371. Еліміздегі тамақ өнеркәсібінің басты дамыған салалары: ұн, нан, ет, қант, кондитер, балық, шарап жасау т.б. 372. Тамақ өнеркәсібі салаларының дамуына әсер етуші негізгі факторлар: 1. Шикізат көздері 2. Тұтынушылар 373. Шикізат көзіне жақын: қант, консерв, май шайқау, спирт 374. Тұтынушыға жақын: наубайхана, кондитер, макарон, сыра қайнату 375. Шикізат көзіне де, тұтынушыға да жақын орналысатын салалар: ет, темекі, ұн тарту, шарап жасау 376. Қазақстан өнеркәсібінің ең ірі саласы: ет өнеркәсібі 377. Жан басына шаққанда әрбір Қазақстандық жылына неше кг ет тұтынады: 40,9 кг 378. Қазақстандағы ірі ет комбинаттары: Семей, Алматы, Орал, Петропавл, Қызылорда 379. Қазақстандағы ірі ет комбинаты орналасқан: Семей қаласында 380. Негізгі ет өндіретін аудандар: Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан 381. Тамақ өнеркәсібінің маңызды болып саналатын екінші саласы: ұн тарту 382. Ұн тарту зауыттары орналасқан: Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан 383. Макарон зауыттары орналасқан: Алматы, Қарағанды, Семей, Шымкент, Петропавл 384. Қант зауыттары қант қызылшасы өсірілетін аудандарға жақын орналасу себебі: қант шикізат көзіне жақын орналастын сала болғандықтан 385. Қант зауыттары орналасқан: Алматы, Жамбыл облыстары, Тараз, Боралдай (шақпақ қант), Шу, Мерке 386. Тамақ өнеркәсібінің үшінші саласы: сүт өнеркәсібі 387. Сүт зауыттарының ірілері орналасқан: Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шымкент 388. Май шайқау, сыр қайнату зауыттары орналасқан: Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Қазақстан 389. Балық өнеркәсібі дамыған аудандар: Атырау (Балықшы), Баутино, Зайсан, Балқаш 390. Балық консервлерін шғаратын зауыттар орналасқан: Атырау, Балқаш