Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы қаңтардың 28-індегі Қазақстан халқына Жолдауында: -2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 пайызға дейін артады. 2020 жылға қарай халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық аккрeдитациялаудан өткен жоо–лар үлесі 30 пайызды құрайтын болады деген мақсатты алға тартты [1].
«Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: Жалпы Еңбек Қоғамға қарай жиырма қадам» бағдарламасына сәйкес Мемлекет басшысы Елбасының тапсырмасында: 2013-2014 оқу жылынан бастап жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу үрдісінде интерактивті оқыту формасын қолдануды кеңейту қарастырылсын және онлайн оқытудың арнайы бағдарламасы ендірілуі керек деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.А.Назарбаев ««Казахстан-2050 –стратегиясы» -қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан 2050 жылы 30 дамыған мемлекетер қатарына енуі керек деп атап көрсетті. Дамып келе жатқан елдер арасында мұндай қатарда болуы үшін бәсекелестік қатаң болады. Ұлт глобалдық экономикалық бәсекелестікке дайын болғанда ғана мұндай қатарда бола алады. Біз, аса маңызды мақсаттарымызды естен шығармай, мақсатты және шабытты еңбек етуіміз керек: қазіргі заманға сай нәтижелі білім мен денcаулық сақтау жүйесін құру. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады. Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз [2].
Бүгінгі таңда Қазақстан мектептері түгелдей интернет жүйелеріне қосылған, компьютерлермен, интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Тек осы базаларды тиімді пайдалану үшін, ақпараттық ресурстардың компьютерлік модельдермен қаныққан электронды версияларын жасау керек. Үйткені, қазірде оқу материалдарының электрондық басылымдарда берілуі мен оқытудың теориясы арасында алшақтық бар [3-23]. Электрондық оқыту материалдары әлі де болса статикалық гипертекст ретінде беріледі. Оқу үрдісінде оқытудың интерактивті әдістерін қолдануға мүмкіншілік беретін, мультимедиақаныққан білім беру ресурстарын қолданып жүргізу аса нәтижелі екенін көптеген зерттеулер арқылы дәлелденген. Жоғарыда айтылған алшақтықтың себебінің бірі – жәй гипертекст құрастыру оңай, әрі арзанға түседі, ал мультимедиалы интерактитвті бағдарламалар жасау көп уақыт пен ауқымды қаржыны керек етеді. Дегенмен, Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында физика саласына арналған компьютерлік модельдерді пайдаланып менің «Физиканың электр бөлімі бойынша компьютерлік зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру» атты дипломдық жұмыс тақырыбының аясындағы зерттеуімнің көкейтестілігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |