3-тaқырып.
ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТ ӨНЕРІ
Мaқсaты: Ежелгі Египет өнерінің пaйдa болуы мен дaмуын қaрaстыру, оның негізгі стильдік ерекшеліктері.
І. Дәріс.
Мысыр мәдениеті мен өнерінің бізге жеткен алғашқы бел- гілері шамамен біздің заманымызға дейінгі IV мыңжылдықтарда пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап,құл иелену- ші мемлекеттер біртіндеп өмірге келе бастады. Ғасырлар бойы мысырлықтардың асыраушы анасы болып келген берекелі Ніл дариясы енді қанаушы топтардың меншігіне айналды. Қанаушы топтар дәулеттері тасыған сайын жеке иеліктерге қожа болып, бір-бірімен қырғи-қабақ тайталасқа түсті. Құлдарды аяусыз қа- наудың нәтижесінде күшті, ірі тайпалы мемлекеттер құрылды. Б.з.б. IV мыңжылдықтың екінші жартысында қазіргі Мысыр же- рінде осындай екі құл иеленуші мемлекет ірге көтерді. Олар: Оңтүстік және Солтүстік патшалығы деп аталды. Б.э.б. III мыңын- шы жылдары Cолтүстік патшалығы ұзақ жылғы соғыстан кейін Оңтүстікке бағынып, тұтас Мысыр мемлекетін құрды. Нармер
тақтада Cолтүстік патшалығы болып табылады. Мысырда атақ- ты, айбынды адамдардың, патшалардың бастарына айтарлықтай ескерткіштер қою кең таралған. Олардың сенімі бойынша пат- шалардың басына қаншалықты бай ескерткіш қойсаң, қарапайым халыққа, қала берді бүкіл елге оның рақымы түсіп, ұдайы же- леп-жебеп отырады-мыс деп түсінді. Екінші жағынан, перғауын- дар қарапайым халыққа өз үстемдігін жүргізу үшін,өздерінің құдіреттілігін таныту үшін де осындай ескерткіштер салдыруға мүдделі болды. Пирамидалардың ішіндегі ең атақтысы – Хуфу Хеопс. Оны Мысыр перғауыны Хеопс (б.э. дейінгі XXVII ғасыр- да) салдырған. Мысыр елі кейінгі ғасырларда дүниежүзілік мә- дениет пен өнерге өлмес мұралар қалдырды. Адам сенгісіз, биік- тігі 20 метр, диаметрі 3,5 немесе 4 метр болатын тас бағаналар- дан тұрғызылған гепостильтерді – негізгі залдан тұратын ғиба- датхананы тіршіліктен тыс бір күш тұрғызғандай еді. Мысыр өнерінде, әсіресе мүсіндеуде белгілі бір заңдылық өлшемі ерек- ше орын тепті. Сондықтан да мүсіндеуде шеберлікпен қоса бір- сарындылық қатал сақталған.Мүсіндер белгілі бір қалыпта (по- зада) міндетті түрде алға қаратылып,кеуделері тік, тізелері бірік- тіріліп, бір деңгейде сомдалатын-ды. Гиза пирамидаларынан кейінгі аты шулы сәулет ғимараты – перғауын І Ментухотеп басына тұрғызылған ғибадатхана болды. Сол замандағы құнды ғимарат болды.Ғибадатхананың біраз бөлігі жартастан қашалы- нып тұрғызылды және де ең алғаш бағаналар тізбегі осында пай- даланылды. Тастан басқа ағаштан, фаянс, сүйектен түйін түю ілгері басты. Әсіресе домалақ мүсін жасау өрістеп,өнер шығар- маларында (бұрынғыдай тек патшаларды ғана дәріптемей) қара- пайым еңбек адамдарын,түрлі қызметшілердің кескінін сомдау дамыды. Сондай өнер туындысының бірі – әл-Берше ғибадатха- насынан табылған қызметші әйелдердің бейнесі. Топтама бейне ағаштан түйінделген. Аменхотеп-Эхнатонның тұсында өмірге әйгілі мүсіндер келді. Керемет сомдалғаны сондай, әлі күнге дейін адамзатты таңдандыруда. Ніл өзенінің батыс жағасында сәулетші Пенра Рамсес патшаға арнап тағы бір «Рамессеум» атты ансамбль-ғибадатхана тұрғызады. Патша II Рамсестің тұ- сында тұрғызылған сәулет құрылыстары Мысыр монументалды сәулетінің соңғы, ірі белгі-ескерткіштері болды.
Ежелгі Мысырда сурет салу әдісі. Тарихи деректер бойын- ша ежелгі Мысырда сурет салу мектепте сызу пәнімен қатар оқытылғанын білуге болады. Мектеп бітіруші жерді өлшеуді, бөлме жобасын, су құбырының кестесін сызуды білуге міндетті болды.
Мысырда оқушыларға сурет салуды оқытуға ерекше көңіл бөлінді, өйткені иероглифтік жазу әртүрлі заттар бейнелерінен тұрды.
Оқыту әдісі мен тәртібі барлық суретші педагогтарда бірдей болды. Алғашқы болып ежелгі мысырлықтар жас ұрпақты сурет салу дағдысына оқытуда белгілі бір жүйеге негізделген теория- лық заңдылықтарды жасай бастады. Олар суретсалуға оқыту процесін қоршаған ортаны тануға, байқауға емес, сызбаларды, қағидаларды (канондарды) жаттау арқылы үлгілерді көшіруге негіздеді.
Ал Ежелгі грек суретшілері оқыту мен тәрбие мәселесіне жаңаша тұрғыдан қарады. Олар қоршаған ортадағы өсімдікке, табиғи құбылыстарға көңіл бөлу қажеттілігін мойындап, бейне- леу өнерін оқытудың өзіндік ережелерін жасады. Гректер әдемі- ліктің мәні сымбаттылық, симметриялық, бөліктердің тұтастық үндестігі, дұрыс математикалық тепе-теңділік деп тұжырым- дады.
Грекияда б.з.д. VI ғасырда бірнеше сурет мектептері болды. Олар – сикиондық, эфестік және фивандық мектептер. Бұл мек- тептер әртүрлі әдістемелік бағыт ұстады. Фивандық мектеп жа- рық, көлеңке арқылы өмір шындығын және елесті көрсетуге бағытталды. Эфестік мектепте сыртқы сұлулыққа және табиғат- ты көркемдік тұрғыдан қабылдауға, соның ішінде шығармашы- лық, эстетикалық шабытқа мән берілді.
Ежелгі Римде де өнерге, соның ішінде бейнелеу өнеріне өте үлкен сүйіспеншілікпен қарады. Ауқатты адамдар грек суретші- лерінің туындыларынан коллекциялар жинап, тіпті ақсүйектер мен үкімет қызметкерлері сурет салумен және кескіндемемен (живопись) айналысты. Суретке оқыту Римдегі жалпы білім бе- ру мектептерінде жүргізілді.
Бірақ римдіктер грек суретші педагогтарының жасаған бей- нелеуге оқыту әдістемесін одан әрі дамытып жетілдірмеді, кері- сінше, кейбір оқыту әдістерін олар сақтай алмады. Грек суретші-
педагогтары бейнелеу өнерінің басты мәселелерін шешуге тал- пынып, өз шәкірттерін бейнелеуге оқуды ғылым арқылы игеруге шақырып, бейнелеуге ұсақ кәсіп ретінде емес үлкен шығарма- шылық ретінде қарау керектігін түсіндірсе, ал Рим империясы- ның суретші-педагогтарын бейнелеу өнерін оқытуды одан әрі дамыту мәселелері көп алаңдатпады. Олар бейнелеу өнеріне ұсақ кәсіп ретінде қарап, бейнелеуге оқытуда тек үлгіден көшіру әдісімен шектеліп, ұлы грек шеберлерінің жұмыс тәсілдерін қайталады.
Eжелгі көне дәуірде өнердің өркендеген уақыты орта пат- шалық тұсында болды. Осыған дейінгі замандарда перғауындар- дың құдайдай дәуірлеген билігі әлсіреп,Мысыр патшалығы бір- неше билікке бөлініп ыдырап кетті. Жеке бөлшектелген аймақ- тарға нормахтар билік жүргізді. Бұрын айтқандай, Мысыр хал- қының тағдыры көбінесе Ніл дариясымен көп байланысты бол- ды. Қарапайым халықтың ортақ асыраушысы болған дарияны жеке-жеке иелікпен пайдалану үлкен дау-дамай тартыс артынан экономикалық құлдыраушылық тудырды. Мысыр мемлекетінде бұрынғыдан да қиян-кескі күрес басталды. Нәтижесінде оңтүс- тік нормахтар мерейі үстем болып, бір орталыққа бағынған мемлекет болды. Жаңадан үкімет басына келген патшалар өзде- рінің астанасы Фивте және оның маңайында өткен перғауындар- дың жолын қуған ірі ғибадатханалар мен кесенелер тұрғыза бастады. Солардың ішіндегі ең елеулісі – Гиза пирамидасы, сәу- лет ғимараты перғауын І Ментухотептің басына тұрғызылған ғибадатхана. Ніл дариясының батыс жағалауы Бахиир бау- райында салынды. Ғибадатхананың өнер тарихында өзінің ерек- шелігімен сәулеттік тың әдіс арқылы тұрғызылған құнды ғима- рат. Ғимараттың біраз бөлігі жартастан қашалып тұрғызылды. Бағаналар тізбегінің үстінде маңдайша орнатылған. Негізінен ғибадатхана екі қабаттан тұрады, бірінші қабатта маңдайша бө- лігінде ортасында көтерме жол салынған. Ғибадатхананың атын шығаратындай бірнеше ерекшеліктері бар. Оның біріншісі – Ескі Мысыр патшалығы тұсында сәулет өнеріәдісі жымдасып, жарасым тауып тұруы. Екіншісі – ғибадатхана табиғатпен бай- ланыса жоғары үйлесімділік сәйкестікке қол жеткізуі. Жартысы қия жартастан қашалып тұрғызылған ғибадатхана айналасында әсерқалдырады. Бұл кезіндегі сәулетшінің ірі жетістігі. Осынау
аты аңызға айналған ғибадатхананы сол дәуірдің ірі сәулетшісі Иртисен жобалап салды.
Мысыр перғауындары осыдан кейін де өз биліктерін Мысыр жерінде тиянақтай түсті. Экономикалық шаруашылық реформа- лар жүріп, әскери күш шыңдалып, қуатты мемлекетке айналды. Сәулет кешенін, әсіресе патша Аменхотеп ғибадатханасын ай- рықша атап өтуге болады. Бұл ғимарат патша бұйрығымен ерек- ше тұрғызылған.
Достарыңызбен бөлісу: |