Г. А. Мейірманова Өнер тaрихынa кіріспе



бет32/102
Дата29.12.2023
өлшемі1.95 Mb.
#488324
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   102
онер тарихы книга

9-тaқырып.


ЕЖЕЛГІ ОРЫС ӨНЕРІ


Мaқсaты: Ежелгі орыс иконогрaфиясының негізгі ерекшеліктерін қaрaс- тыру, ежелгі ірі орыс иконогрaф шеберлерінің шығaрмaшылығын зерттеу.


І. Дәріс.


Кез келген халықтың өнері тікелей сол ұлттың менталите- тінің, өмір сүру салтының және өздеріне ғана тән қасиеттердің көрінісі болып табылатындығы сөзсіз. Осыған орай ең алдымен дәстүрлі өнер түрлері жайлы сөз қозғайық.
Қазақ ұлттық өнерінің дереккөздері түбірімен ежелгі уақыт- тан бастау алады. Ол еңбек ету кезінде пайда болып, үй затта- рымен, құрылысымен тығыз байланыста дамыды.
Ағаш ою – қазақтардың ежелгі қолданбалы өнер түрінің бірі. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды қазақтар өз қолда- рынан жасаған. Тарихи деректер мен археологиялық қазбалар нәтижелеріне сүйенсек, қазақтарда ұсталық өнер, зергерлік өнер, тігін өнері, етік тігу және киіз үй құрау секілді қолөнер түрлері болған.
Ою шеберлері ағаш түбірлерінен түрлі ою-өрнектермен бе- зендірілген кеселер, асыл тастармен безендірілген қымызға ар- налған шөміштер, шыныдан жасалған ыдыстарға ағаш қораптар және домбыра, қобыз сияқты түрлі музыкалық аспаптарды жа- саған.
Қазақ шеберлері сонымен қатар күнделікті тұрмысқа қажет- ті – киіз үй детальдарын, сандық, кебеже, бесік және т.б. істеді.
Ормандық алқаптарда тұратын қазақтар екідөңгелекті арба- ны аса шеберлікпен істеген. Бұл жайлы ортағасырлық тарихшы Рузбихан: «Бұл елдегі көптеген ағаштар өте берік. Олардан киіз үй орнататын керемет төртдөңгелекті арбалар істеген».
Қазақтардың арасында шебер зергерлер көп болды. Зергер- лер көбіне жалғыз жұмыс істеп, шеберханаларын атадан балаға
қалдырып отырған. Зергерлердің істейтін заттары түрлі-түрлі болды: әйел әшекей-бұйымдары(сақина, сырға, білезік, алқа, сәукеле) және т.б. киім детальдары, ыдыс-аяқ, киіз үйді әшекей- лейтін тұрмыс бұйымдары, музыкалық инструменттер, қару-жа- рақ түрлері, ат әбзелдері.
Қазақ зергерлері жұмыс барысында түрлі техникалар: суық қалыптау, бедерлеу, нақыштау, инкрустациялау және т.б. пайда- ланған. Сюжет негіздеріне геометриялық фигуралар, өсімдік түрлері және аңдар бейнесі алынған. Қазақтарда өрнектердің бірнеше түрлері бар: иірім, түйе табан, қаз табан, құсмұрын, ит жауырын, бақа төс, айшық гүл.
Киіз кілемнің ерекше түрі – сырмақты жасау үшін үш түрлі техника қолданылады: түрлі түсті киіз бөліктерін инкрустация- лау, бір түсті матаны ақ киізге аппликациялау және баумен тоқу [1, 31-32 б.].
Қазақ жерінде кезігетін бейнелеу өнерінің алғашқы нұсқала- ры палеолит дәуіріне жатады. Олар Қаратау мен Хантау таула- рында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрінде кезде- седі. Неолит және қола дәуірінде тасқа бедерленген Баянауыл үңгіріндегі (Павлодар облысы), Таңбалы аңғарындағы (Алматы облысы) бейнелер (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегіл- ген бұқа, сиыр, т.б.) мен Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы жақпар тастардағы суреттер (келіншектің қасындағы екі ер кісінің жекпе-жек қылыштасуы, т.б.) қазақ жерін мекендеген тайпалардың негізгі кәсібін, әдет-ғұрпын баяндайды. Көптеген шекіме суреттердің сюжеті жыртқыш аңдардың аша тұяқтылар- ға шабуылына, діни нанымға құрылған. Суреттер нобайына ішінара қына түсті бояу жағылған (Қаратау шимайлы тастары). Андрон мәдениеті мұрасына саналатын геометриялы өрнекті қыш ыдыстар, қалыптау арқылы жасалған бұйымдар, күн ша- пағы бейнеленген қола құрал-жабдықтар Орталық, Солтүстік және Батыс Қазақстан аумағында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ашылды[2, 55-б.].
«Таңбалы тастағы» (Алматы облысы) б.з.б. ІІ ғасырдағы тасқа бедерленген Будда бейнелері (көп қолды Чон-Рай-Сик, Мун-Сақ Будда, Манла Будда) шекіме суреттердің озық үлгіле- рінің бірінен саналады. Осы жартастарда XVI-XVII ғасырларда салынған суреттер де бар. Діни нанымдағы суреттер Алтай мен
Тарбағатай аймағында да ұшырасады. Қола мәдениетінің соңғы кезеңіне саналатын Беғазы-Дәндібай мәдениеті тұсында (б.з.б. IX-VIII ғасырлар) көне өнер түрлері жаңа үлгілермен толыға түскен. Б.з.б. VII ғасырларда көшпелілер одағының нығайып, әлеуметтік құрылысы мен шаруашылықтың дамуына байланыс- ты б.з.б. IV ғасырларда байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері гүлденді. Қол өнері мен сән өнерінің ағаш ұқсату, зергерлік өнері, кесте және кілем тоқу салалары дамыды. Ертіс, Шідерті, Өлеңті, Сіле- ті, Есік, Түрген, Іле өзендері және Орталық Қазақстан мен Сыр бойындағы, Баянауыл, Сауыр тауларының етегіндегі обалар мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары, жиһаздық заттар көшпелі тайпалар өнерінің даму кезеңін көрсетеді.
Скифтердің аңдарды бейнелеу нақышы Қаратау үстіртіне қарағанда қазақ жерінде бұрын дамығанын дәлелдейді. 1970 жылы Алматы облысындағы Есік қала маңынан табылған алтын бұйымдар («Алтын адам», бұғы, арқар, жолбарыс, жылқы, ба- рыс бейнелері) – б.з.б. VI-V ғасырларда қазақ жерін мекендеген тайпалардың өнер үлгілері. Ежелгі зергерлік өнері бұйымдарын асыл таспен әшекейлеу алғаш ғұн, үйсіндерде, кейіннен оғыз, қыпшақтарда қолданылған. Сақ дәуірінде бұл әдіс көп тарама- ған. Үйсін зергерлік өнерінде көркем оймыш, бедерлеу және инкрустация тәсілдері басым пайдаланылды. VI-VIII ғасырларда көне сақ, ғұн, үйсін өнері негізінде байырғы түрік өнері дамыды. Бейнелеу өнерінің кейбір салаларының аттары қалыптасты. Қолөнеріне маманданған шеберлер (зергер, бәдізші, сәулетші, т.б.) шықты. Суреттер сюжеттік жағынан байи түсті. Жұмырлап жасалған тас мүсіндер, тастан қашалған құс пен балық бейне- лері, барельефтер, ағаш, сүйек, ою, асыл тас жұмырлау өркен- деді. Байырғы түрік өнері кезеңінен бастап қазақ жерінде мүсін өнері кең етек алды. Мүсіндер Торғай өзені мен Ұлытау төңіре- гінен бастап, Сарыарқадан күншығысқа қарай созылып, Алтай, Тарбағатай тауларына дейін, Оңтүстік Қазақстанда Қаратаудың екі жақ етегінде, Бурылтау, Талас тауларының, Алатаудың жа- зық алаңқайларында ұшырасады. Мүсіндер Түрік қағандығы (VI-VIII ғасырлар), қыпшақ заманы (VII – XIII ғасырлар) кезін- дегі мүсін тастар болып екі топқа бөлінеді.
Көпшілігі адам бейнесінің нобайын ғана көрсететін дөрекі- леу түрде жасалғанымен, ішінара бет-әлпеті мен тұлғасы айқын
суреттелген жұмыр мүсіндер (Қарқаралы тас мүсіндері) де кез- деседі. XVI-XVIII ғасырларда тас мүсін қашау жойылып, оның орнына ою-өрнек және араб жазуларымен әсемделген құлпытас- тар көптеп жасала бастады. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде кілемдер мазмұнға құрылған суреттермен әсемделсе, V-VII ға- сырларда көп тараған қазіргі қазақ кілемінің үлгілері қалыптас- ты (Қазақ кілемі). Ясы, Отырар, Сығанақ, Тараз, Сайрам, Құлан, Мерке, Баласағұн, т.б. қалаларда VIII – XII ғасырларда өнердің көптеген салалары (көзешілік, бедерлеу, көздеу) өркендеді. Осы заманның киіз үй түріндегі қыш ыдыстары; бедерлеу, кесу, жап- сыру арқылы жасалып, түрлі түсті бояумен (қара, қоңыр, сары, қызыл) жылтыратылған қабырға өрнектер мен су құбырлары; ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ұлттық ою-өрнектер- мен әсемделген теріден, металдан жасалған бұйымдар – өркен- деген өнердің дәлелі. Архитектуралық құрылыстардың сыртқы қабырғалары, ішкі еңселері мен күмбездері ғимарат құрылымы- мен үндес тартымды ою-өрнектермен әсемделіп отырды (Қазақ сән өнері). Азия мен Еуропадағы күмбезді архитектуралық құ- рылыстар секілді қазақтың киіз үйі ежелгі замандардан қазірге дейін халық қол өнерінің үздік үлгілерін жинақтаған қазына іс- петті (Қазақ архитектурасы). Киіз үйдің іші мен сырты, бау-бас- құры секілді жиһаздық заттары тартымды әрі биязы ою-өрнек- пен әсемделді. Сәндік, тұтыну заттарынан басқа да басқұр, ала- ша, тықыр кілем, кебеже, т.б. қолөнері бұйымдары киіз үй ішін безендіруде басты орын алады. Алтын зер және жібек жіптермен кесте тоқу, ағаш ұқсату өнері, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұқсату, зергерлік өнері де ерекше дамы- ған (Қазақ қол өнері). XIX ғасырларда Қазақстанда болған орыс суретшілерінің (В.В. Верещагин, т.б.) қазақ халқының өмірі мен тұрмысын бейнелеген картиналары өмірге келді. 1847 – 57 жыл- дары қазақ жеріне жер аударылған Т.Г. Шевченко дала өмірінің көріністеріне құрылған сериялы суреттерінде жергілікті халық тұрмысын шыншылдықпен бейнеледі. XIX ғасырдың ортасында ағартушы ғалым әрі қазақтың тұңғыш суретшісі Ш.Ш. Уәлиха- новтың сулы бояумен және қаламмен салған портреттері мен суреттері («Үлкен Орданың қазақтары», т.б.) дүниеге келді.
Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән музыкалық дәстүрі дүниеге келді; соның нәтижесінде бай му-
зыкалық мәдениеті қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айнал- ды. Халық музыкалық шығармашылығы негізінен пентатоника- лық белгілері басым жеті тонды диатоникалық мажор мен ми- норлық ырғақтарға негізделді. Эпостық жырлар речитативті әуенде жырланды. Қазақ халқының тарихи қалыптасу ерекше- ліктеріне қарай музыкалық шығармалардың әуендік сипаты түр- ліше әрі әншілік, күйшілік, орындаушылық дәстүрінде де айыр- машылықтары болды. Орындаушылық дәстүрдің түрлері: дом- быраның немесе қобыздың сүйемелімен ән салу, музыкалық ас- паптарда күй тарту, т.б.,«жар-жар», «сыңсу» сияқты тойларда айтылатын әндердің қайырмалары көп дауыспен орындалды. Шығармалар тақырыбы мен музыкалық айшығына орай: космо- логиялық (жұлдыз, Ай, Күн және басқа планеталар жайлы), демонологиялық (жалмауыз кемпір, жын-шайтан, пері, т.б.), бақсылардың емдік әндері, эпикалық әндер, ертектер, мысалдар, еңбек әндері, тұрмыс-салт әндері, лирикалық әндер, тарихи ән- дер, т.б. болып жіктеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет