Формы повышения конкурентоспособности дошкольного образовательного учреждения в условиях реформирования образования



Pdf көрінісі
бет8/81
Дата17.12.2022
өлшемі1.37 Mb.
#467417
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81
Nshfk 2 29 2011

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», №2(29), 2011 г. 
 
10 
Сондықтан да, ата- аналар ӛз жауапкершіліктерін сол ұйымдарға аударып, тәлім – тәрбие жұмыстарына 
әсіресе ұлттық тұрғыдағы тәрбиеге айтарлықтай кӛңіл бӛлмеді. Ал қазіргі кезде отбасында жүйелі тәрбие 
беру істері кеңінен қолға алынуда. 
Отбасылық тәрбиенің маңызы туралы IХ ғасырда ӛмір сүрген ұлы данышпан бабамыз Әбу Насыр 
әл-Фараби : ―Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың 
жауы, ол оның барлық ӛміріне апат әкеледі‖ - дейді [4]. Сондай-ақ, қазақтың қаhарман ұлы Бауыржан 
Момышұлы: Біріншіден,бесік жырын айтатын келіншекердің азайып бара жатқанынан қорқамын, 
екіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың ӛсіп келе жатқанынан қорқамын.Ӛйткені, бесік жырын 
естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп ӛспеген баланың кӛкірек кӛзі кӛр болама деп қорқамын.Ал, 
кӛрдің қолына балта берсең, шаба салады, найза берсен сұға салады, намыстанбай бұға салады.Мен 
табиғатынан,тағдырынан болған соқырлақтан жазылмасаң, халық болудан қаламыз ба деп қорқам‖ – деп
ұрпақ болашағына алаңдайтынын білдіреді [5]. 
Ал ұлттық тәрбие дегеніміз не? Ол – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық 
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру,баланың қоршаған ортадағы қарым – 
қатынасын, ұлттық дүниетанымын, ӛмірге деген кӛзқарасын және соған сай ұлттық мінез – құлқын 
қалыптастыру. Сонымен, ата – аналардың басты мақсаты - дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани 
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар- ұжданы зор, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі 
қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Бүгін жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, 
ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу - үлкен міндет екені даусыз, ұрпақ тәрбиесінде халықтық 
тәрбиенің бастауы – ұлтжандылыққа, елдікке, отансүйгіштікке баулудағы уыз тәрбие – қазақи, халықтық 
этнопедагогика екенін тәуелсіз елдің ӛткені де, бүгіні де дәлелдеп отыр. 
Отбасындағы ата – ананың тәрбиелік тұлғасы - ӛтірік айтпау, алдамау, бейбастық әдет мінез 
кӛрсетпеу, сӛзімен, ісімен жасы ықпал жасау, ұяжандылыққа, ұлтжандылыққа, имандылыққа, үлкенді 
сыйлауға т.б қасиеттердің жиынтығын кӛрсеткен жӛн. Тәрбиенің бұл түрі ата – ананың балаға тәрбие 
берудегі әліппесі болу керек. Бала дүниеге келгеннен бастап, оның ӛміріндегі әр кезеңдерді тәрбиелік 
мәнінде атап ӛту. Баланың шілдеханасын, атын қою, сӛйлегенін, жүргенін, (тұсау кесу), сүндетке 
отыруын, мектепке баруын т.б осы сияқты бала ӛміріндегі ерекше кезеңдерді ұлттық тұрғыда баланың 
ӛмір бойы есінде қалатындай етіп отбасында ӛткізу. Отбасында баланы еңбекке тәрбиелеуге ерекше кӛңіл 
бӛлінген жӛн. Ал еңбек сабағы үй шаруасының жұмыстарынан басталу керек.Мүмкіндігінше баланың 
жынысына, жасына қарай үй шаруасының жұмысына кӛңіл бӛлу, яғни баланы халқымыздың дәстүрлі 
шаруашылықтары - мал бағуға үйрету, егін салуға, жеміс – жидек ӛсіруге, әсіресе қолданбалы бейнелеу 
ӛнеріне кеңінен баулу қажет.
Баланы тегін білуге тәрбиелеу ӛте маңызды мәселе. Ол рушылдық емес, жеті атасын біліп, туған- 
туысқандар арасындағы қарым – қатынастың мәнін үйрету және генофондыны сақтау екенін айтқан жӛн. 
Қорыта айтқанда, отбасы - тәрбие бесігі болуы керек, яғни жақсы тәрбие ананың ақ сүтімен, 
әкенің асыл сӛздері мен ӛнегелі істерімен берілуге тиіс. Еліміздің Ата Заңының 27- ші бабында 
«Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата – ананың табиғи құқығы әрі міндеті ‖- деп 
кӛрсетілген.Ата – бабаларымыз талай заманды бастан кешіріп, кӛрген білгендерін саралап, жақсы мен 
жаманды пайымдап, ӛмір сабақтарынан кемеңгерлікке ойлар тоқып, ақыл, ӛсиет, мақал - мәтелдер кейінгі 
ұрпаққа әспеттеп жалықпай жинаумен қатар ӛздері де сол пайымда ӛмір сүрді.Осы асыл қазыналардың 
қайнар бұлағынан кәусәр суынан сусындаған адам ұрпақтары ғасырдан ғасырға жалғасып ӛсіп 
келеді.Міне, осы асыл қазыналардың арқасында ұлттық қалпымыз құралып, ата- салтымыз, әдет- 
ғұрпымыз қалыптасып, ұлттық тұлғамыз сомдалды. Осы ӛмір сабақтарының негізінде қалыптасқан бала 
тәрбиелеудің халықтық тағылымы дүниеге келді.
Түйіндей келе, балаға ата – анасының жүріс – тұрысы, ӛмір тіршілігі, туған туыстары, достарымен 
қарым- қатынастары кӛрнекі құрал болса, айтқан тәлім – тәрбиелік ӛсиетті сӛздері, үйреткен ӛнегесі 
тәрбие оқулығының әліппесі болады деп есептейміз. 
1. Оразбекова К.А. Иман және инабат: Әдет және тұрмыс –салт психологиясы. –Алматы, 1993 
2. Табылдиев Ә. Халық тағылымы. –Алматы, 1991 
3. Жарықбаев Қ. Аталар сӛзі- ақылдың кӛзі. –Алматы, 1980 
4. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. –Алматы: Ғылым, 1973 
5. Момышұлы Б.Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 2004 
 
Резюме 
В статье рассматривается проблема семейного воспитания и пути его совершенствования. 
Summary 
The article is considered the condition of family education and its ways of dekelopment. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы, №2 (29), 2011 ж. 
11 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет