Фонетика (гр. Phone-дыбыс, phonetikos-дыбыстық)–тілдің дыбыстық жүйесінзерттейтін тіл білімінің саласы. Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар: тіл дыбыстарының



бет3/12
Дата30.05.2022
өлшемі0.56 Mb.
#458802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қазақ тілі оқыту әдістемесі - копия

Ескерту: Шылау,одағай,еліктеу сөздер,қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.


  1. Бастауыш сыныпта көркем жазуға үйрету жолдары. Жазу жұмыстарына қойылатын талаптар

Сауат ашу арқылы баланың танымдық белсенділігі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы дамып интеллекті баийды. Ол үшін сауат ашудың негізгі мақсаты – оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым дағдаларын, оқу дағдысының негізін қалау, фонетикалық есту қабілетін дамыту,дыбыстарды ажырата білу, әріптің баспа түрін таңбалап жазу, әріптерді таныту,буын,сөз, сөйлемді оқытуға үйрету сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру өздігінен оқуға,жазуға дағдыландыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеуге үйрету жүзеге асырылады. Осы мақсатты шешу үшін , сауат ашудатөмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек:

  1. оқушылардың жазу ерекшеліктерін ескеру;

  2. сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгеру, яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;

  3. буындап оқу әдісі арқылы, сөзді тұтастай оқуға дағдыландыру;

  4. дыбысты әріптермен дұрыс таңбалауға, жазуға,сөз ішіндегі олардың байланысу тәсілдерін сақтап, сөздерді тұтас оқуға дағдыландыру;

  5. дыбысты әріптермен дұрыс таңбалауға,жазуға, сөз ішіндегі олардың байланысу тәсілдерін сақтап, сөздерді тұтас жазуға үйрету;

  6. жазудың талаптарын орнату;

Алты жастығыларды оқытудың тиімді амалдарын саналы меңгеру үшін мұғалім төменде келтірілген негізгі жағдайларды білуі тиіс:

  1. Дыбыстық талдау сөзден жеке дыбыстарды бөліп алып және оларды атап берумен шектелмейді. Ол сөздегі дыбыстардың бірізділігін, дыбыстық құрылымын сақтап, сол қалпында қабылдап және қайтадан еске түсіру шеберлігі айқындалады. Балалар ана тілінің дыбыстық құрылымының , әр дыбыстың маңызын түсінуі керек. (жуан, жіңішке, дауыссыз дыбыстардың дыбысталуы нұсқалары).

  2. Сөздің дыбыстық құрылымын талдауды білу.Ашық буындағы дауыссыз дыбыстардың дыбысталуы одан кейін тұрған дауысты дыбысқа байланысты тәуелді екенін түсінуі балалардың буындап оқудың тез және нақтылы игеруне негіз болады.

  3. Оқу мен жазуға үйретудің элементтері қатар жүреді. Оқу мен жазудың негізі – ана тілінің дыбыстық құрылымын түсінуі өте маңызды. Бағдарлама талабына сәйкес балаларды жазудың графикалық дағдысы (әріптерді дұрыс жазу және олардың байланысы) және орфографиялық дағды қалыптасуы қажет. Жазу бірнеше бөліктерден тұрады. Жазатын сөздерге талдау жасай білу дыбыстардың реттілігін сақтау,дыбыстарды сәйкес әріптермен белгілеу бейнелеу.Басқы кезеңде бұл бөліктер арнайы қайталанады.Сауат ашу кезеңінде жазудың негізі мен сауатты жазудың негізі қаланады.

  4. Жазуға үйрету, партаға отыру, қаламды, дәптерді дұрыс қою ережелерін сақтаудан басталады. Жазу кезеңінде жарық баланың сол жағынан түсу.

  5. Жазу үлгісі № 1 дәптерде әліппеге дейінгі кезеңде арналған баланың саусақ бұлшық еттерін жазуға икемдеп дайындау үшін тапсырмалар берілген, сол үлгі бойынша жұмыс жүргізіледі.

  6. Жазу үлгісі дәптерімен толық танысқаннан кейін оны партаның үстелдің үстіне 30 градус бұрыс жасайтындай жағдайда орналастыруға ерекше көңіл бөлу.

Жазу үлгісіндегі әрбір әріптің жеке элементтерін жазғызып, одан соң ол әріптің баспа түрін тұтастай жазуға үйретіледі.
Әрбір әріптің баспа және жазба түрі салыстырмалы түрде көрсетіліп отырады.
Жазу үстінде қалай отыру, қаламды қалай ұстау керектігі үнемі ескертіліп, тақтаның жанында ілулі тұрғаны жөн.Сонда ғана баланың жазуы жақсы,әдемі болады.
Жазуға үйрету сауат ашу кезеңі аяқталғаннан кейін де жалғаса береді.
Жазу сабағын жаттықтыру:
Балалар жазуды қаламмен жазады. Дайындық кезеңінде балалар жай және түрлі-түсті қарындаштарды және қаламдарды пайдаланады. Сыныпта, топта әліпби ілініп тұрады.
Әріптерді жазуға үйрету тәртібі мынадай:

  1. Жаңа әрәпті таныстыру, көрсету, плакатта, дидиактикалық , материалда дәптердің бетінде;

  2. Мұғалім жаңа әріпті ауада және тақтаға жазып көрсетеді;

  3. Дәптердегі жаңа әріптің үстінен басып жазу;

  4. Жаңа әріп элементтерін және әріпті толық жазу;

  5. Сөздерді жазу

Мұғалім жаңа әріпті тақтада жазылуын көрсете отырып түсіндіреді. Әр баламен қаламды ұстап жүргізіп,бір әріпті жазып көрсетеді.
Сауат ашу кезеңіндегі жазу сабағын құрылысы мынадай:

  • сөзге дыбыстық талдау жасау;

  • кеспе әріптерден сөз құрау;

  • жаңа әріпті көрсету;

  • жаңа әріпті тұтас жазу;

  • Жаңа әріппен сөз, сөлем жазу;

  • Балалардың жұмысын талдау.

Оқу мен жазуға үйрету бірге жүргізіліп отырады. Баланың дұрыс оқуға машықтану мен сауатты да әдемі жазуға үйретуі осы кезеңде жүзеге асырылады.Сондықтан мұғалім балаларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке уйрете отырып,өз жұмыстарына өздері баға беріп , қорытынды жасай білуге үйретуі тиіс.
Балалардың тілін дамыту- ана тіліне оқыту дың негізгі міндеті Алты жастағылар негізінен өз ана тілінде сөйлей алады. Олар тұрмыстық ауызекі, диалогты тілді меңгерген.
3. Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар:
а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сәл көлбетіле (оңға 65) қойылады;
ә) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет;
б) балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын я алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;
в) партаға кекіректі тіремеу керек. Өйткені бұл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;
г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан үш сантиметрдей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн;
д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25—30 см сақталуға тиіс.
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш — бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.
Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба таңбасы) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.

  1. Сөз таптары туралы жалпы түсінік. Есім сөздер. Етістік сөздер. Зат есім. Жалпы және жалқы есім. Зат есім тудыратын жұрнақтар. Зат есімнің синтаксистік қызметі

Бастауышта «Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту, оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану. Бастауыш сыныпта тілді жақсы меңгеру - барлық пәндер бойынша жетістікке жетудің алғы шарты. Тілдік сауаттылықты игеру үшін дыбыстық жүйені, лексиканы, тілдің грамматикалық құрылысының қалыптасуы мен қызметін білу керек. «Қазақ тілі» пәнін оқыту міндеттерін атап өтсек:
1) тіл білімі бойынша бастапқы теориялық түсініктер беру;
2) сөйлеу әрекетінің түрлерін дамыту;
3) оқушылардың сөздік қорын толықтыру және сөздің грамматикалық құрылысын меңгерте отырып, тілін дамыту, жетілдіру т.б.
Белгілі бір зат, нәрсе немесе оқиғаның атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз.
Зат есім кім?не? деген сұрақтарына жауап береді. Кім? – деген сұрақ адамға ғана қатысты қойылады да, жанды болсын, жансыз болсын, басқа атаулардың барлығыне?-деген сұраққа жауап береді.
Зат есім негізгі және туынды зат есімдер, күрделі зат есімдер болады. Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет