Формы повышения конкурентоспособности дошкольного образовательного учреждения в условиях реформирования образования



Pdf көрінісі
бет10/81
Дата17.12.2022
өлшемі1.37 Mb.
#467417
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81
Nshfk 2 29 2011

 
 
 
 
 
 
 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы, №2 (29), 2011 ж. 
13 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕНІҢ ОТБАСЫМЕН ЖҦМЫСЫ 
Р.Е.Каримова –
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы 
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап, 2 тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және 
оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы», - деп ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдыры 
қатар қойылған. Осы орайда, балаға дұрыс бағыт беретін үлкен, мықты тәрбие ошағы болып саналатын - 
отбасы. Демек, баланың келешекте қандай адам болуы ӛзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі, 
ондағы қарым-қатынасқа байланысты болмағы күмәнсіз.
Жаңа ӛмір қалыптаса бастаған сайын, отбасының балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың зор 
жауапкершілігі атап кӛрсетіледі. "Балалары бар отбасыларға мемлекеттік кӛмекті күшейту жӛніндегі 
шаралар туралы" 1981 жылғы 22 қаңтардағы қаулысында балаларды тәрбиелеуде отбасыға кӛмек біздің 
қоғамымызды дамытудағы әлеуметтік бағдарламаның маңызды бағыты ретінде қаралады. Балаларды
отбасында тәрбиелеуге, қоғам мен отбасы тәрбиесін тиімді үйлестіруге зор маңыз бере отырып, 
тәрбиелейді.
Отбасы-адам баласының ӛсіп-ӛнер алтын ұясы. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің ӛзі: 
«ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, 
парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу», - деп 
кӛрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі 
мәні отбасындағы ӛзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады.
Отбасы – бұл баланың ӛмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты кӛзі, тәрбиелеу мен қарапайым 
біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын 
сезінетін орын. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайда – балалар жақсы жетістіктерге жетіп, ӛзінің 
даму әлеуметіне кӛтеріле алады. 
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық – баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің 
жұмысының сапасын арттырады, ол тӛмендегі жағдайларға негізделеді:ӛзара сапалы қарым-қатынас
ӛзара сыйластық, әлемге деген түсіністік кӛзқарас және оның тиімділік ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну, 
бір-біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен 
білім беру ӛз нәтижесіне жетеді. 
Жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісінде мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы байланысқа 
үнемі кӛңіл бӛлінуі тиіс. 
Мұндай ынтымақтастық қазіргі ӛмірдің объективті заңдылығы. Осы міндетті орындауда 
педагогтарға ерекше талап-тілектер жүктеліп отырғандығы белгілі. Педагогтың ерекше еңбекті қажет 
ететін жұмысының бірі- отбасымен, ата-анамен жан-жақты байланыс жасау болып табылады.
Тәрбие қазіргі қоғамның болашақ азаматтарының жеке басын қалыптастыруға зор ықпал етеді. 
Мектепке дейінгі мекеме мен балабақшаларда балаларды тәрбиелеумен маман педагогтар айналысады, 
олар арнайы ұйымдастырылған жағдайларда, бірыңғай мемлекеттік бағдарламамен жұмыс істейді. 
Отбасында, адамдардың мәдени деңгейі үнемі ӛсіп отыратынына қарамастан, отбасының ересек
адамдарының әрқашан педагогикалық білімі жеткілікті бола бермейді, ӛзара және баламен арадағы 
қарым-қатынасты дұрыс жолға қоя білмейді, баланың жеке басын үйлесімді дамыту жӛнінде жеткілікті 
қамқорлық жасай алмайды. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері педагогикалық білімді жүйелі және 
белсенді түрде таратып отыруға, отбасында балаларды қалай тәрбиелеуге кӛмектесуге, қоғамдық
тәрбие мен отбасылық тәрбие беру барысындағы сабақтастық байланыстарды жетілдіруге міндетті.
Ата - аналарға жүйелі түрде жан-жақты педагогикалық білім беру оларды теориялық білім 
негіздерімен балалармен жүргізілетін жұмыс тәжірибесімен де таныстыруды кӛздейді.
Мектепке дейінгі балалар мекемесінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері әр алуан: 
жанға жайлы сӛз, тәрбие берерлік жұмысты кӛрсету, кӛрме ұйымдастыру, педагогикалық кітапханаларды 
ұйымдастыру, балабақша ӛміріне ата-аналарды белсенді қатыстыруға тарту және басқалары жатады.
Ата-аналарға берілетін ақыл-кеңестер жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкін. 
Жоспарланған тақырыптар мен олардың мазмұны сияқты жоспардан тыс кеңестің де тақырыптары 
мазмұны талқыланып, одан соң балабақша меңгерушісі бекітеді. Жоспарланған кеңесті ӛткізудің уақыты 
мен мерзімі күні бұрын белгіленеді. Содан кейін ата-аналарға хабарланады. Кейбір кеңестерге барлық 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», №2(29), 2011 г. 
 
14 
топтың ата-аналарын да шақыруға болады. 
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс, оларға педагогикалық білім беру белгілі бір жүйемен жүзеге 
асырылуы мүмкін. Меңгеруші педагогикалық ұжыммен бірге отырып осы жұмыстардың жылдық
жоспарын жасайды.
Мектепке дейінгі балалар мекемесі мен балабақшаның ата-аналармен жұмысының мазмұны 
тӛмендегідей: 
а) ата-аналардың педагогикалық, психологиялық білімдерін кӛтеру (дәрістер оқу, семинарлар 
ұйымдастыру, жеке және топтық кеңестер, тәжірибелік жұмыстар, т.б.); 
ә) ата-аналарды оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыру (ата-аналар жиналысы, бірлескен 
шығармашылық жұмыстар, материалдық-техникалық база жасауға кӛмектесу); 
б) мектепке дейінгі балалар мекемесі мен балабақшаның әкімшілігімен бірлескен жұмыстар (ата-
аналар комитеті, ата-аналар кеңесі, аталар алқасы, әжелер клубы). 
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін 
кӛтеруге, балабақша мен отбасының ӛзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуметін 
арттыруға бағытталған болуы керек. 
Ата-аналармен жұмыстың әдістері: бақылау, әңгіме, пікірлесу, тест жүргізу, сауалнама жүргізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет