан, жарықтың ауадан кейбір басқа ортаға өткендей сыну көрсеткішті, вакуумнан сол ортаға өткендегі сыну көрсеткішін алуға болады.

Жіңішке линзаның формуласы
тақырыбы бойынша есептер шығару алгоритмі

  1. Сызбада линзаны, басты оптикалық өсті, негізгі сипаттау нүктелерді салыңдар.

  2. Сәулелер жолын салып, нүктенің (дененің) кескінің алыңдар.

  3. d, f, F қашықтықтарды байланыстыратын жіңішке линзаның және үлкейтудің формулаларын жазыңдар.

  4. Қажет болса қосымша қатынастарды, формулаларды қолдану қажет.

  5. Анықталатын шамаға байланысты теңдеуді шешіңдер.

  6. Нәтижені талдап жауапты жазыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет