Фонфар ойналады. Ұстаз туралы ән орындалады. Ән аяқталады да екі жүргізуші сахнаға шығады 1 Жүргізуші



бет4/6
Дата02.05.2024
өлшемі72.5 Kb.
#500377
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Үздік мұғалім-2024» байқауының сценарийі

2 - Жүргізуші:
Еліміздегі жалпы әлеуметтік, саяси-экономикалық, тәрбие және білім, мәдени деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Ал, осы қадамдарды жүзеге асыратын мамандық иесі ұстаз екенін ескерсек, жақсы мұғалімнің қандай қасиетке ие болуы керектігін атап өткеніміз жөн.


1 - Жүргізуші:
Ең алдымен, ол – қай кезде де кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі.
2- Жүргізуші:
Оқушының білімге қанат қаққан сәтінен бастап, оның сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру – ұстамды ұстаздың ұстанатын міндеті. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
1 - Жүргізуші:
Жалғанады мың өмір мұғалімге.
Ақиқатты жалтармай ұғамын де.
Жақсы шәкірт — теңдессіз үлкен сыйлық,
Шапалақ соқ, қол ұсын мұғалімге,– деп бүгінгі сайыста сынға түскен ұстаздарымызға шапалақ соғып, құрмет көрсетейік!


2 - Жүргізуші:«Талпынған бала, талпынған құстай,
Құмары қанбас, аспанға ұшпай», - деп бабаларымыз дәл тауып айтқан.
Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал сол білім нәрін беруші – ҰСТАЗ. Ендеше келесі бөлімде қатысушы ұстаздар 15 минуттық панорамалық сабақ көрсету.
1 - Жүргізуші:
Бірінші нөмерлі сайыскерді ортаға шақырамыз.
15 минутта сабағын беріп шығады.
Екінші нөмерлі сайыскерді ортаға шақырамыз
15 минутта сабағын беріп шығады.
Үшінші нөмерлі сайыскерді ортаға шақырамыз.
15 минутта сабағын беріп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет