Есепті безендіру тәртібі және оны қорғау:
Есеп келесі тәртіпте безендіріледі:
1. Экспериментті орындау
2. Есептеу нәтижелерін кестеге енгізу.
3. Орындалған жұмыс туралы қорытынды
4. Жұмысты безендіріп А4 форматында өткізу қажет.
5. Есепке мыналар кіреді:
– орындаушының аты-жөні, жұмыстың орындалған мерзімі; жұмыстың аты және мақсаты;
– техникалық құрылғылар мен жабдықтар;
– жұмыстың орындалу реті, формулалар; суреттер; есептеулер; толтырылған кестелер;
– жұмыс туралы қорытынды; бақылау сұрақтарына қысқаша жауап.
Бақылау сұрақтары
Қатты дененің айналмалы қозғалысы дегеніміз не?
Бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеудің анықтамасы қалай айтылады және олардың формуласы қандай?
Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтардың арасындағы байланыстар қалай түсіндіріледі? Сызықтық жылдамдық қалай бағытталған?
Материалдық нүкте және дененің инерция моменті дегеніміз не?
Штейнер теоремасының тұжырымдамасы және формуласы қандай?
Күш моменті дегеніміз не? Айналмалы моментті қандай күш туғызады? Күш моментінің векторы қалай бағытталған?
Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі заңы қалай айтылады және формуласы қалай жазылады?
Осы жұмыстағы қолданылған қондырғының сипаты қандай? Жүйенің қандай бөліктері ілгерілемелі және айналмалы қозғалады?
графигі түзу сызық бола ала ма?
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
Сағындықов А.С., Айтбаев Е.А., Оралбаев А.Б., Тұрғанова Т.К. Механика пәні бойынша оқу құралы: "Физика" мамандық студ. үшін. - Шымкент : ОҚМУ, 2006. - 80 с.
Сагындыков А.С., Айтбаев Е.А., Оралбаев А.Б. Учебное пособие к лабораторным работам по дисциплине "Механика". - Шымкент : ЮКГУ, 2006. - 76 с.
А. Б. Оралбаев, К. Б. Сеитжанова. Жалпы физика курсы: 5В011000, 5В060400- Физика маманд. студ. арналған оқу құралы. - Шымкент: Нұрлы Бейне, 2013. - 276 с.
Сайдахметов П.А., Кабылбеков К.А., Хамза А.К., АбдирамановаК.Ш. Методические указания к лабораторным занятиям по дисц. "Физика" (раздел "Механика"). - Шымкент : ЮКГУ, 2007. - 71 с.
Аманқұлов Т.П., Хамза А.Қ., Аширбаев Н.К., Тұрғанова Т.К. Физика курсы: оқу құралы. - Шымкент : Нұрлы Бейне, 2012. - 335 с.
Достарыңызбен бөлісу: |