Физикалық кеш «Қызықты физика»


Тәжірибе - физика ілімінің атасы” деп



бет3/3
Дата02.12.2023
өлшемі18.65 Kb.
#485192
1   2   3
Физикалық кеш «Қызықты физика»

Тәжірибе - физика ілімінің атасы” деп Г.Галилей айтып өткендей топтар өздері үйден дайындап келген тәжірибелерімен алмасады. Көрсеткен тәжірибелерін түсіндіреді.
«Күштер» (стакандағы су, қағаз )
«Зарядтар»( стакан, жылы су, тұз, жұмыртқа, қасық )
«Атомдар» (бутылка, жұмыртқа, қағаз, сіріңке. Бутылкаға жұмыртқаны салу )

ІV – кезең. «Физика қиын, ашиды миың» (пән туралы әзілдер)

Көрермендерге сұрақтар:
Ғарышкерлер күні қашан? (12 сәуір)
Қияр ыстық суда әлде суық суда тез тұздала ма? (Ыстық. Диффузия ыстық суда тез тарайды)
Үстіне құм, не күл сепсек қар тез ериді, неге? (Қара түс күн сәулесін тез жұтады )
Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)
Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ))

V – кезең. Капитандар сайысы.

3 – капитанға 3 әннің мәтіні беріледі.
1- тапсырма. Осы әннің бір шумағын орындау немесе орындаушыны айту.
2- тапсырма. Әнде кездескен сөздердің физикалық мағынасын ашу.
1. Желсіз түнде жарық ай…(Жарықтың шағылу құбылысы)
2. Тыныш еді өмірім…(Инерция заңы)
3. Жұлдызды түнде шаттанамын…(Жұлдыздардың ашық күндері жарқырауы физикалық құбылыс)

VІ – кезең. Пантомимо – карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсету, қарсылас топ оның қандай құбылыс екенін көрсетеді.


1. Зарядтардың бірін – бірі тарту және тебу құбылыстары.
2. Деформация
3. Броундық қозғалыс
4. Өткізгіштерді қосу
5. Үйкеліс күші
6. Денелердің тартылысы

Сайыс өз мәресіне жетті.


Сөз кезегі әділ қазыларда. . .

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет