Қондырғының сипаттамасы
Осы жұмыстағы қолданылатын гироскоп FPM-10 3.3-суретте көрсетілгендей. Бұранда аяқтары арқылы деңгейін түзетуге болатын 1 табанда бағана 2 орнатылған. Бағанада тіреуіш 3 бекітілген. Тіреуіште №1 фотоэлектрлік тетік 4 және айналмалы қосқыштың 5 сыртқы толкесі орналастырылған.
Айналмалы қосқыш гироскопқа тік өстің бойымен айналуға және №2 фотоэлектрлік тетікті және электр қозғалтқышын 7 ажырайтын қосылыстар мен арқылы электр тогымен қоректендіруге мүмкіндік береді.
Электр қозғалтқышы тіреуіште 8 орналасқан. Қозғалтқыштың білігінде диск тәрізді жүк 9 бекітілген. Ол қаптама 10 арқылы қорғалған. Рычагта 11 дискіден метрлік межелі шкала бар. Қарсы жүк 12 рычаг бойымен қозғала алады. Гироскоптың тік өс бойымен бұрылуын көрсеткіш 14 арқылы 13 дискіден оқуға болады. Диск дөңгелегінде әр сайын көрсеткіш сызық бар. Олар №1 фотоэлектрлік тетік арқылы есептеліп, басқару және өлшеу блогына 15 беріледі. Диск тәрізді жүк 9 дөңгелегінде саңлаулар бар. Олар №2 фотоэлектрлік тетік арқылы есептеліп, қозғалтқыштың айналу жылдамдығы туралы ақпаратты басқару және өлшеу блогына береді.
нүктесі қозғалтқыштан, қаптамадан және рычагтан тұратын жүйенің ауырлық центрі, нүктесі - қарсы жүктің ауырлық центрі. Тепе-теңдік шартын мына түрде жазуға болады.
(3.11)
мұндағы және
Қарсы оның нүктесінен қашықтығы болатындай етіп, оңға қозғалтамыз. Жүйенің тепе-теңдігі бұзылады, ауырлық центрі нүктесінен қашықтыққа ауысады. Тепе-теңдік шарты мына түрде жазылады
бұдан
немесе, (3.11) теңдеуді еске түсіріп жазамыз
Бұл өрнекті (3.9) формулаға қойып табатынымыз
(3.12)
Егер болса, онда қарсы жүктің әртүрлі орналасуына қарай
(3.13)
мұндағы - қарсы жүктің тепе-теңдік жағдайдан ығысуы.
Достарыңызбен бөлісу: |