Физиканың электр бөлімінен компьютерлік зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру



бет7/11
Дата14.06.2022
өлшемі38.67 Kb.
#459221
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2.6 Берілгендері жетіспейтін есептер
Мұндай есептерді шешу үшін оқушы алдымен есепті шешуге қандай параметр қажет екенін анықтап алуы керек және сол параметрді өзі таңдап әрі қарай 5-тегі есептішешкендей әрекет етуі тиіс.
2.7 Творчестволық тапсырмалар
Мұндай тапсырма аясында оқушыларға өз бетінше бір немесе бірнеше есеп құрастыру ұсынылып, үйде немесе сыныпта орындауы ұсынылады. Содан кейін алған нәтижесін компьютерлік моделді пайдаланып тексеруі керек. Алғашқыда бұл есептер бұрын құрастырылып сабақта шешілген есептер типтесі болып, кейіннен модел мүмкіншілігіне орай жаңа типті болуы мүмкін.
2.6 Зерттеулік тапсырмалар
Аса қабілетті оқушыларға зерттеулік тапсырма, яғни белгілі бір заңдылықты растайтын немесе жалғандығын көрсететін бірнеше компьютерлік тәжірибелерді жоспарлау және жүргізу ұсынылады. Аса күшті оқушыларға мұндай заңдылықтарды өздерінің тұжырымдауы ұсынылады. Өте күрделі жағдайларда оқушыларға қажетті тәжірибелерді жоспарлауға көмектесу керек немесе оқытушы алдын ала жоспар құрып беруіне болады.
2.7 Проблемалық тапсырма
Бірқатар моделдер арқылы проблемалық ситуацияларды, яғни оқушыларды қайшылық сияқты жағдайға немесе нақты қайшылық тудыруға болады. Мұндай қайшылықтарды шешуді компьютерлі моделдеу арқылы шешу оқушыларға ұсынылады.
2.8 Ізденіс тапсырмалары
Мұндай тапсырмаларды оқушылар орындауы үшін алдымен идеясын «табу» керек, соңынан тәжірибе арқылы тексеру керек. Мысалы:

2.9 Сапалық есептер
Кейбір моделдерді сапалық есептерді шешуге қолдануға болады. Мұндай есептер мен сұрақтарды жинақтардан таңдап алуға немесе моделмен алдына ала жұмыс жасап өздігінше тұжырымдауға болады.
Проблемалық, зерттеулік және ізденістік тапсырмалар оқушыларды физикаға қызығушылығын арттыруы маңызды және қосымша мотивация факторы болып табылады. Мұндай жағдайларда да компьютерлік моделдерді қолдану ең қолайлы болатынын айта кету керек. Соңғы 4-5 тапсырмалардың айқын шекарасын анықтау қиын дегендер де табылып қалуы мүмкін. Дегенмен, жоғарыда көрсетілген классификация компьютерлік моделдерге арнап әр алуан есептерді тұжырымдауға көмектесіп, оқушыларға сәйкес комментарийлер беруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет