Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы, №2 (29), 2011 ж.
15
тіршілігі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде, пікір алысуда маңызды. Жеке кеңестердің тәрбиешінің
отбасымен тығыз байланыс орнықтыруында маңызы зор. Әсіресе, топты жаңадан жинақтағанда, мерекелік
іс-шаралар қарсаңында жиі ӛткізіледі. Оған тәрбиеші алдын ала дайындалғаны абзал, ол үшін ата-анаға
алдымен қандай сұрақтар
қою керектігін ойланып, жоспарлап алғаны дұрыс. Жеке кеңестер таныстыру
сипатында және ата-анамен тәрбиешінің арасында тығыз байланыс орнықтыратындай бағытта болуы
шарт. Тәрбиеші ата-аналарды ӛзінің кәсіби жұмысындағы тӛмендегідей маңызды мәліметтермен
таныстыруы мүмкін:
● баланың денсаулығының ерекшеліктері;
● оның қызығушылығы мен іс-әрекетіндегі жетістіктері;
● отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті;
● мінез-құлқындағы эмоционалдық әсерленуі;
● мінез сипатының
ерекшелігі;
● ойын іс-әрекетіндегі белсенділігі;
● құрбыластарымен қарым-қатынас ерекшеліктері, т.б.
Үйге бару – мұнда тәрбиешінің ата-аналармен жеке жұмысы және баланың отбасындағы
жағдайымен танысу.
Ата-аналар жиналысы – тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарына талдау жасау және тәжірибені
педагогика ғылымы негізінде ой елегінен ӛткізу.
Жалпы ата-аналар жиналысы – жылына екі рет ӛткізіледі.
Ата-аналар оқулары – бұл бала тәрбиесі жайында ата-аналармен ӛткізілетін ӛте қызықты жұмыс
түрінің бірі.
Мұнда олар тек қана педагог, психологтарды тыңдап қана қоймайды, ӛздері алуан түрлі
әдебиеттермен танысып, оқып үйреніп оны талдауға қатысады. Оны ұйымдастырудың жолдары:
біріншіден, оқу жылының басында, алғашқы ата-аналар жиналысында
оларды толғандыратын
педагогикалық, психологиялық проблемаларды анықтап алады. Ол туралы тәрбиеші арнайы ақпараттар
жинайды және оған талдау жасайды. Әдіскердің кӛмегімен әдебиеттер таңдап, оны ата-аналарға оқу
ұсынылады. Олар пайдаланған әдебиеттері бойынша алға қойған мәселелерінің шешу жолдарын айтып
баяндайды, пікір бӛліседі. Тәрбиешімен ой бӛліседі. Таңдалатын тақырып қызықты әрі барлық ата-
аналарға ортақ, толғандыратын тартымды болғаны тиімді болмақ.
Ата-аналар кештері – мұндай кештер ата-аналар ұжымын біріктіруге, береке бірлікке шақырады.
Ол жылына бір-екі рет ӛткізілуі мүмкін, мұнда балалар қатыспайды. Ата-аналар кештерінің маңызы – ең
бастысы, мұнда олар ӛз балаларының достарының ата-аналарымен пікірлеседі, балаларының ӛмірлік
маңызды мәселелерін талқылайды. Ата-аналар ең негізгі мәселе
ретінде бір-бірін тыңдауға, ӛзі тыңдай
білуге ішкі жан дүниесімен бӛлісе білуге үйренеді.
Ата-аналар кештерінің мүмкін болатын тақырыптары:
1. Баланың дүниеге келуі және алғашқы жылдағы дамуы.
2. Баланың ең алғашқы кітабы.
3. Менің баламның болашағы? Мен оны қалай кӛремін?
4. Менің баламның достары.
5. Менің отбасымның мерекесі.
6. Біздің отбасымыздағы «болады», «болмайды» ұғымдары жайында.
7. Туған күнді қалай тойлайсыз?
8. Біздің балаларымыздың айтатын әндері.
Аталған кештен ата-аналар бір-біріне үлгі боларлықтай пікір бӛлісіп, ӛз тәжірибелерін ортаға
салып, тың, жаңа, қызықты мәселелерді үйренетіндей болғаны абзал.
Ата-аналармен жүргізілетін тренингтер – бұл ата-аналардың ӛз балаларына деген мінез-құлқын,
қарым-қатынасын ӛзгертуге ықпал ететін жұмыс түрі. Тренингқа ата-аналардың екеуі де қатысқаны
тиімді. Тренингқа 12-15 ата-ана қатыса алады. Тренингқа ата-аналар тұрақты түрде және белсенді
қатынасқанды нәтижелі болады. Оның нәтижесіне жету үшін 5-8 рет ӛткізу тиімді. Ол негізінен балабақша
психологымен бірлескен жұмыс жоспары жағдайында ӛткізіледі. Тренингтерді тӛмендегі
тақырыптарда
ӛткізу ұсынылады: «менің сүйікті ойыншығым», «менің сүйікті кейіпкерім», «балалар ойыны»,
«балалықты еске алу», «менің отбасым туралы бейне кӛрініс», «компьютердің пайдасы мен зияны», т.б.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасындағы тәрбиеде бірлік орнату үшін ата-аналарды
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», №2(29), 2011 г.
16
балабақшаның ӛмірімен таныстырып, онда балалардың ӛмірі қалай ұйымдастырылатынын,
тәрбиешілердің қандай міндеттер шешетінін, балалардың күні бойына немен шұғылданатынын, олардың
мінез-құлқына қандай талаптар қойылатынын, ата-аналар үшін қандай ережелер бар екенін, ол ережелер
немен шарттас екенін айқын білуі қажет және отбасымен ынтымақтастықта бірлесіп еңбек ету керек
Достарыңызбен бөлісу: