Фонетика (гр. Phone-дыбыс, phonetikos-дыбыстық)–тілдің дыбыстық жүйесінзерттейтін тіл білімінің саласы. Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар: тіл дыбыстарының



бет8/12
Дата30.05.2022
өлшемі0.56 Mb.
#458802
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Қазақ тілі оқыту әдістемесі - копия

Кері байланыс құралдары:




  • сауалнамалар

  • тиімді сұрақтар

  • кері байланыс күнделіктері

  • өзін-өзі бақылау дәптерлері

  • стикер парақтары, сұхбат және т.б



  1. Көркем шығарманың кейбір түрлерін оқыту. Ертегілерді. мысалдарды оқыту.

Халық шығармашылығынан туындаған дүниелердің бірі – ертегілер. Ертегілер көбіне бала түсінігіне оңай, жеңіл тілмен беріледі. Ертегілердің сан алуан түрлерін төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай сұрыптап пайдалану, мән-мағынасын түсіндіріп жатқа айтқызу баланың тіл әлеміне деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан балаларға жас кезінен бастап қызықты сюжетке құрылған ертегілерді мәнерлеп оқытып, өздеріне мазмұнын айтқызса, баланың тілі де, ойы да дамиды. Оқушылардың ауызекі сөйлеуі мен жауаптарындағы кемшіліктерін байқап, болдырмаудың жолдары үздіксіз жұмыстың нәтижесінде жүзеге асады.


Тілді үйретудегі халық ауыз әдебиетінің рөлі туралы Ахмет Байтұрсынов былай деген:
1. Оқушыға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт.
2. Мәтін, көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының ұғымына таныс және жақын болуы керек.
3. Тілді оқытуда мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдар, өлең-жырлар, ертегілер маңызды орын алуы қажет.
4. Тілді оқытуда тіл ұстартуға, көркем сөзге де ден қойғаны дұрыс [1, 7].
Бастауыш сынып оқушыларына тілді меңгертуде ертегілер оқыту өте-мөте маңызды. Өйткені ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады. С.Рахметқызы өзінің «Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ұстарту» атты еңбегінде ертегілерді оқу кезінде мынадай ережелерді ескеруді ұсынады:
1. Ертегіні оқу барысында «Бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ, балықтың, жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды көңілдендіреді, армандауға үйретеді.
2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір-екі айқын белгілерді көрсетіп, анық, түсінікті болып келеді.
3. Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жуық үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, оның мазмұнын қызықты етіп айтып береді. Егер әртістердің орындауындағы фонохрестоматияны пайдаланса, тіптен жақсы.
Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау, т.б. осындай жұмыстарды 2-3 сыныптар оқушылары орындай алады. Ал 4-сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады [2, 54-55].
Бастауыш сыныптардағы оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың маңызы зор. Осы арқылы бөлшектелген пәндер жүйесіндегі білімді игерудің қарама-қайшылықтарын жойып, оны практикада, еңбек әрекетінде және өмірде іске асыру кезінде кешенді түрде қолдануға мүмкіндік береді. Осыған байланысты өз тәжірибемде ертегілерді оқыту барысында қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнін байланыстыра оқытамын.
Г.Ж.Тұрдалиеваның пікірінше: «...қазақ тілінен мектепте сабақ оқытудың аса жауапты кезеңі оқушыға жаттығу, талдау материалдарын таңдаудан басталады деуге болады. Жаттығу материалдарын таңдауға мынадай талаптар қойылады:
Біріншіден, жаттығу материалдары мазмұнды болуға тиіс: материалдағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар сөз ішінде, сөздер, сөз тіркесі сөйлем ішінде алып талданады. Осы мақсатпен алынатын мысалдар мен мәтіндер ойдан шығарылған сөйлемнен құралмай, мүмкін болғанша, көркем әдебиеттен алынған сөз, сөз тіркесі, сөйлем, үзінділер болуға тиіс. Қалайда олар балаға дұрыс тәрбие беру нысанын бағдарлауы керек.
Екіншіден, әрбір мысал, үзінді, әңгіме, өлең, сөз, сөйлем тіл (стиль) жағынан мүлтіксіз, әдеби норманы ұстауы тиіс. Сонда олар баланы әдеби тілдің жүйесін меңгеруге, өз тілін дамытуға көмекші бола алады. Мұндағы басты талап – балаға грамматикадан, орфографиядан білім беру кезінде оның тіл мәдениетін де арттыруға көзделуі тиіс.
Үшіншіден, алынған жаттығу, тағы басқа материалдар құрамынан керекті сөздер мен дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар жиі кездесетін болсын» [3, 150].
«Ана тілі» оқулықтары ауыз әдебиеті үлгілерін қамтиды. Соның ішінде ертегілер де бар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қазақ тілінен өтілген грамматикалық ұғымдарды оқушылар қызыға оқитын ертегілермен байланыстыра отырып, түсіндірсе құба-құп болар еді.
Бастауыш сыныптарда ертегілерді оқыту ісі «Әдебиеттік оқу» оқулығы арқылы жүзеге асырылады. Оқу-тәрбие ісінде хайуанаттар жайындағы кейбір ертегілерді оқытуда энциклопедиялық әдістің өте тиімді екеніне көз жеткізуге болады. Мысалы, 1-сыныптың «Әдебиеттік оқу» оқулығында берілген «Сауысқан мен көкек» ертегісін өткенде оқушылардан осы құстар туралы не білетінін сұраумен қатар, мұғалімнің сауысқан мен көкек туралы мағлұмат бергені дұрыс. Бұдан, біріншіден, баланың сабаққа қызығушылығы артады, екіншіден, танымы кеңейеді, үшіншіден, ертегі мазмұнына терең бойлайды; төртіншіден, тілдік қоры, қиялы дамиды, бесіншіден, ертегілерде қиял-ғажайып пен шындық араласып жататынын пайымдайды, алтыншыдан, мәтіндегі түсініксіз кейбір сөздердің мағынасын нақты мысалдармен оңай ұштастырады, жетіншіден, шығармашылық жұмысқа дағдыланады. 
1-тапсырма.
«Егінші мен қасқыр» ертегісінің мәтінінен зат есімдерді теріп жазамыз:
Егінші, қасқыр, егін, нан, жер, тұқым, бидай, бау, ұн, қамыр, жұмыс.
4-тапсырма. «Тірек сөздер тап»
1) Оқушылар «Ұр. Тоқпақ!» ертегісіне тірек сөздер келтіреді.
2) Бір оқушы өзі жазған тірек сөздерді оқиды, басқалары қай ертегі екендігін анықтайды.
3-4-сыныптарда ертегімен жұмыс жүргізгенде мынадай сұраулар арқылы оқушыларды жетелеуге болады:
3-сынып
1. Ертегі деген не?
2. Бұл ертегі қалай аталады?
3. Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?
4. Ертегінің кейіпкерлерін ата.
5. Ертегінің кейіпкерлерінің қандай әрекеттерін мақұлдай сың? Неге? Қандай әрекеттерін мақұлдамайсың? Неге?
6. Осы ертегіге сен қандай өзгеріс енгізер едің?
4-сынып
1. Ертегі қалай аталады?
2. Ертегі неге олай аталған?
3. Ертегі кейіпкерлерінің саған әсіресе қайсысы ұнайды?Неліктен? Қайсысы ұнамайды? Неліктен?
4. Ертегіде қандай сөздер мен тіркестерді ұмытпауға тырысасың?
5. Ертегідегі бір кейіпкерге мінездеме бер.
6. Бұл ертегіні шығарушы не айтқысы келген?
Осы сұрақтарды қою арқылы оқушыларды сөйлеуге жетелейміз. Сұрауларға жауап бере отырып, оқушы ойланады, әрі тілі дамиды.
4. Жануарлар туралы ертегіні оқығанда, дайындықтың онша керегі жоқ.
5. Ертегінің компазициялық ерекшеліктеріне қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету керек.
6. Кейбір ертегілерді пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сынытан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.
Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда, жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға да тапсыруға болады.
Қазіргі кезде басқа тілден енген сөздер мен жаңа терминдерді айтып та, жазып та жүр. Кейбір белсенділігін жоғалтқан сөздерді, заттардың атауын балалар біле бермейді.
Оқушылар ертегіні баяндап, оныдағы негізгі ойды анықтау үшін оның мазмұнын дұрыс түсінуі шарт. Ол үшін оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі.
Оқушылар ертегіні баяндап, ондағы негізгі ойды анықтау үшін оның мазмұнын дұрыс түсінуі шарт. Ол үшін оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет