Фонфар ойналады. Ұстаз туралы ән орындалады. Ән аяқталады да екі жүргізуші сахнаға шығады 1 Жүргізуші



бет2/6
Дата02.05.2024
өлшемі72.5 Kb.
#500377
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Үздік мұғалім-2024» байқауының сценарийі

2-жүргізуші:
Бар өмірін балаларға арнаған,
Ғұмырларын ғибратқа жалғаған.
Ұлағатқа тасып-толған кемері,
Ұстаздарымыз сахнаға келеді,–
деп, ендеше бүгінгі осы ерекше де, қасиетті тұлға иелерін, яғни байқауға қатысушы ұстаздарымызды ортаға, сахна төріне шақырайық.


1-жүргізуші:
Шәкірт — менің мәртебем,
Мен — баспалдақ.
Мен арқылы шырқасыноласпандап.
Мерейленем,
Бой сергіпжасарамын,
Жасұланға ақжарқын жолашқанға-ақ, –деп үнемі шәкіртімен мақтанамын, дей келе бастауыш сынып мұғалімі Теміртасова Арайды ортаға шақырамыз.


2-жүргізуші:
Сынып — менің сахнам, отты алаңым.
Сонда жанып, қып-қызыл шоқ боламын.
Шоқ болмасам, қып-қызыл от болмасам,
Онда тоқырап тот басып жоқ боламын,– деген қазақ тілі пәнінің мұғалімі Рабдолла Мырзабекті шақырамыз
2-жүргізуші:
Оқушыммен мақтанам,
Олар сансыз.
От жүрекпен өртене сүйем шамсыз.
Деп тілеймін таусыла:
Оза шауып,
Жүйріктерден сурылып шықса шаңсыз,–деген тарих пәнінің мұғалімі Манев Жәнібекті ортаға шақырамыз:
1-жүргізуші:
Мұғаліммін.
Жұмыскер жай адаммын.
Жас өренге мейірі бай адаммын.
Космос ашып жанкешті болмағанмен,
Ұстаз деген атаққа сай адаммын,–деген физика пәнінің мұғалімі Абсеметова Гүлнараны ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Айтады олар әр жерде аға атын,
Бола біл тек жанына от жаға алатын.
Мұғалімнен өмірлі адам бар ма,
Бір өмірге мың өмір жалғанатын,–деген орыс тілі пәнінің мұғалімі Мұқай Айгерімді ортаға шақырамыз.
1 - Жүргізуші:
Балаға мен — әрқашан сая жаймын.
Асылымды бойда бар аямаймын.
Өреннің де қан құям жүрегіне,
Бағбандай гүлді күткен аялаймын - деген, математика және информатика пәнінің мұғалімі Төлеухан Бақытгүлді ортаға шақырамыз


2 - Жүргізуші:
География миға кірер білінбей,
Дауысы да оркестрдің үніндей.
Гүлжан апай – білімді де ұлы ұстаз
Отырады анда санда күлімдей. Құнанбаева Гүлжан апайды шақырамыз


1 - Жүргізуші:

Iзденісім, еңбегім, тебіренісім,


Ақыл-ойым, жігерім — жер жемісім…
Бәрі-дағы балаға — оқушыма,
Ұстаз тұтып соңыма ергені үшін дей келе дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жақсыбаев Сүлейманды ортаға шақырамын.
2 - Жүргізуші:
Шәкірт үшін мұғалім – олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жаны, ұқсайтын тұлғасы. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет