Физиканың электр бөлімінен компьютерлік зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру



бет3/11
Дата14.06.2022
өлшемі38.67 Kb.
#459221
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Зерттеудің негізгі проблемасы – орта мектепте қарастырылатын механика бөліміне арналған компьютерлік зертханалық жұмысты атқаруды ұйымдастыруға арналған бланкілер үлгілерін жасау.
Зерттеудің мақсаты – жалпыға бірдей білім беретін мектептердің физика курсындағы «Физиканың электр» бөлімін оқытуда интерактивті әдісті қолдануға мүмкіндік беретін компьютерлік модельдерді қолданып сабақ өткізу мен компьютерлік зертханалық жұмыс атқаруды ұйымдастыруға арналған бланкі үлгілерін ұсыну арқылы оқу үрдісінің нәтижелілігін арттыру.
Зерттеу нысанасы – жалпы білім беретін орта мектепте физиканы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні – мектеп физика курсының «Физиканың электр» бөлімін оқытуға арналған электронды білім беру ресурстары.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер «Физиканың электр» бөліміндегі құбылыстардың компьютерлік модельдерін нақты тақырыптарға қолданып, солардың негізінде оқытудың жетілдірілген жаңа ақпараттық технологиялық әдістемесі оқу үрдісінде интерактивті әдіс іске асырылып, оқушылардың дербес танымдық белсенділігі, қызығушылықтарын дамыта оқытудың қолайлы жағдайлары туып, физикадан берілетін білімнің сапасы артады, сөйтіп оның практикалық, теориялық және дүниетанымдық қуаты терең ашылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері мен мақсатын жүзеге асыру үшін мынадай зерттеу әдістері қолданылды:
– зерттеу тақырыбына байланысты психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау;
– мектептегі оқу үрдісін бақылау, алдыңғы қатарлы мектеп оқытушыларының озық тәжірибелерін жинақтап талдау жасау;

  • педагогикалық іс-тәжірибе кезінде деңгейлік тапсырмаларды пайдаланып сабақтар жүргізу.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Мазмұны
Кіріспе

  1. Компьютерлік моделдерді қолданып өтілетін сабақтардың түрлері

  2. Компьютерлік моделдермен жұмыс жасауды ұйымдастыруға арналған тапсырмалар

  3. Компьютерлік моделдер мен виртуал лабораторияларды қолдану әдістемесі

  4. Электр бөліміне арналған «Электроника. Constrctor»және «Открытая физика» бағдарламаларымен жұмыс атқару әдістемесі

  5. Физиканың электр бөлімінен компьютерлік зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет