Физикалық шаманың өлшемі, Қр ст 1-2000 деп берілген мөлшердегі


Метрологиялық аттестациялау



бет6/7
Дата13.04.2024
өлшемі38.02 Kb.
#498574
1   2   3   4   5   6   7
Өлшеу құралдары 2

Метрологиялық аттестациялау – метрологиялық қызметтің өлшеу құралын, оның қасиеттерін зерттеу негізінде, қолдану заңды деп майындауы.
Метрологиялық аттестациялауды Мемлекеттік метрологиялық қызметтің және заңды тұлғалардың осы топтағы өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге құқығы бар метрологиялық қызметтің бөлімшелері жүзеге асырады.
Метрологиялық аттестация мыналардан құралады:

  • техникалық құжаттарды қарастыру;

  • өлшеу құралдарын эксперттік зерттеу;

  • өлшеу құралын салыстырып тексеру әдістемесін тексеру;

  • өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау нәтижесін өңдеу.

Метрологиялық аттестациялаудан өткен өлшеу құралдары пайдалану кезінде салыстырып тексеруден өткізіліп отыру керек.
Өлшеу құралдарын калибрлеу.Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшеу құралдары зауыттан (өндірістен), жөндеуден шығарылғанда, импорт бойынша енгізілгенде, пайдалану барысында калибрлеуден өтуі керек. Калибрлеу тәртібін шығарушы зауыт, осы өлшеу құралын иеленуші немесе тұтынушы белгілейді.
Өлшеу құралдарын калибрлеу – шаманың осы өлшеу құралдарының көмегімен алынған мәні мен сол шаманың эталонының көмегімен алынған мәні арасындағы қатынасты анықтаушы операциялардың жиынтығы. Калибрлеудің мақсаты – мемлекеттік қадағалауға жатпайтын өлшеу құралының іс мәніндегі (действительный) метрологиялық сипаттарын және (немесе) өлшеу құралын қолдануға жарамдылығын анықтау болып табылады.
Өлшеу құралын калибрлеуге заңды тұлғалардың аккредиттеуден өткен метрологтядық қызметтері құқылы. Өлшеу құралдарын калибрлеуді калибрлеу әдістемесіне сәйкес, шама бірлігінің мемлекеттік эталонына бағыныстағы калибрлеу құралын қолдана отырып жүргізеді.
Калибрлеу нәтижелері бойынша қажет болған жағдайларда калибрлеу хаттамасы толтырылады. Егер калибрлеу нәтиесінде өлшеу құралы пайдалануғ жарамды деп танылса, оған калибрлеу белгісі қойылады немесе калибрлеу туралы сертификат беріледі.
Өлшеу құралдары Мөлшерленген метрологиялық қасиеттері бар қолданбалы техникалық құралдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет