Г. А. Мейірманова Өнер тaрихынa кіріспе


-тaқырып. 10 аптаға қою керек ашық сабақ



бет27/102
Дата29.12.2023
өлшемі1.95 Mb.
#488324
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102
онер тарихы книга

7-тaқырып. 10 аптаға қою керек ашық сабақ


ҚAЙТA ӨРЛЕУ ДӘУІРІНДЕГІ ИТAЛИЯ ӨНЕРІ
Мaқсaты: Қaйтa өрлеу дәуіріндегі Итaлия көркемөнер мәдениетінің ерекшеліктері мен дaму кезеңдерін, осы кезеңдегі ұлы шеберлердің шығaрмa- шылығын оқып, білу.


І. Дәріс.


Қайта өрлеу дәуірінің бастау алып, дамыған, айналасындағы елдермен сауда-саттығы күшейген бай да, өркендеген мемлекет Италияеді. XV-XVI ғасырларда Италия мәдениет қайраткерлері мен ойшылдары өз дәуірлерінде өнер өрлеуін өте жоғары баға- лады. Антикалық мәдениеттен кейін ұзақ уақыт бойы Батыс Еуропа елдерінде тағылық, кертартпа заман үстем болып келді, тек енді ғана гүлдену, өркендеу дәуірі басталды деп есептеді. Италияда басталған бұл өнер, әдебиет, мәдениет, ғылым саласын- дағы бетбұрыс бірте-бірте Англия, Германия, Франция, Испания, Голландия, Финляндия және т.б. көптеген елдерге тарады.
Жалпы, Италияның Қайта өрлеу дәуірі негізінен екіге бөлі- неді. XV ғасырдағысы алғашқы қайта өрлеу, ал кейінгі XVI ға- сырдағысы жоғарғы қайта өрлеу дәуірі деп аталады.
Ең бірінші негізгі, түбірлі өзгеріс сәулет саласында болды. Сәулетшілер Италияда етек жайған романдық және готикалық стильден біржолата бас тартты. Антикалық сәулеттің бағыты- мен, соның әсерімен күмбезді сарай-ғимараттар, діни ғибадатха- налар тұрғызу әдетке айналды. Сол кездегі сәулет өнерінің не- гізгі үлгісі антикалық Римдегі Пантеон болды. Қайта өрлеу дәуірінің ең атақты ғимараты – әулие Петр күмбезі. Бұл ғима- ратты жүз жылдан астам уақыт бойы тұрғызды. Құрылысқа бас- шылық еткен ондаған басшылар мен сәулетшілердің ішінен ғимараттың алғашқы жобасын жасаған сәулетшілер Браманте мен Микеланджело есімдерін ерекше айтуға болады. Күмбездің бір ерекшелігі – сәулетші Микеланджело ғажап ойластырған 132 метрлік биіктіктегі өте зор күмбезі. Сонымен қатар күмбез өзінің ғаламат есепке құрылған тепе-теңдігімен, айналамен жымдасқан сәйкестігімен адамды тәнті етеді.
Осы кезеңде, әсіресе сұңғат өнері өзінің бұрын-соңды бол- маған биігіне көтерілді. Қайта өрлеу дәуірі өнерінің алғашқы қарлығаштарының бірі XIV ғасырда өмір сүрген, готиканы бас- тан өткізіп, жаңа ағымға жол салған ұлы суретші Джотто болды. Джоттоның атағын шығаратын еңбегі – «Иуда ишараты» жұм- ысы. Ол сонымен қатар сәулетші де болды. Өзінің басқаруымен салынған 84 метрлік аппақ мәрмәр тастармен көркемделген Кампанша ғибадатханасы осы күнге дейін сақталған.
Жоғары қайта өрлеу дәуірінде Италияда ұлы үш суретші жұмыс істеді. Сол дәуірдің барлық жетістігі, тынысы осы ше- берлердің жұмыстарынан айқын сезіледі. Олар: Леонардо да Винчи (1452 – 1519), Микеланджело (1475 – 1564) және Рафаэль
(1483 – 1520) болды.
Сәулетші Микеланджело биіктігі 132 метрлік зор күмбезді салуды ойластырған. Қайта өрлеу ғимараттары түрлі бағаналар- мен көмкеріліп, аса күрделі жасалды. Қайта өрлеу дәуірі өне- рінің алғашқы суретшілерінің бірі – ұлы суретші Джотто (1267 – 1337). Ол Римдегі антикалық өнермен жан-жақты танысты және сонда жүріп «Новичелла» атты мозайкалық шығармасын жазды. Қайта өрлеу дәуірінің суретшісі, мүсіншісі әйгілі Донателло (1386 – 1466) Флоренцияда дүниеге келген. Әйгілі мүсінші Ло- ренцо Гиберти шеберханасында мүсін өнерінен тәлім алып, жұ-
мыс істеген. Оның атақты шығармасы – Давид мүсіні. Аңыз бойынша Саул патшаның еліне қырық күн бойы қырғын салған, ешкім жеңбеген қанішер Голиаф деген сұсты батыр болады. Со- ған қарсы қарапайым бақташы бала Давид шығады. Донателло шығармасына негіз болған осы аңыздағы Давид ерлігі шынайы қалпында мүсінделген. Алғашқы қайта өрлеу дәуірінің тағы бір мүсіншісі – Андреа Верроккио (1435 – 1488). Ол Донателлоның шәкірті, жолын жалғастырушы болды. Оның атақты мүсінес- керткіші – әскери қолбасшы, полковник Коллеониге тұрғызыл- ған шығармасы Венецияда орын алған. Сол кездегі белгілі қыл- қалам шебері Мазаччо болды. Бұл суретші өнердің терең сыр- ларын Джоттодан үйренді. Флоренциядағы көне шіркеудегі екі фресканы Мазаччо 1427 жылы ешбір көмекшісіз жалғыз салады. Біріншісі – «Жұмақтан аластату», екіншісі – «Динарий ғалама- ты» жұмыстары. Бұл – өзіндік бояуымен танылған Бранкаччи капелласы. Кейіннен капелла Италия суретшілерінің көптеген ұрпақтары үшін тәжірибе мектебі болды. Атақты өнер шебер- лері, яғни Боттичелли, Леонардо, Рафаэль, Микеланджело осын- да жиі келіп, Мазаччо фрескаларымен танысты. Бұл суретші 1428 жылы Римде қайтыс болған. Суретші Мазаччодан кейін қылқалам шеберлерінің ішінен көрінген Сандро Боттичелли (1445 – 1510) болды. Ол қылқалам шеберлерінің жоғары шыңы- на жетті. Әйгілі картинасының бірі «Венераның тууы» болды. Тағы бір туындысы –«Көктем» картинасы. Мұнда ғаламат сұлу қозғалыс, иірім, гармония бар. Дене бітімі, сәйкестік заңдылығы керемет білгірлікпен берілген. Сандро Боттичелли әсіресе сұлу да әдемі мадонналарды жазумен әйгіленді.
Нидерландының Қайта өрлеу өнері. Нидерланды өнерін айт- қанда ең бірінші сұңғат өнерін атап өтуіміз қажет. Мұндағы сұңғаттың ескі стильден жаңа қайта өрлеу дәуірі стиліне өтуі өте ұзаққа созылды. Нидерланды сұңғатында адам бейнесі готи- калық сымбаттылық негізінде бейнеленіп, Италия суретшілерін- дей анатомиялық саралау жасалып, пропорциялық заңдылықтар сақтауға онша көңіл бөлмеді. Осы кемшіліктерді білдірмеу үшін адамды көбінесе киіммен бейнелеуді жөн көрді. Сонымен бірге олардың сұңғаттық шығармалары Италия суретшілеріндегідей ауқымды, монументалды бола алмады. Нидерландыда Италия-
дағыдай фреска, роспистер емес, көбінесе кішігірім қондырғылы картиналар жазу басым болды. Олар жалпы қала табиғатын, күнделікті өмір көріністерін кескіндеуді жөн көрді. Тағы бір ерекшеліктері: бейнелеу кезінде ұсақ-түйек болып табылатын шағын нәрселердің өзін тәптіштеп, аса бір ыждаһаттылықпен жаз- ды. Нидерланды сұңғатының негізін салушылардың қатарында ағайынды суретшілер Ян ван Эйк пен Хуберт ван Эйк болды.
Германиядағы Қайта өрлеу дәуірі. Германияда Қайта өрлеу дәуірі Италиядағыдай ұлы өзгеріс, ескінің бәрінен шынайы та- зарту процесін әкелмеді. Онда орта ғасырлардағы ой-өріс, сана- сезім әлі күшті сақталды. Сәулет өнерінде готикалық әсер бел- гілі болды. Оның бір айғағы – фасадтары көшеге қараған инедей үшкір шпильдердің көптігі. Бірақ та ел билеушілері мен ақ- сүйектердің әсем сарайлары ренессанс әдісті құрылысқа бет бұрды. Осындай баяу дамығанның өзінде, Германияда Қайта өр- леу өнері өзіндік белгі, із қалдырды. Әсіресе неміс сұңғаты бұрын-соңды болмаған биікке көтерілді. Бірақ та сұңғаттың бұл ағымы көпке созылмады, оның өмірі қысқа болды, небірі 20-30 жылға созылды. XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында елде жүргізілген діни сенімді «тазалау» реформациясы және ішкі тап күресі, шаруалар күресі Германияда жағдайды шиеленістіріп, өркендеп келе жатқан тамаша ренессанс өнерін біржолата құртты. Германиядағы Қайта өрлеу дәуірі сұңғаты Италия суретшілерінің сұңғатынан өзіндік ерекшелігі болды. Ита- лия сұңғатында өмірге деген құлшыныс, қуаныш сезімі басым бол- са, неміс өнерінде қайғы-мұң, қаталдық, өшпенділік сезімдер белең алып жатты. Неміс сұңғатын тілге тиек етіп айтсақ, ең бірінші еске түсетіні – Матиас Грюневальд. Бұл суретшінің аты да, жұмыстары да жүздеген жылдар бойы айтылмай келді. Ол шығармалары күшті драматизмге толы, ащы шындықты жеріне жеткізе білген әсерлі суретші болды. Ең атақты жұмыстарының бірі – Кольмара қала- сындағы Изенгеймск альтарындағы туындылары.
Франциядағы Қайта өрлеу дәуірі. Мұнда Франция корольда- ры Италияға барған сапарларында олардың жаңа өнерін өз еліне сіңіруді көздеді, сондықтан да ең үздік, шебер суретшілерді, оның ішінде Леонардо да Винчиді король сарайына жұмыс істеуге шақырды. Ұлы суретші өмірінің соңғы сәтіне дейін Франция королі І Францисконың сарайында қызмет етті.
Бірақ Италия мен Франция топырағына сіңіру іске аспады. Француздар өз ренессансын тудырды. Ол әсіресе сәулет өнерін- де өзіндік бейнеге ие болды. Өте әдемі де, әсерлі ертегідей са- рай-замоктар, әсіресе І Франциско тұсында көптеп тұрғызылды. Соның бірі – корольдың аңшылық қамалы Шамбор.
Француз сұңғат өнерінде ренессанстық бағытта көзге түскен суретшілер әкелі-балалы Жана Клуэ мен Франсуа Клуэ болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет