8-тaқырып.
КӨНЕ ОРЫС ӨНЕРІ
Мaқсaты: көне орыс көркемөнерінің лaму кезеңдері мен ерекшеліктерін қaрaстыру, әсіресе Киев Русінің өнер спецификaсын, сондaй-aқ Новгород, Влaдимир, Суздaль және Мәскеу сәулет өнерінің ерекшеліктерін оқу.
І. Дәріс.
Көне орыс өнері. Көне орыс өнерінің негізі қаланып, дамуы Русьтің христиан дінін қабылдауынан кейін жүзеге аса бастады. Дәл осы маңызды жағдайдан кейін мемлекеттің саяси өмірінде де, өнерінде де өзгерістер кезеңі басталды.
Жаңа сенімнің келуі ортағасырлық өнерге қайталанбас ан- тикалық грек өнерінің дәстүрлерін енгізді. Мысалы, алғашқы тас храмдар бой көтере бастады. Осындай құрылыстардың бірі қазіргі заман өнертанушыларын ғажайып формаларымен таңғал- дырып келе жатқан Киевтегі Десятинная шіркеуі болып табыла- ды. Фрескалар, мозайкалар, иконалар және інжілден (библия) алынған кейбір үзінділер ғасырлар бойы құндылықтарын жо- ғалтпақ емес.
X-XIII ғасырлардағы көне орыс өнері шығысславяндық скифтер мен сарматтар мәдениетінің симбиозы болып табыла- ды. Сонымен қатар бұл өнер ғажайып Византияның және жақын балқандық мемлекеттердің көне дәстүрлері мен архитектурасы- ның көрінісі ретінде орын тапқаны сөзсіз [1, 24-б.].
Ортағасырлық өнердің бір ерекшелігі – діни тақырып бо- луының міндеттілігі. Сол кездегі архитекторлар мен суретшілер сөзсіз шіркеу қызметкерлерінің айтқандарын бұлжытпай орын- даулары керек болған. Соған байланысты архитектурадағы қа- талдық пен аскетизм шіркеу нұсқауларының нәтижесі екендігін байқау қиын емес. Бұл ең алдымен архитектура формаларынан айқын байқалады.
Көне орыс монументалды живописі (фреска және мозайка) Киев Русі кезінде Владимир және Ярослав Мудрый кезінде пай- да болды.
Көне орыс өнері және оның негізгі тенденциялары София соборында айқын көрінеді.
«Сайқымазақтар»(скоморохи) – бұл собордағы ең танымал фрескалардың бірі. Аталған композиция оңтүстік мұнара қабыр- ғасында, екі терезе арасында, 4,70 м-ге созылып орналасқан. Оның астыңғы бөлігі ХІХ ғасырда шойын саты орналастыру кезінде құртылған. Фресканың салынған кезеңі де көп талқыға салынған болатын, бірақ кейінгі зерттеулер фресканың жасы собормен қатарлас – ХІ ғасырдың 1-жартысы екендігін көрсетті. Композиция құрамында 13 фигура бар. Оң жақтағы екеуі – акробаттар, қалған он бірі – музыкалық ансамбльдің мүшелері [2, 143-б.].
Көне Русьтің архитектурасы мен живописі стильдік ан- самбль ретінде византиялық архитектураның ықпалы нәтижесін- де қалыптасты. Архитектура мен живописьтің айқын мысалда- рын Псков және Тверь құрылыстарынан көре аламыз. Олардың басты ерекшелігі құрылыстың конструктивті сақталуға бағытта- луы және күмбез орналастырылған құрылыстың барынша қалың болуы еді [3, 7-б.].
Псков археологиялық экспедициясы кезінде ең үлкен қызы- ғушылық оятқан негізі 1374 жылы «шіркеу мастері» Кирилл салған Кирилл шіркеуі.
Дәл осындай қызығушылықты Девмонтова қаласының шы- ғыс шекарасында орналасқан тас храмдар туғызды. Храмдар 5 м биіктікті сақтаған. Әсіресе храмдардан табылған фрескалық рос- письтердің маңызы жоғары. Осы уақытқа дейін Псков живопи- сін біз 3 объект арқылы танысақ: Спас-Мирожский моныстырі (ХІІ ғ.), Богородица Снетогорск монастырі (1313 жыл) және Ме- летов ауылындағы Успения Богородица монастырі (1465 жыл), бұл объект Псков живописін толықтыра түскен [4, 210-б.].
Біздің заманымыздағы алғашқы ғасырларында өмір сүрген отырықшы славян тайпалары Римдік империя мәдениетімен та- ныс, содан әсер алған тайпалармен, халықтармен араласып, шы- ғысеуропалық үлкен аумақта қоныстанады. Орыс мемлекеттілігі пайда болған аумақтағы халық Византия, Иран, Кавказ жерле-
рімен, болгарлықтарымен шекаралас жатқандықтан, олардың жоғары дамыған қолөнерін, жазуын, сәулетін, кескіндемесін үй- ренді. Славяндықтар ұзақ жорықтарға шығып, көптеген оқиға- ларға қатысқан. Кейіннен табылған VI-IX ғасырлар ескерткіште- ріне қарап, көптеген мәселенің шешімін табуға болады, заттар- дың әртүрлі сарында және формада жасалғандығы түсіндіріледі. Бұл заттарға жататындар: қолөнер, тұрмыстық және жорал-
ғы ескерткіштер, қыш ыдыстар, сүйектен жасалған тарақтар, еакина, білезіктер, ат әбзелдерінің бөлшектері, бойтұмарлар, пұттар пішіндері. Белгіленген әрбір өрнек қандай да бір нысан- ды білдіреді. Мифологиялық көріністегі белгілі бір заттардың қалыптарын бейнелейді. Мәселен, сырға мен сақиналар Күн, гүл, Айды елестетеді. Заттардың әрбіреуінің өзіне тән мағынасы болды. Славяндықтар өзен мен көлге, ағаш пен тасқа табынды. Археологиялық зерттеулер барысында табылған пұттар бейнесі- нің қарапайым тастардан айырмашылығы көп емес. Олар бейне- леу сарындары мен шартты белгіленуі бойынша ерекшеленеді.
VI – IX ғасырларда Шығыстық славян мемлекеті құрылады. Осы кезеңде нақты иконатану қалыптасады. Князьдық орталық кұрылуына катысты князьдық басқару үйлерінің құрылысы бас- талды. Тайпа орталығы – қалалар әр алуан қолөнердің дамуына ықпалын тигізді, оның ішінде зергерлік өнер де бар. Тұрмыс заттары зергерлік өрнектермен әшекейленді. Жергілікті шебер- лердің колданған әдістері: эмаль, бүршік, нақыштау және шекі- ме болды. Мұндағы бейнелеу сарындары Иран мен Византия бейнелерінен келіп шығады.
IX-X ғасырларда қалыптасқан мемлекет Киевтік Русь ата- уын алады. Киевтік Русь Еуропаның саяси өмірінде маңызды орын алды. Онда жаңа мемлекеттік мәдениетпен қатар жазу жүйесі мен христиандық жиі қалыптаса бастады. Тұрмыстық мәдениеттегі дәстүр бір дәуірден екінші дәуірге өзгеріссіз көше- ді. Иран-сасанидтік, скифтік, эллинистік өнерден алынған өрнек ерекшелігі, сарындар мен нысандар өзгермейді.
Христиандық дін жас орыс мемлекетінің рухани мәдение- тінің, көзқарасының қалыптасуына ықпалын тигізеді. Адам өзі- нің қайталама ерекшеліктерімен табиғат әлемінен бөлініп шыға- ды. 988 – 1019 жылдары князь Владимир Святославович тұсын- да қабылданған христиандық, дінге қатысты, көркемөнер мен құрылыста қызу жұмыс басталады.
Ең ірі құрылыстың бірі – Киевтегі «Құдай анаға» арналған храм, шіркеу пішімін Киевтенбасқа да қалаларда көтеріліп жат- қан құрылыстарға әсерін тигізді. Жаңа қалада (Новгород) София ғибадатханасы, Ростовта Успения ғибадатханасы ағаштан бой көтерді (соңғысы 1160 жылы түрлі себептерге байланысты жа- нып кетті). Құрылыс бұдан әрі қарай өз жалғасын табады.
ғасырдың соңында Киевте князьдар билікке таласып күреседі де, Русь ыдырап кетеді. Тек XII ғасырдағана өз саяса- тын өзі анықтайтын мемлекетке айналады. XII ғасырда Русьтегі қалалардың өсуімен, орыс қоғамының бірігуімен ерекшеленді. Өнердегі салтанатты, монументті стиль XI ғасырдың аяғы – XII ғасырдың басында камералық стильге өзгереді, ондағы өнер тұрғылықты өмір салтына жақын болды.
ғасыр өнеріндегі стиль князьдық сарайдағы шеберлер қызмет істейтін шеберханалардан басқа, монастырьлардағы же- ке шеберханалар пайда бола бастайды. Олар тапсырыспен қатар жаппай сату үшін де жұмыс істейді. XIII ғасырдың 30-90 жылда- рынан бастап көркемөнердегі қызмет қалалық және қаладан тыс орналасқан шағын монастырьларда жасалды, көбінесе иконалар мен қолжазбаларды, шағын көлемді миниатюраларды әшекейле- ді. Ғибадатхана құрылыстарында жаңа көркемөнерлік талғамдар пайда бола бастады. Бұл даму әр алуан мәдениет орталықтарын- да әртүрлі ерекшелігімен көрінді.
ғасырдың соңы мен XV басындағы кескіндемешілер мен сәулетшілер адам өмірінің рухани, ішкі бейнесін ашуға тал- пынды. Бұл идеялар Мәскеуде туындап, суретшілер шығарма- шылығына ықпал етті. 1378 жылы храм қабырғасын қабырға су- реттермен толтырған белгілі византиялық суретші Феофан Грекпен бірігіп, 1405 жылы Андрей Рублев те өзін суретші ре- тінде көрсетеді.
ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында, 1485-1487 жылдары Мәскеулік Кремль құрылысы басталады. 1516 жылы құрылыс аяқталады. XV ғасырдың соңындағы сәулет ескерткіштерінің ерекшелігі тігінен бөлінуінде еді. XVI ғасыр- дың басында сәулет өнеріне ренессанстық сарындар, классика- лық ордерлер белгілері енеді, ал қондырғылы және монументті кескіндемеде батыстық әсер болмады. Өнердегі монументті стильде өзін көрсеткен суретші Дионисий болды.
ғасырдың ортасында Иван Грозный таққа отырады. Мәскеулік патшалыққа Қазан мен Астрахань келіп қосылады. Иван Грозный дәуірінде шіркеу рухани тәрбие беруші мемле- кеттік орынға айналады. Сәулет өнері дами түседі. Миниатюра икона жазуына және монументті кескіндемеге өз ықпалын тигі- зеді. Қаланың өсуіне байланысты Батыс және Шығыспен жаса- латын сауда әрі қарай ұлғаяды. Иван Грозный уақытында жасал- ған зергерлік бұйымдарда, оның ішінде тұрмыстағы заттарда (құмыра, ыдыстар, табақтар) қасиетті ғұрып сақталған.
ғасырдағы Ресей өнерінің тарихы қалалардың қарқын- ды өсуімен байланысты болды. Ғасыр басындағы өнерге алғаш- қы дәуірдегі сәулет және кескіндеме дәстүрлері үлкен ықпал етті. XVIII ғасыр I Петр реформаларымен ерекшеленген бола- тын. Бұл ғасырдағы орыс өнерінің жаңа уақыттағы мәдениеттің көне орта ғасыр өнерінің орнына келгендігі айқын көрінеді. Өнер қоғамдық өмірде жаңа мәнге ие болды.
ғасыр ортасындағы орыс сәулетінің ерекше көрсет- кіші мемлекеттік және қоғамдық ерекшелік болды. Орыс сәуле- тінің басында белгілі мүсіншінің баласы Ф.-Б.Растрелли тұрды (1700 – 1771).
XVIII ғасырдың ортасында Ресейдің ұлттық деңгейі өседі. М.В. Ломоносовтың қатысуымен (1755) Мәскеулік университет ашылады, Көркемсурет академиясы құрылады(1757), орыс теа- тры пайда болады. Жаңа орыс өнері шарықтау шегіне келеді. Кескіндеме өнерінде өзіндік маңызды композициялық ерекше- лігі бар қондырғылы картиналар пайда болады. XVIII ғасырдағы орыс кескіндемесінің негізін қалаушы – И.Никитин (1690 – 1742). Бұл дәуірдің екінші ірі шебері – А. Матвеев (1701 – 1739). Ол Голландия мен Фландрияға оқуға жіберілген, XVIII ғасыр- дың 30-жылдары өнердегі өз орнын тапты. Бұдан кейінгі сурет- шілер тобы: А.П. Антропов, И.Я. Вишняков, И.П. Аргунов, П. Ротари және т.б. Мүсін бұл кезеңде қоғамда басқа өнер түр- лері тәрізді аса үлкен орын алмады, ол тек XVIII ғасырдың екін- ші жартысында ғана гүлдене бастайды.
XVIII ғасырдың екінші жартысындағы ірі шеберлер – фран- цуз сәулетшісі Ж.Б. Валлен-Деламот (1729 – 1800) және орыс сәулетшісі А.Ф. Кокоринов (1726 – 1772), екеуі бірігіп Көркем- сурет академиясы ғимаратының жобасын жасады (1764 – 1788). Мәскеудегі Кремль сарайының жобасын жасаған сәулетші –
В.И. Баженов (1737 – 1799). Мүсін өнерінде ірі орыс мүсіншісі Ф.И. Шубинді (1740 – 1805) атауға болады. Алғашқы жұмыс- тары мәрмәрден болды. Монументті пластиканың дамуында Э.М. Фольконе (1716 – 1791) өз қолтаңбасын табады. Кескінде- ме де үлкен өзгеріске ұшырайды. Ерекше жоғары сатыда адам бейнесі – портрет тұрады. Белгілі шеберлер: Ф.С. Рокотов (1735 – 1808), Д.Г. Левицкий (1735 – 1822), В.Л. Боровиковский (1757 – 1825). Орыс өнері дамуы жағынан XVIII ғасырдың ортасында өзіндік шеберлігімен, стильдік ерекшелігімен еуропа- лық көркемөнердің дамуымен сәйкес келеді. Бұл жаңа уақытта- ғы өнерден өз жалғасын табады.
Достарыңызбен бөлісу: |