Фонетика (гр. Phone-дыбыс, phonetikos-дыбыстық)–тілдің дыбыстық жүйесінзерттейтін тіл білімінің саласы. Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар: тіл дыбыстарының


Буын диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар



бет5/12
Дата30.05.2022
өлшемі0.56 Mb.
#458802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қазақ тілі оқыту әдістемесі - копия

Буын диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар
Әріп диктантын жазып, әрбір дыбыс пен әріптің орфоэпиялық, орфографиялық өзгешелігін, үндестігі мен ұқсастығын салыстыру әдісімен саналы түрде түсініп,талдауғаөселген оқушылар үшін буын диктантын жазу онша қиындық келтірмейді.
Сөз диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар
Сөз диктантының жеңіл болатын себебі – ол оқушылар меңгеріп болған дыбыстар мен буындардан құрылады. Мұндағы мақсат – сөздердің бір, екі, үш, төрт, одан да көп буыннан құралып, белгілі бір ұғымды білдіретінін дыбыс (әріп) және буынмен салыстыра отырып түсіндіру. Сөз диктантын жаздырар алдында оқушыға берілген сөздің қандай ұғымды білдіріп, неше буыннан, неше дыбыстан құралғанын, бірінші буындағы дауыстының жуан немесе жіңішке екенін айқындап, ондағы бір дыбыстың әріпке айналғандағы жазылу емлесін айтып өтеді. Бұл, мысалы, былайша баяндалуға тиіс: көз, құлақ, құлақшын, көзілдірік сөздері бір, екі, үш, төрт буыннан құралған. Көз сөзінде 3, көзілдірік сөзінде 10 дыбыс (әріп) бар. Төрт сөз төрт түрлі мағына білдіріп тұр. Бұл сөздерде қазақ алфавитіне тән ә, ұ, ғ, ң, һ әріптері жоқ.
Сөйлем диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар
Диктанттың бұл түрі алғашқылардың бәрінен де күрделі. Өйткені бұл бір, екі, үш, төрт, бес, одан да көп сөздерден құралып, аяқталған ойды білдіреді.
Сөйлем диктантын жаздырудағы мақсат – оқушыларға сөйлемнің сыртқы құрылымын таныту және оны құрай білуге машықтандыру. Мұғалім сөйлем диктантын өткізуге кірісер алдында басқаларға түсіндіретін сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып, сөздер бір-бірінен бөлек жазылатынын, мағынасына қарай сөйлем соңына нүкте, леп немесе сұрау белгілерінің бірі қойылатынын, сондай-ақ қазақ тіліне тән дыбыстардың (әріптердің) бар-жоғын айтады.
Әріп, буын, сөз және сөйлем диктанттарын жаздыру үшін төмендегідей әдістер пайдаланылады.
Қазақ тілі бойынша жүргізілетін диктанттар екі топқа бөлінеді: мәтіні өзгертілмеген диктанттар және мәтіні өзгертілген диктанттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет