Фонетика (гр. Phone-дыбыс, phonetikos-дыбыстық)–тілдің дыбыстық жүйесінзерттейтін тіл білімінің саласы. Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар: тіл дыбыстарының


Ертегі жанрын талдау әдіс-тәсілдері



бет10/12
Дата30.05.2022
өлшемі0.56 Mb.
#458802
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Қазақ тілі оқыту әдістемесі - копия

Ертегі жанрын талдау әдіс-тәсілдері
«Қонжық пен көжек» ертегісін «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі арқылы оқыту барысында оқушы мәтіннен өзіне әсер еткен тұстарын жаза отырып, үзінді жайлы өз пікірін білдіреді. Оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады. Ойын еркін айтуға дағдыланады. Тіл байлығы молаяды. Өзіне деген сенімі артады. Кез келген тақырыпта өз ойын ашық айта алады.

«Мысық пен тышқандар» ертегісін (2-сынып оқулығы, 66-бет) «Өзара тапсырма орындау» әдісі арқылы мазмұнына талдау жүргізуге болады. Оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен сұрақ дайындайды. Оқушы сұраққа жауап бере отырып, мәтіннің мазмұнын толықтырып, мәтінге жуық әңгімелеп береді.
1-тапсырма. «Семантикалық кестені толтыру» әдісі арқылы кейіпкерлерді салыстыр


  1. Бастауышта эссе, шығарма мен мазмұндама жазуға үйрету әдістемесі

Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы талап етіледі.


Оқушы тапсырманы өзі орындауы керек. Оқушының ойланып, нақты нәтижеге жетуін қадағалау – мұғалімнің басты міндеті. Жазба жұмысынан оқушының ой өрісі, білімі, сауаты көрініп отырады. Ауызша жауапта оқушы білімін толық көрсете алмауы мүмкін, ал жазба жұмыстың ішіндегі ең бір толыққанды, оқушы білімінің нәтижесін толық тексеруге мүмкіндік беретіні шығарма жұмысы.
Шығарма түрлеріне келетін болсақ, олар: еркін шығарма, оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма, өнер саласына байланысты шығарма, сурет, фильм (диафильм), экскурсия бойынша шығарма, оқыған, естіген әңгімелеріне байланысты шығармалар.
Оқушылардың шығарма жазуында төмендегідей міндеттер туындайды:
1. Оқушының ойлау қабілетін арттыру;
2. Ана тілінде сөйлеп, жаза білуге жаттықтыру;
3. Ақын – жазушылардың шығармаларын білу;
4. Оқыған – білгенін шығарма жұмысына пайдалана алу;
5. Сауатты жазуы, келген ойды дәл бере білуге үйрету;
6. Оймен жұмыс істей отырып, оны басқара білу;
7. Келген ой толқынын іркіп, келесі ойға жол бере білу
8. Цитаттарды (дәйектеме сөз) келтіре білу
9. Бөлімдердің арасындағы байланысты сақтау.
Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:
1. Тақырыпты толық аша білу;
2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу;
3. Шығармада сөз болған жайды оқушының басқаларға түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы;
4. Шығарманың бөлімдерінің негізгі ой арқылы шебер байланысуы;
5. Шығармада жазушының өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек;
6. Оқушының шығармада сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен шағын үзінділерді қисынымен қолдануы, оның терең білімін танытады;
7. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай білу.
Шығарманың бағалануы туралы оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен 4 салаға бөліп қарайды.
1. Мазмұндылығы мен идеялылығы;
2. Ой – пікірдің жүйелілігі;
3. Стилі;
4. Граматикалық сауаттылығы;
Бұлардың қай – қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды.
1. оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыс – бұрыстығы, дәлелділігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады. Шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына
2. Ой – пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы, т.б. енеді.
3. Стильге тақырыпты ашуға байланысты оқушының ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы, сөйлемді дұрыс құруы сияқты мәселелер жатады.

4. Грамматикалық сауаттылыққа емле, тыныс белгісіне байланысты жайлар қаралады.


Шығарма жазудың талаптары мен тәртібі
1. Шығарма тақырыбы тырнақшаға алынбайды, тақырып дәйексөз ретінде алынған жағдайда ғана тырнақшаға алынады.
2. Эпиграф оң жақта, тырнақшаға алынбай жазылады. Авторы бір жол төменірек жақшаға алынбай жазылады. Егер шығарма жазушы эпиграф алынған туындыны көрсеткісі келсе, автордың аты – жөнінен кейін үтір қойып, шығарманың атын тырнақшаға алып жызады.
3. Жоспар деген сөз эпиграф болса, одан төмен, ал эпиграф болмаса, тақырыптан соң, жол ортасына жазылады. Жоспар сөзінен кейін нүкте қойылады.
4. Жоспар үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлім. (рим сандарымен белгіленеді, олардан кейін нүкте, жақша қойылмайды).
а) Негізгі бөлім тақырыпты ашуға бағытталып, араб санымен белгіленген, кемінде үш пунктен тұруы керек. Араб сандарынан кейін нүкте қойылады. Әр пункт жан-жақты қамтылса, бірнеше бөлшектен тұруы мүмкін, ондай жағдайда әр бөлшек әріппен белгіленіп, жақша арқылы жазылады. (екі бөлшектен кем болмау керек).
5. Шығарма бөлімдерінің аты бір жолға сыймай қалса, келесі жолға жазылады, бірақ жоспардағы рим, араб сандары мен әріптердің асты ашық көрініп тұратындай тәртіппен жазылады.
6. Шығарманың әр бөлімінің атынан кейін нүкте қойылады.
7. Келесі бөлімнің аты бас әріппен жазылады. Әр пунктің бөлшектері болса, қос нүкте қойылып, бөлшек атының соңына нүктелі үтір қойылады. Содан кейінгісі жаңа жолдан басталып жазылады. Ең соңғы бөлшектен кейін нүкте қойылады. Келесі бөлім жаңа жолдан бас әріппен басталады.
8. Шығарманың бөлімдері мен бөлшектерінің аты қысқа, нақты түрде берілуі керек.
9. Жоспардың бөлімдері сұраулы сөйлемдермен берілмейді.
10. Егер шығарма авторы жоспарды дәйексөздермен (цитатамен) берсе, дәйексөз тырнақшаға алынып, соңына оның авторы жақшаға алынып жазылады.
11. Жоспарға сәйкес әр бөлім абзац арқылы жазылуы керек.
12. Шығармада берілетін сандық мәліметтер: ғасырлар – римше, жыл, күн – араб сандарымен, ал басқа сан есімдер сөздермен берілуі керек. Ғасырды араб санымен көрсетуге болмайды, дей тұрғанмен кездессе, баға кемітуге ықпал жасамайды.
Ескерту: диктантта барлық сан есімдер, тіпті күндерді көрсететіндері де сөзбен жазылады.
13. Өлеңнен алынған үзінді жолдың ортасынан, тырнақшаға алынбай жазылады.
14.Шығарма өте ұқыпты, каллиграфиялық нормаға сай жазылуы керек.
15. Дәйексөз жазғанда, қазақ тілі оқулықтарындағы тыныс белгілеріне байланысты барлық ережелерге сүйену керек. Өлеңнен алынған үзінді жолдың ортасынан, тырнақшаға алынбай жазылады.
16. Шығарма өте ұқыпты, каллиграфиялық нормаға сай жазылуы керек.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, шығарма жаздыру- балаға білім беру ісінің ең күрделі, маңызды жұмыстарының бірі. Шығарманы үйде де, сыныпта да жаздырады. Бағдарламада шығарма жаздыру сағаттары берілген. Тақырыптың ауыр-жеңілдігіне, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шығарма жазудың уақыты белгіленеді. Мысалы, сыныпта – 2-3 сағат, үйде – 1 апта, не 10 күнге дейінгі мерзімге беріледі.
Мұғалім қосымша сабақ өтеді, жекелеген оқушылармен жұмыс жүргізеді, қосымша материалдар іріктеуге, эпиграф алуға көмектеседі. Оқушы шығарманы үйде жазып жатса, оның алғашқы сұлбасын оқып, ақыл-кеңес береді. Басында үлгісі берілген нұсқау-көмекті естеріне түсіріп, шығармаға қояр талапты қайталайды. Егер тақырып қиын болса, сыныпта немесе қосымша сабақта жоспар құруға көмек жасайды. Кейде оқушылардың пікірі, ойына ерік беру керек. Қай тақырыпта шығарма жазады, қай тақырып маңызды- өздері шешсін. Шығарма жазу үшін, ең басты мәселе- оқушының сол тақырыпты білуіне ғана емес, сонымен бірге білгенін көркем, тиянақты тілмен жеткізу қабілеті, тіл байлығы, сауаттылығы, әдеби талдауы, негізгі мәселелерді дөп тауып, соны тұжырымды бере білуі, дүниетанымы да үлкен рөл атқарады. Қосымша материалдарды пайдалана білу өте алғырлықты, зеректілікті қажет етеді. Сондықтан мұғалім балаларды шығармаға баулуда көп еңбектенуі, тер төгуі қажет.
Шығарма жазуда жоспардың жай, күрделі түрлері пайдаланылады. Егер оқушы шығармасының мазмұны, тілі, стилі, сауаттылығы жағынан талапқа сай жазылса, жоспар бар ма, жоқ па оны негізге алмау керек. Эпиграф жайлы да осыны айтуға болады.
Шығарма – оқушының білім деңгейін көрсететін шығармашылық жұмыс. Бұндай жұмыстар оқушыларға кең ойлауға, ойын дәлелдей алуға, өзіндік көзқарасын нақтылауға үйретеді.
Шығарма жаздырғанда балалардың өз тәжірибесіне сүйеніп, бойындағы білімін, дағдысы мен шеберліктерін жарыққа шығаруға, іске асыруға жол беру керек. Мазмұндама мен шығарма мұғалімнің басшылығымен дұрыс әдіс арқылы жүргізілгенде ғана белгілі бір нәтиже береді, көзделген мақсатқа жетеді.
Көркем мәтінді меңгертуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі – мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап,сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға,естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркестері мен сөйлемдер, бейнелі сөздер естерінде қалады,оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін, сөздер мен сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруға жаттығады. Методист-ғалым С.Рахметова бастауыш сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндаманы топтай келіп, мынадай түрлерін көрсетеді:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет