|
«Астана медицина университеті» АҚ
|
Форма № РП-07.1.17-2009 ж.
|
Беру күні: 19.11.2009 ж.
|
Патологиялық анатомия кафедрасы
|
Тексеру күні:19.11.2009 ж.
|
Тексеріс #:
|
Тексеріс #:
|
Аралық бақылауға арналған тест тапсырмалары
1. Төменде көрсетілген белгілерді топтап, ауруларға жіктеңіз:
1) біріншілік амилоидоз
2) екіншілік амилоидоз
|
а) ешқандай аурудың нәтижесі болып табылмайды, б) белгілі бір аурудың нәтижесінде дамиды, в) түйіндер тәрізді жиналуға бейім, г) көбінесе мезодермальді тіндер зақымданады, д) көбінесе паренхималық ағзалар зақымданады.
|
2. Әктенулердің белгілерін жіктеп жазыңыз:
1) петрификациялар
2) ізбестік метастаздар
|
а) кәрілік инволюция кезінде жатыр тамырларының әктенуі, б) бауыр эхинококкының әктенуі, в) остемаляция кезінде миокардтың әктенуі, г) өкпедегі туберкулез ошақтарының әктенуі, д) созылмалы дизентерия кезінде тамыр қабырғаларының әктенуі, е) қалқанша маңы безінің ісіктері кезінде ішкі ағзалардағы әктену ошақтары
|
3. Аталған пигменттерге тән белгілерді атаңыз:
1) гемосидерин
2) гематоидин
|
а) құрамында темір болады, б) құрамында темір болмайды, в) физиологиялық, г) патологиялық, д) сары түсті, е) қоңыр түсті, ж) 7 күннен кейін дамиды, з) 24 сағаттан кейін дамиды
|
4. Аталған процестердің белгілерін топтастырып жазыңыз:
1) гиперкальциемия
2) гипокальциемия
|
а) қалқанша маңы безінің аденомасы, б) қалқанша маңы безінің гипофункциясы, в) некроздық колит, г) тетания, д) Д гипервитаминозы
|
5. Аталған процестердің белгілерін топтастырып жазыңыз:
1) қабынулық тастар
2) зат алмасулық тастар
|
а) көбінесе ұсақ, көптеген, б) көбінесе ірі, бір-бірден, в) беткейі тегіс, г) беткейі кедір-бұдыр, д) кесіндіде қатпарлы, е) кесіндіде сәулелі
|
6. Тамыр қабырғасындағы аталған морфологиялық өзгерістерді жіктеп жазыңыз:
1) жергілікті әктену
2) ізбестік метастаздар
|
а) атероклероздық табақшалардағы петрификаттар, б) созылмалы колит кезіндегі артериола қабырғаларындағы петрификаттар, в) кәрілік инволюция кезінде жатыр тамырларының әктенуі, г) гипервитаминоз кезіндегі өкпе артерияларының тармақтарыныңғ перификаты
|
|
«Астана медицина университеті» АҚ
|
Форма № РП-07.1.17-2009 ж.
|
Беру күні: 19.11.2009 ж.
|
Патологиялық анатомия кафедрасы
|
Тексеру күні:19.11.2009 ж.
|
Тексеріс #:
|
Тексеріс #:
|
7. Тегі бойынша меланин алмасуын жіктеңіз:
1) туа пайда болған бұзылыстар
2) жүре пайда болған бұзылыстар
|
а) альбинизм, б) тоқ ішектің меланозы, в) невустар, г) лейкодерма, д) Аддисон ауруы, е) пигментті ксеродерма, ж) меланома, з) витилиго
|
8.Құрамы бойынша қандай тромбтардың қай жерлерде орналасатынын көрсетініз:
1) қызыл
2) ақ
|
а) аяқ веналарында, б) митральді қақпақшалардың жармаларында, в) бас миының қатты қабықшаларының синустарында, г) қақпа венасында, д) қолқа атеросклерозында
|
9. Төменде көрсетілген процесстер қандай ағзаларда дамитынын атаңыз:
1) гипертрофия
2) гиперплазия
|
а) миокард, б) көк бауыр, в) лимфа түйіндері, г) эндометрий, д) қуық қабырғасы, е) асқазан қабырғасы, ж) артерия қабырғасы
|
10. Қандай ағзаларда төменде көрсетілген патологиялық процестер дамиды:
1) гангрена
2) инфаркт
|
а) бүйрек, б) ауыз қуысының шырышты қабығы, в) бас миы, г) жүрек, д) ішек, е) өкпе, ж) өт қапшығы, з) жатыр
|
11. Тромбтардың түзілетін жерлерін көрсетіңіз:
1) дилятациялық
2) өршімелі
3) марантикалық
4) шар тәрізді
|
а) аневризмалар, б) қоңыр индурация кезіндегі өкпелерде, в) аяқ веналарында, г) сол жақ жүрекшеде
|
12. Ісіктердің клиника-морфологиялық белгілерін жіктеңіз:
1) қатерсіз ісіктер
2) қатерлі ісіктер
|
а) ісікті алып тастағаннан кейін жиі тетастаз береді, б) жасушалар анаплазиясы, в) жасушалар полиморфизмі, г) жасушалардың жоғарғы дифференцировкасы, д) инфильтрациялық өсуі, е) сирек рецидив береді, ж) строма мен паренхиманың тепе-теңдігінің бұзылуы, з) патологиялық митоздар, и) экспансивті өсу
|
|
«Астана медицина университеті» АҚ
|
Форма № РП-07.1.17-2009 ж.
|
Беру күні: 19.11.2009 ж.
|
Патологиялық анатомия кафедрасы
|
Тексеру күні:19.11.2009 ж.
|
Тексеріс #:
|
Тексеріс #:
|
13. Қатерлі ісіктерді атаңыз:
1) дәнекер тіннен дамитын
2) бұлшық ет тінінен дамитын
3) тамырлардан дамитын
|
а) лейомиосаркома, б) фибросаркома, в) полиморфты жасушалы саркома, г) гемангиоэндотелиома, д) рабдомиосаркома, е) лимфангиоэндотелиома
|
14. Ісіктердің өсу белгілерін топтаңыз:
1) қатерлі
2) қатерсіз
|
а) жасушалар тамыр қабырғасына еніп өседі, б) қоршаған тіндерді бұзып өседі, в) қоршаған тіндерді басып өседі, г) пішіні дұрыс шар тәрізді, д) теттері айқын емес түйіндер түрінде, е) жасушалар қоршаған тіндерге енеді
|
15. Ісіктерді жітеңіз:
1) қатерлі
2) қатерсіз
|
а) остеосаркома, б)каверналық гемангиома, в) астроцитома, г) спонгиобластома, д) хондрома, е) хорионэпителиома
|
16. Атипизмнің морфологиялық белгілерін жіктеңіз:
1)тіндік
2) жасушалық
|
а) ісік жасушаларының алғашқы тіндерден күрт ерекшеленуі, б) строма мен паренхиманың тепе-теңдігінің бұзылуы, в) патологиялық митоздар, г) алғашқы тіндерге ұқсас, бірақ қалыпты емес құрылымдардың пайда болуы, д) ядролардың гиперхромиясы, е) жасушалар анаплазиясы
|
17. Морфологиялық белгілерді топтаңыз:
1) гломерулонефриттің
2) пиелонефриттің
|
а) капиллярлардың базальді мембранасының қалыңдауы, б) бүйрек абсцестері, в) астаушалар мен тостағаншалардың шырышты қабықтарындағы лейкоциттік сіңбелер, г) шумақшалар капиллярларының эндотелийінің пролиферациясы
|
18. Аталған ауруларға тән белгілерді жіктеп жазыңыз:
1)крупозды пневмония
2) бронхопневмония
|
а) бронх қуысында экссудат болады, б) плевропневмония, в) жедел бронхиолит, г) ошақты пневмония, д) бөліктік пневмония, е) ағымы кезеңді
|
|
«Астана медицина университеті» АҚ
|
Форма № РП-07.1.17-2009 ж.
|
Беру күні: 19.11.2009 ж.
|
Патологиялық анатомия кафедрасы
|
Тексеру күні:19.11.2009 ж.
|
Тексеріс #:
|
Тексеріс #:
|
19. Бронхоэктаздардың морфологиялық белгілерін жіктеңіз:
1) ретенциялық
2) деструкциялық
|
а) цилиндрлік, б) қап тәрізді, в) іріңді бронхит, г) катаральді бронхит
|
20. Аталған аурулардың қайсысы мына асқынуларға әкеп соқтырады:
1) бүйректердің біріншілік семуі
2) бүйректердің екіншілік семуі
|
а) гломерулонефрит, б) пиелонефрит, в) гипертониялық ауру, г) амилоидты нефроз
|
21. Аталған өзгерістердің қайсысы қай ауруға тән:
1) жедел гломерулонефрит
2) созылмалы гломерулонефрит
|
а) шумақшалардың жеке ілмектерінің тромбозы, некрозы, б) шумақшалардың склерозы, в) шумақшалардың капсуласының қуысындағы фибринозды-геморрагиялық экссудат, г) мезангий жасушаларының пролиферациясы
|
22. Цирроздардың этиологиялық факторларын атаңыз:
1) некроздан кейінгі цирроз
2) портальді цирроз
|
а) В гепатиті, б) созылмалы анемия, в) жүректің созылмалы жетіспеушілігі, г) бауырдың жедел токсикалық дистрофиясы
|
23. ЖИА ауру кезіндегі миокардта дамитын морфологиялық өзгерістерді топтаңыз:
1) жедел ЖИА
2) созылмалы ЖИА
|
а) миокард инфарктісі, б) жүректің созылмалы аневризмасы, в) жүректің жедел аневризмасы, г) қайталанбалы инфаркт, д) кардиосклероз
|
24. Гепатитерге тән морфологиялық белгілерді топтап жазыңыз:
1) А гепатиті
2) бауырдың токсикалық дистрофиясы
|
а) гепатоциттердің майлы дистрофиясы, б) ауқымды некроздар, в) баллонды дистрофия, г) бірең-сараң гепатоциитердің некрозы
|
25. Гепатитерге тән морфологиялық белгілерді топтап жазыңыз:
1) вирусты гепатит
2) алкогольді гепатит
|
а) гепатоциттердің ақуыздық дистрофиясы, б) Маллори денешіктері, в) гепатоциттердің майлы дистрофиясы, г) Каунсильмен денешіктері, д) бұлыңғыр-шыны тәрізді гепатициттер, е) инфильтраттарда нейтрофильдә лейкоциттер
|
|
«Астана медицина университеті» АҚ
|
Форма № РП-07.1.17-2009 ж.
|
Беру күні: 19.11.2009 ж.
|
Патологиялық анатомия кафедрасы
|
Тексеру күні:19.11.2009 ж.
|
Тексеріс #:
|
Тексеріс #:
|
Аралық бақылауға арналған ситуациялық есептер
1. Жүректің митральді қақпақшаларын гистологиялық зерттелуі кезінде олардың жармаларының айқын базофилиясы анықталған. Толуидин көгімен бояғанда ол күлгін-қызыл түске боялған. Бұл процесс қалай аталады? Даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Өт қапшығын ашып қарағанда қуысында тығыз, көпбұрышты пішіндес, беткейі тегіс «фасеттелген» заттар анықталған. Кесінде олардың құрылысы қатпарлы болып келген. Осы заттарды атаңыз. Патогенезі бойынша түрлерін анықтаңыз.
3. Гистологиялық зерттеу кезінде бүйректердің иреленген өзекшелерінің дистальді бөліктерінің эпителий жасушаларында, бауыр жасушаларында, ұйқы безінің Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларында гликогеннің жиналғандығы анықталған. Дистрофияның қандай түрі жайлы сөз қозғалып отыр?
4. Бауыр циррозымен ауыратын науқастың ішінің алдыңғы қабырғасының веналары ирелеңдеп «медуза басы», асцит дамығандығы анықталған. Іш қуысындағы артық жиналған сұйықтықты шығыру барысында ол есінен танған. Осы кезде қан айналымының қандай бұзылыстары дамығандығын атаңыз.
5. Жүректі гистологиялық зертегенде миокард стромасында лимфоидты жасушалардан, гистиоциттерден,, плазмалық жасушалардан, фибробласттардан тұратын жасушалық сіңбелер анықталған. Қабынудың түрін атаңыз.
6. Науқас миокард инфарктісінен кейін жүректің созылмалы жетіспеушілігінен қайтыс болған. Жүректің созылмалы жетіспеушілігі кезінде ішкі ағзаларда дамитын өзгерістерді атаңыз: а) бауырда, б) өкпеде, в) бүйректерде, г) көк бауырда, д) тері асты май қабатында.
7. Науқас әйел күн сәулесінің астында біршама уақыт болғаннан кейін жедел түрде науқастанған. Қан қысымы көтеріліп, нефротикалық синдром дамып, бетінде «көбелек» тәрізді дақтар пайда болған. Оған жүйелі қызыл жегі деген
диагноз қойылған. Емдік шараларға қарамай бүйректердің жетіспеішілігінің белогілері өрістей берген. Ауру басталғаннан бір жыл өткеннен кейін қайтыс болған. Аутопсияда бүйректерде қандай өзгерістерді көруімізге болады: оның пішіні қалай өзгереді, тығыздығы, түрі, қыртысты мен милы қабаттары? ЖҚЖ аурулардың қандай тобына жатқызады?
8. Үдемелі тыныс алу жетіспеушілігінен қайтыс болған науқаста аутопсия кезінде келесі өзгерістер анықталған: оң өкпесінің жоғарғы бөлігі тығыздалған, кесіндідегі түрі ұсақтүйіршікті, түсі – сұр. Плеврасы бұлыңғыр, бетінде сұрлау түсті оңай алынатын жабындылар бар. Өкпеде мен плеврада дамыған қабыну түрін атаңыз.
9. Сол жақ ортаңғы ми артериясының туа пайда болған аневризмасы бар науқас кенеттен өлген. Аутопсияда сол жақ самай бөлігінде массивті түрде қан жиналып, оның ми тініне сіңгендігі анықталған. Қан кету себебі не? Қан төгілудің қандай түрі дамыған?
10. Миокард инфарктісімен ауырған науқаста нәтижесінде жүректің созылмалы аневризмасы мен оның қуысының тромбозы дамыған. Кенеттен белінінің оң жағы ауырып, зәрінде қан анықталған. Оң жақ бүйректе қандай патологиялық процесс дамыған? Оның макроскопиялық сипаттамасы (аталуы)? Науқаста осы процесстің дамуының себебі?
11. 2 жыл бұрын науқастың бауырының 1/3 бөлігі алынып тасталған. Резекция шеті мен қалған тіндерде қандай өзгерістерді анықтауға болады? Компенсациялы-бейімделу процестердің қайсы жайлы айтуға болады? Процестің қай түрі?
12. Мишық бұрышы көпірінің маңындағы мидың қатты қабықшасының астында домалақ пішіндес, тығыз, айқын шектелген, есту нервімен жалғасқан, кесіндіде – ақшыл-сары түсті түйін анықталған. Микроскопияда – ісік таяқша тәрізді ядролары мен нәзік протоплазмалық өскіндері бар ұзарған жасушалар будақтарынан құралған. 1. Ісіктің жетілу деңгейін анықтаңыз. 2. Оның гистогенезін анықтаңыз. 3. Диагноз қойыңыз. 4. Көрсетілген орналасуын белгілеңіз.
13. 40 жастағы ер адам жүректің айнуы, құсу, ішінің ұлғаюы, бастың ауруы, әлсіздік симптомдарымен ауруханаға түскен. Зерттеу барысында оның ащы, тоқ және сигма тәрізді ішектерінің кеңейгендігі анықталған. Резекцияланған сигма тәрізді ішекті морфологиялық зерттегенде келесі өзгерістер анықталған: шырышты қабығында көптеген, домалақ пішіндес, диаметрі 0,5 см-ден 3,0 см-ге
дейін жететін, жұмсақ-эластикалық консистенциялы, түсі ақшыл-қызғылт түсті түйіндер анықталған. Микроскопияда – олардың құрылысы призмалық эпителийімен қапталған, стромада орналасқан көптеген бездерден тұрады. 1. Диагноз қойыңыз. 2. Дамыған асқынуды атаңыз. 3. Оның қатерлі аналогын атаңыз.
14. Етеккір циклі бұзылу себебімен гинекологтың зерттелуінен өткен әйелдің жатырын ампутациялау операциясы жүргізілген. Операциялық материалды зерттеуге алғанда келесі өзгерістер анықталған: жатырдың көлемі ұлғайған, беткейі ірі түйінді. Кесіндіде: диаметрі 0,5 см-ден 6,0 см-ге жететін, сыртында капсуласы бар, түсі сұр-қызғылт түсті, құрылысы қатпарлы көптеген интрамуральді, субмукозды, субмукозды ісіктік түйіндер анықталған. Микроскопияда – ісіктік түйіндер дәнекер тін мен бұлшық ет тіндерінен құралған бір-бірімен өріліп келген будақтардан құралған. 1. Диагноз қойыңыз. 2. Ісіктің орналасу мүмкіндігін атаңыз. 3. Ең жиі дамитын асқынуларын атаңыз.
15. 50 жастағы науқастың қанының анализінде лимфоциттік жасушалардың көбеюіне байланысты лейкоциттердің 135000 дейін жоғарлағандығы анықталған. Клиникалық симптомдардың ішінен мойын лимфа бездерінің, талақ пен байрының ұлғайғандығы байқалған. Бір жылдан кейін науқас келесі шағымдар бойынша ауруханаға түседі: дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тамағындағы ауру сезімі. Қанда лимфоциттердің бластты түрлері анықталған. Лейкоздың түрін атаңыз. Қанда бласттардың пайда болуына қарай ауру ағымының ерекшелігі жайлы айтыңыз. Жұтынған кезде тамағында ауру сезімінің пайда болуын немен түсіндіруге болады? Лимфа бездерін микроскопиялық зерртеуде қандай өзгерістерді көруімізге болады?
16. Жас адам дәрігерге оң аяғына басқан кезде қатты ауру сезімі мазалайтындығы және оң жақ санының маңайында ісік тәрізді ісінудің пайда болғандығы жайлы шағымданып келді. Зерттеу нәтижесінде оң жақ сан сүйегінің метафизінің маңында орналасқан, шеттері айқындалмайтын, тығыздығы жұмсақ, түсі «балық етіне ұқсас» ісік анықталған. Микроскопияда – ол ісік остеобластты типтес, митоздары көп, атипиялық жасушалардан тұратын остеогенді тіннен құралғандығы айқын болды. Диагноз қойыңыз. Қандай ағзаларға метастаз береді? Осы ісік ісіктердің қандай тобына жатады? Оның қатерсіз аналогын атаңыз.
17. Науқаста көп уақыттан бері қан қысымының 180/200 дейін көтерілетіндігі байқалған. Кейінгі кездері әлсідік, тез шаршаушылық және полиурия пайда болған. Зерттеу кезінде зәрдің құрамында ақукыз бар екендігі, қанда креатинин мөлшері артқандығы анықталған. Бүйректердің өршімелі түрде түрде дамыған
жетіспеушілігі есесінен науқас қайтыс болған. Бүйректерде дамыған процесс қалай аталады? Бүйректердің өршімелі түрде жетіспеушілігі дамыған кезде дамитын аутоинтоксикация жағдайы қалай аталады?
18. Науқас кенеттен қан құсып 2 сағатан қайтыс болады. Аутопсияда – бауыры кішірейген, беткейі ұсақтүйіршікті болып өзгерген, тығыздалған. Өңештің төменгі үштен бір бөлігінің веналарының варикозды кеңеюі анықталған. Асқазан қуысында көлемі 2 л-дей ұйындылары бар сұйық қан анықталған. Аурудың морфологиялық түрін атап, диагноз қойыңыз. Өңештің веналарының варикозды кеңеюі қандай патологияның белгісі болып табылады? Өлім себебін атаңыз.
19. Аутопсияда – оң өкпесінің жоғарғы бөлігі тығыздалған, ұлғайған, плеврасында фибринозды жабындар бар. Өкпе ауасызданған, түсі – сұр. Кесіндіде - өкпенің өзгеріске ұшыраған бөлігінде диаметрі 3 см, шеттері анық, ішінде сары-жасыл түсті сұйықтық бар қуыс анықталған. Қандай ауру жайлы сөз қозғалып отыр? Аурудың кезеңі мен асқануын атаңыз.
20. Аутопсияда – митральді қақпақшаның жармаларының склерозы мен жабысуы есінен атриовентрикулярлы тесіктің тарылғандығы анықталған. Сонымен қатар, перикард қуысы облитерацияланған. Митральді қақпақшаның деформациясын дамытқан ауруды атаңыз. Митральді қақпақшаның ақауы қалай аталады?
21. Бауырдың гистологиялық зерттелуінде бауыр бағандарының дискомплексациясы, гепатоциттердің баллонды дистрофиясы, жеке гепатоциттердің ошақты некроздары анықталған. Перипортальді жолдарда – лимфоциттер мен гистиоциттерден тұратын сіңбелер анықталған. Осы морфологиялық суреттеме қандай ауруға тән?
22. Резекцияға ұшыраған асқазанды сипаттау барысында дәрігер-патологоанатом асқазан қабырғасындағы қалың, склерозданған шеттері бар терең ақауды суреттеген. Ақаудың түбінде фибринозды-іріңді экссудат болған. Микроскопиялық зерттеуде – фибриноидты некроз ошақтары, грануляциялық тін анықталған. Ауру және оның кезеңін атаңыз.
23. Ұсақ буындардың буындық беткейінде грануляциялық тіннің қалыптасу лшақтары мен асныда жатқан шеміршектің бұзылу ошақтары анықталған. А) Осы өзгерістер қандай ауруға тән? В) Осы аурудың нәтижесінде қандай асқынулар дамиды?
24. Ұзақ мерзім бойы бронхоэктаздық аурумен найқастанған адам бүйректің үдемелі жетіспеушілігінен қайтыс болған. Секцияда- «үлкен майлы бүйрек» анықталған. Бүйректерде дамыған патологиялық процесті атаңыз.
25. Патологиялық-анатомиялық бөлімшеге келесі өзгерістері бар құрт тәрізді өсінді жіберілген. Оның дистальді бөлігі қалыңдаған, серозды қабықшасының бетінде фибринозды заттар бар, қуысында ірің бар. Жедел аппендициттің түрін атаңыз. Мүмкіндікң асқунуларын атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |