Физикалық шаманың өлшемі, Қр ст 1-2000 деп берілген мөлшердегі


Өлшеу құралдарының жіктелуі



бет4/7
Дата13.04.2024
өлшемі38.02 Kb.
#498574
1   2   3   4   5   6   7
Өлшеу құралдары 2

Өлшеу құралдарының жіктелуі.
Өлшеу құралдары стандартталған және стандартталмаған болып бөлінеді.
Стандартталған өлшен құралдары – стандарттардың талаптарына сәйкес жасап шығарылған және қолданылатын өлшеу құралдары.
Стандартталмаған өлшеу құралдары – бұл өлшеу құралдары талаптарды стандарттау қажет емес деп есептеледі (нецелесообразно).
Жұмыс істеу принципы бойынша өлшеу құралдары бөлінеді:

  • механикалық өлшеу құралдары;

  • физика-химиялық өлшеу құралдары;

  • электрлік өлшеу құралдары;

  • оптикалық өлшеу құралдары.

Түрлері бойынша өлшеу құралдары бөлінеді:

  • өлшемдер;

  • өлшегіш аспаптар (приборы);

  • өлшегіш қондырғылар;

  • өлшегіш машиналар;

  • өлшегіш жүйелер;

  • өлшегіш-өзгерткіштер;

  • стандарттық үлгілер.

Өлшем – физикалық шаманың бір немесе бірнеше берілген мөлшерін ұдайы қайталау және (немесе) сақтауға арналған өлшеу құралы. Физикалық шаманың мөлшері (мөлшерлері) тағайындалған бірліктерде берілген және қажетті дәлдікпен белгілі болуы керек.
Өлшемдер бір мөлшерлі (физикалық шаманың бір ғана мөлшерін ұдайы қайталайтын) және көп мөлшерлі (физикалық шаманың әртүрлі молшерлерін ұдайы қайталайтын) болуы мүмкүн.
Өлшеу құралдарын сынау
Сериялап шығаруға арналған немесе Қазақстан Республикасы территориясына шет елдерден партиялап енгізілетін өлшеу құралдары, егер оларға Мемлекеттік қадағалау таралатын болса сынақтан өткізілуі тиіс. Соңынан сынақтан өткен өлшеу құралдарының типі бекітіледі.
Өлшеу құралын сынау - өлшеу құралының тағайындалған нормаларға сәйкестігін сынау объектілеріне әртүрлі сынау әсерлерін қолдана отырып деңгейін анықтау үшін жүргізілетін операциялардың жиынтығы. Сынаудан өткізгенде өлшеу құралдарын пайдалану немесе тасымалдау кезінде ықпал ететін факторлардың әсері тексеріледі.
Сынау екі мақсатта: өлшеу құралының типін бекіту мақсатында немесе оны бекітілген типіне сәйкестігіне сынау жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет