Г. А. Мейірманова Өнер тaрихынa кіріспе



бет40/102
Дата29.12.2023
өлшемі1.95 Mb.
#488324
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102
онер тарихы книга

13-тaқырып.


ХІХ ҒAСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖAРТЫСЫ – ХХ ҒAСЫРДЫҢ БAСЫНДAҒЫ РЕСЕЙДІҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ


Мaқсaты: ХІХ ғaсырдың екінші жaртысы – ХХ ғaсырдың бaсындaғы Ресей- дің көркемөнер мәдениетіндегі негізгі ерекшеліктері мен сол кезең шеберлерінің шығaрмaшылығын қaрaстыру.


І. Дәріс.


Бейнелеу өнеріне сабақ ретінде көңіл аударылуы, әсіресе тәрбиелік мәнінің зерттелуі 1970 жылдардың аяғы, 1980 жыл- дардың басынан басталды. Мысалы, 1978 жылы Я.Я. Чарнец- кийдің «Преемственности в изобразительной деятельности до- школьников и младших школьников как фактор формирования художественных интересов учащихся» атты зерттеуі жарық көр- ді. Онда балабақша жасындағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қызығушылық сезімін қалыптастыру жөнінде айтылады. Келесі бір зерттеу жұмысы В.Т. Тихомировтің «Вос- приятие произведений изобразительного искусства как средство общего и нравственногоразвития младших школьников» (1983) деп аталады. Бұл жұмыста бастауыш сынып оқушыларының қа- былдауы туралы айтылады. Осы тұрғыдан бұл жұмыс біз зерт- теп отырған мәселемен үндесіп жатыр. Тақырыпта көрсетілген- дей, автор бейнелеу өнері пәніндегі қабылдаудың жалпы тәрбие- лік ықпалы мен адамгершілікке тәрбиелеудегі ықпалын тәптіш- теп ашуға ден қояды.
Бейнелеу өнерінде алдыңғы көрініс, ортаңғы көрініс, соңғы көрініс деген ұғымдар кеңістік ұғымын білдіреді. Кеңістіктегі суретшіге ең жақсы орналасқан заттардың бейнесі алдыңғы кө- рініс деп аталады. Заттардың кеңістіктегі орналасу қалпын көр- сету үшін алдыңғы көріністердегі бейнелеу анық етіп штрихта- лып, соңғы көріністердегі бейнелер оған қарағанда бұрыңғырлау етіп көрсетіледі. Оқушылар сурет салу негізінде перспектива заңдылықтарын білмегендіктен кемшіліктері осыған байланыс- ты болып жатады.Зергерлік құмыра жасау кәсібі кең дамыды. Феодалдық қалалар біртіндеп ірі сауда орталығына айнала бас- тады. Орыс жерінің ірі қалалары Мәскеу, Тверь, Костромо Нов-
город, Смоленск қайтадан көтеріліп, ірі қалаларға айналды. Орыс саудагерлері өзінің тауарларын Алтын орда астанасы Сарай-Бату қаласына апарып сатып,олардан шетел, үнді-қытай тауарларын сатып алып отырды. Әрбір орыс қаласында сауда- саттық орындары көбейе бастады. Бұл феодалдық қарым-қаты- настың орнығып, шаруашылықтың өркендеуіне, орыс жеріндегі ішкі байланыстың дамуына,ақша-тауар қатынасы қалыптаса бастауына мүмкіндік жасады. Бұл процесс орыс жерінің бірі- гуіне алғышарттар тудырды.
Луврдың шығыс фасады. XVIII ғасырдың бірінші жартысы жаңа, өзгеше шығармалардың дүниеге келуімен есте қалды. Ресейдегі ең алғашқы мүсін шебері Б.К. Растрелли болды. Ол 1716 жылы I Петр шақыруы бойынша Франциядан келді. Рас- трелли шеберлігі А. Меншиков, Анна Иваннова ескерткіштерін- де көрініс тапты. Ең маңыздысы – I Петр ескерткіші.
Жиһаздарды негізінен Растрелли және оның көмекшілері жобалап отырды. Түрлі бұйымдар үшін кейбір жаңа әсемдеу ма- териалдарын қолдана бастады. Ол – әйнек және фарфор. Осы- лайша орыс сәулет өнері жаңалықтарымен толығып отырды. Пе- тербургте, Мәскеуде өзгеше бағыттағы құрылыстар бой көтерді. Д.Ф. Кокоринов және Ж.Б.Валлен-Деламоттың басшылығымен Нева жағасында көркем академияның құрылысы жүрді. Соны- мен қатар В.И. Баженов, М.Ф. Казаков, И.Е. Старов түрлі құры- лыстарда шығармашылықпен еңбек етті. XVIII ғасырдың екінші жартысында мүсін өнері үлкен табыстарға қол жеткізді. Б.К. Растреллиден кейінгі орыс мүсіншісі М.П. Павлов болды.
Ф.И. Шубин де Павлов сияқты адам мүсінін жасаумен шұ- ғылданды. Ол 1773 жылы князь А.М. Гольциннің кеудеге дейінгі бейнесін сомдады. XVIII ғасырдың аяғында И.П. Про- кофьев, И.П. Матрос, Ф.Ф. Щедрин сынды мүсіншілер жұмыс істей бастады. XVIII ғасыр тарихи жанр негізі болып саналды. Орыс суретшілері жанды бейнеде тарихи картинадағы компо- зицияны өңдеп отырды.Тарихи жанрда жұмыс істеген атақты суретші А.П. Лосенко болды. Оның «Каин», «Авель», «Влади- мир және Рогнеда» деген туындылары бар. Лосенкодан кейінгі тарихи жанрмен айналысқан суретші Г.И. Угрюмов болды. Оның көлемді «Ян Усмар күшін сынау» атты шығармасы осының айғағы.Бұл кезеңде матамен жұмыс, әйнек, фарфорды
қолдану және металды көркем өңдеу кеңінен жүргізілді. XVIII ғасырда портрет жанры жақсы дамыды. Оған О.А. Кип- ринский жұмыстарын жатқызуымызға болады.1817 – 1900 жыл- дары өмір сүрген атақты суретші-маринист И.К. Айвазовский өз өмірін теңізге арнады. Ол осы кезеңдегі жарқын бейне деп ай- туымызға болады. Орыс өнеріне зор үлес қосқан А.А. Иванов, П.А. Федотов, Н.И. Уткин, И.С. Щедровский, В.Г. Перов, И.Н. Крамской, К.П. Брюллов, И.И. Шишкин жанды бейнеде тамаша шығармалар жазды.
Орыс бейнелеу өнерінің тарихында 1871 жылы алдыңғы қатарлы суретшілердің бірігуінің арқасында көшпелі суретші- лердің бірлестігі қалыптасты. Бұл бірлестік «Көшпенділер» аты- мен орыс бейнелеу өнерінің тарихында қалғаны белгілі. Атал- мыш бірлестік құрамында И. Крамской, В.В. Преов, И.Е. Репин, В.И. Суриков, А. Саврасов, И.И. Шишкин, ағайынды Васнецов- тар, Ярощенко, Поленов, Левитан, В. Серов секілді суретшілер болды. Көшпенділер өз мақсаттарын қоғамға қызмет ету деп білді. Олар шығармаларында өздері өмір сүрген қоғам құрылы- сын сынға алды. XVII ғасырда Ресейде ағаш сәулет өнері ерек- ше дамыды. Коломно ауылындағы ағаштан салынған сарай XVII ғасырда сурет өнерінің озық туындысы болып табылды. Шіркеулер қала тұрғындарының сұранысы бойынша салынды. Шіркеуді салғанда орыс шеберлері халықтың ағаш сәулет өнеріндегі озық үлгілерін пайдаланды.Орыс сәулет өнерінде ерекше қызыл бояу қолдану арқылы үйдің сыртын әшекейлеген, шіркеулердің сырты қызыл кірпішпен өрілген. Мәскеу қаласын- дағы Кремльге кейінгі кезде қызыл кірпішпен қаланып, қазіргі кезде дейін ол қалпын сақтап қалған. XVII ғасырда орыс сурет- шілері тамаша иконалық шығармалары мен фрескалар жасау ісін одан әрі жалғастырды. Белгілі шебер Симон өз иконала- рында адамның шынайы келбетін беруге тырысты. Орыс сурет- шілері портреттік бейнелер жасауда асқан шеберлікке қол жет- кізді. Қалаларда көптеген адамдар өз балаларын оқытуға ұм- тылды. XVII ғасырда Ресейде халықтың көбі сауатсыз болатын. Шіркеу сауат ашу ісінде діни уағыздарды насихаттауда негізгі орталыққа айналды. Мектептер ашылып, арифметика пәндері оқытыла бастады. 1687 жылы тұңғыш славян, грек, латын жо- ғары мектебі ашылды. Жоғары мектептерде грек, латын, дін
ілімі, геометрия, астрономия, арифметика,грамматика пәндері оқытылды. Бұл тұңғыш мәртебесі жоғары шенеуніктер оқитын жоғары мектеп еді. Халыққа дәрігерлік көмек көрсету ісінде халық емшілерінің орны ерекше болды.Әртүрлі шөптердің емдік қасиеттері, ауруды емдеу құралдары туралы білім ғасырлар бойы жинақталды. Мәскеу қаласында тұңғыш рет дәріхана қыз- меткерлерінің мектебі ашылып,дәрігерлер даярлай бастады. Ол орыс емшілерінің мектебі деп аталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет