Фонетика (гр. Phone-дыбыс, phonetikos-дыбыстық)–тілдің дыбыстық жүйесінзерттейтін тіл білімінің саласы. Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар: тіл дыбыстарының


ЕРТЕГІ АРҚЫЛЫ МӘНЕРЛЕП ОҚУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ



бет9/12
Дата30.05.2022
өлшемі0.56 Mb.
#458802
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Қазақ тілі оқыту әдістемесі - копия

ЕРТЕГІ АРҚЫЛЫ МӘНЕРЛЕП ОҚУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ
 Ертегі мәтінін талдаудың әдіс-тәсілдері негізінде шығарма мазмұнын ұғынған оқушының мәтінді оқуда дауысты құбылтып, дауыс интонациясын сақтай отырып оқу дағдысы қалыптасады;
 Аудио, бейнематериалдарды тыңдау, көру арқылы ертегіні мәнерлеп оқу дағдылары жетілдіріледі;
 Мәтінді рөлдерге бөліп оқыту арқылы ертегі кейіпкерлерінің сөйлеу мәнеріне, дауыс ырғағына жаттығады;
 Ертегіні мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі, рөлдерді сомдауда сахналық қойылымдардың көрсетілуі оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіреді.

Ертегіні мәнерлеп оқытуда негізгі ойды білдіретін сөз немесе сөз тіркестеріне логикалық екпін түсіріп, логикалық кідіріс қойып оқытуға дағдыландырамыз.


Ертегілерді саусақ театры, қуыршақ театры, көлеңке театрлары арқылы жеткізе отырып, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыруға болады.
Кез келген көркем шығарманы мәнеріне келтіріп оқу немесе әңгімелеп беру оңай емес. Оған уақыт та керек, төзімділік те керек, жалықпау да керек. Бұл мәнерлеп оқудың негізгі алғышарттары болып табылады. Осыған орай, мәнерлеп оқу мен әңгімелеуге арналған әзірлік кезеңдеріне тоқталып өтейік.
1-сурет. Мәнерлеп оқу кезеңдері

Шығарманы талдай білу – мәнерлеп оқу үшін аса бір қажет жайт. Шығарманы талдай отырып автордың айтайын деген ойын, кейіпкерлерге, іс-оқиғаға көзқарасын байқауға болады. Сөйтіп, мәнерлеп оқу, әңгімелеп беру мақсатын шеше алады.
Көркемсөз оқушы ол үшін, алдымен, жазушының өмірбаянын, дүниетанымын, оның өмір сүрген кезеңінен және оқылатын шығарманы жазған дәуірінен хабардар болуға тиіс. Содан кейін барып шығарманың сюжетін, құрылысын құрастыру және кейіпкерлерге мінездеме беру керек.
Көркем шығарманың тақырыбы – шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай-жағдайлардың бағыт-бағдары. Ал, идеясы – шығармадағы берілетін негізгі ой түйіні. Яғни, әдеби шығармада өмірдегі түрлі жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады. Шығарманың идеясын түсінбей тұрып, оны әңгімелеу, мәнерлеп оқу мүмкін емес.
Көркем шығармалар әрқашан сюжетті болып келеді. Сюжет – көркем шығарма мазмұнын құраушы оқиғаның белгілі бір жүйесі. Шығарманың сюжетін білу мәнерлеп оқуға даярлық жүргізу үшін қажет. Шығарманың мазмұнын жете түсінбей, оларға көз жібермей, кейіпкерлерінің іс-әрекетін, қарым-қатынасын, жай-жапсарын айқын біліп алмай, мәнерлеп оқушы, әңгімелеуші тыңдаушыға оның сюжетін жеткізе алмақ емес.
Кез келген шығарманың белгілі композициясы болады. Туындының композициясын талдай білуі шарт. Сонда ғана көркемсөз оқушы шығарманың маңызды, қажетті жеріне тыңдаушылардың құлағын түре алады, ол арқылы шығарма мазмұны ашылады да, идеясы мен сюжетін жақсы түсінуге көмегін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет