Физикалық кеш «Қызықты физика»


«Заряд» тобының таныстыруы



бет2/3
Дата02.12.2023
өлшемі18.65 Kb.
#485192
1   2   3
Физикалық кеш «Қызықты физика»

2. «Заряд» тобының таныстыруы:
Біздің топта 3 оң заряд пен 3 теріс заряд бар.
Күнде бұл зарядтар бейберекет қозғалыста болады(Қоңырау кезінен көрініс)
Бұл зарядтар бір-бірімен өзара әсерлеседі.(Ұл мен қыздардың бір-бірімен құшақтасуы, амандасуы, араласуы)
Бұл зарядтардың ішіндегі активті, физикалық қасиеттері ерекше бөлшектермен таныс болыңыздар:
Назымды сипаттайтын болсақ көзі пішінді, көлемі үлкен. Оң зарядталған. Ішкі және сыртқы энергиясы тез өзгеріп отырады. Тыныштық күйді ұнататын, жұмыс пен пайдалы іс көп атқаратын белсенді заряд.

Ақерке –«+» зарядты тірі бөлшек.Көзінің өтімділік қабілеті өте күшті.Бір күні кітап оқып отырып, басына алма құлап түседі.Сонда ол мына заңды ашты: «Алма-алма ағаштан алысқа құламайды»

Азиза-бойының биіктігі 2метрге жуық.Жүрісі-уақыт өтуімен өзгеріп отырады.Заряды 1-2-3 сабақтарға ғана жетеді,7-8 сабақта қайта зарядталады.Мінезі салмақты.
Алтынай-ұзындығы 1м 60 см .Дауысы өте жоғарғы жиілікті толқын болып табылады.Сөйлеген сөзінің жылдамдығы вакуумдағы жарық жылдамдығымен тең, сағатына 300000км/сағ,топқа пайдалы әсер коэфициенті 100 %.
Индира-шашының ұзындығына қарасақ, оң заряд па теріс заряд па белгісіз,бейтарап деп айтамыз.Магнит өрісі әлсіз.
Шарбат-еркін зарядталған, тұрақты, көңілді бөлшек. Жалқаулыққа кері пропорционал.

3. «Атом» тобының таныстыруы:
Біздің топ: Атом
Біз атом командасымыз. Біз құрылысамыз. Біз ядродан және сыртық электрон қабатынан тұрамыз. Ядромызды құрап тұрған нейтрон-Жаңылсын, Сұлутас, ал протон-Айжан мен Аяжан. Олардың массаалары өзара тең. Бұл ядроны құраушылар оң зарядталып келіп, әрдайым қозғалыста болады. Ал ядроның сыртын электрондар- Әлиасқар мен Руслан қаптайды. Олардың заряды теріс. Оларда тынымсыз қозғалыста болады. Біз бәріміз бірігне отырып «атом» командасын құраймыз. Атом сөзі гректің «бөлінбейтін» деген мағынаны береді. Сондықтан , біз осы сайыста бөлінбей, бірлікті ту ете отырып жеңіске жетпекпіз.
Атом- оң зарядталған протондар мен теріс зарядталған электрондардан тұрады. Бұл бөлшектер бейберекет қозғалыста болады. Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі.

ІІ кезең жорға кезеңі.

Жорға, жорға жорғалашы, жорға, жорға жорғала …
«Күш» тобынан бастайық. Топ мүшелерін ортаға шақырамыз
10 сұраққа жауап беруге дайынбыз ба?


  1. Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі – (кристалдану, қатаю)

  2. Тұтас алғанда атом заряды? – (бейтарап)

  3. Тоқ күшін өлшейтін құрал – (ампермерт)

  4. Қуатты өлшем бірлігі – (Ватт)

  5. Жылдамдықтың өлшем бірлігі– (м/с)

  6. Еркін түсу үдеуі неге тең – (9,8 м/с)

  7. Толқын ұзындығы қандай әріппен белгіленеді – (λ)

  8. 1 мкКл қанша Кулонға тең?

  9. 1 литрде қанша метр куб бар?

«Заряд» тобына сұрақтар:

  1. Заттың сұйық күйден, газ күйіне өтуі – (булану)

  2. Атомның теріс зарядталған бөлшегі – (электрон)

  3. Кернеуді өлшейтін құрал – (вольтметр)

  4. Тоқ күші кернеуге тура пропорционал, кедергіге кері пропорционал кімнің заңы – (Ом заңы)

  5. Заттың үш күйі – (қатты, сұйық, газ)

  6. Зарядтың, тоқ күшінің периодты өзгерістері не деп аталады – (электромагниттік тербелістер)

  7. Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы неге тең – (300 000 км/сағ)

  8. Мөлдір емес денеден өтетін сәуле – (Рентген сәулесі)

  9. Ньютонның І-заңы не деп аталады – (Инерция)

  10. Циклдік жиілік қандай әріппен белгіленеді – (ω)

«Атомдар» тобына сұрақтар:



  1. Ядроның бейтарап бөлшегі – (нейтрон)

  2. Электр зарядының өлшем бірлігі – (Кулон)

  3. Катушкадан, конденсатордан тарайтын тербелмелі жүйе не деп аталады – (тербелмелі контур)

  4. Жиіліктің өлшем бірлігі – (Герц)

  5. Ең алғаш радионы ойлап тапқан кім – (Попов)

  6. Толқын түрлері – (қума және көлденең)

  7. Бөлінбейтін бөлшек – (атом)

  8. Денеге әсер етуші күш дене массасы мен үдеуінің көбейтіндісіне тең кімнің заңы – (Ньютонның ІІ-заңы)

  9. Тербелістің ең үлкен ығысуы не деп аталады – (Амплитуда)

  10. 2,5 МПа қанша Паскальға тең? /2,5*106/

ІІІ – кезең. Бұл фокус емес, бұл физика деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет