1 - Жүргізуші:
Әділ қазы алқасы солар тыңдар,
Анықтамақ, суырылып шығар кім бар?
Жеңіс –біреу, жеңіліс көп болғанмен
Шығады «жүзден жүйрік, мыңнан –тұлпар»,–
депбүгінгі сайыстың қорытындысын шығаратын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
2- Жүргізуші:
1.Әділ-қазылар алқасының төрайымы: Мектебіміздің директоры Койшыбаева Зинат
1- Жүргізуші:
2.Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары: Раймбекова Анар Жанатова
2- Жүргізуші:
3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Орманбаева Жанар Койшыбаевна
1-Жүргізуші:_4._Математика_пәнінің_мұғалімі:_Рахманова_Зухра_Туякбаевна_2-Жүргізуші'>1-Жүргізуші:
4. Математика пәнінің мұғалімі: Рахманова Зухра Туякбаевна
2-Жүргізуші:
5.Бастауыш сынып мұғалім: Сегізбаева Гүлжан Тұрдакыновна
1-Жүргізуші:
Енді байқауға қатысушылар қазір өздерінің реттік нөмірлерін таңдайды. Ондағы сан ретін атайсыздар. Сол сіздердің реттік нөмірлеріңіз болады. Реттік нөмірлеріңізді алған соң, орынға барып жайғасуыңызды сұраймыз.
2 - Жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Ұстаз һәм мұғалім туралы олардың алдынан өткен тұғырлы тұлғалардың түйдекті ой қалдырғандары көп. Соның ішінде тіл ғылымың атасы, атақты ұстаз Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген екен.
1-Жүргізуші:
Байқауымыздың негізгі сайысы «Менің заманауи педагогпын» тақырыбы бойынша жазған эсселерін және «Менің әдістемелік жұмыстарым» тақырыбында портфолиоларын әділ-қазыларға ұсынады.
(барлығы портфолиоларын тапсырып жатқанда сөздер оқыла береді)
2 - Жүргізуші:
– Иә, қаншама жыл, қанша ғасыр өтсе де Шығыс ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің осынау қанатты сөзінің мәні зор болып қала бермек. Ал, аталған мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |