Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»


Суды орташа шашырататын импорттық жаңбырлатқыш машиналар



бет22/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76
АШМ

3. Суды орташа шашырататын импорттық жаңбырлатқыш машиналар
«Валей». Бұл машина АҚШ жасалады, әсіресе жүгеріні суару үшін көбірек қолданылады. «Валей» жаңбырлатқыш машинасы егісті айнала суарады және әртүрлі механикалық бұзылыстарға душар болғанда насос станциясынан автоматты түрде бөлініп қалады. Машинаның жалпы түрі «Фрегат» жаңбырлатқышына ұқсайды.
«Валей» жаңбырлатқышының бойына суды орташа шашырататын аппараттар орналастырылған және ол жүріп тұратын тіреу арбалары бар жаңбырлатқыш трубопроводтан құралады. Арбалардың аралығы 30 метр, ал жалпы қондырғының ұзындығы 390 метр.
Трубопровод арбаларға арнаулы кергіштер арқылы жер бетінен 2 метрдей биіктікте бекітіледі. Арбалардың екі дөңгелегі бар, олар су қысымы күшімен жүргізіледі. Жаңбырлатқыш трубопроводтағы судың қысымы дөңгелектердің 1300 кг тең тарту күшіне айналады. Арбаның екі дөңгелегі де қозғалғыш және артқы дөңгелек алдыңғы дөңгелектің ізімен жүреді, сондықтан олар есімдіктерге көп зиян келтірмейді.
Жаңбырлатқыш «Валей» машинасы гидрантты айналып жүріп тұрады. Суарғыш трубопроводтардың бір үшы гидрантқа шарнирлеп бекіледі, ал екінші ұшына зеңбірек тәрізді суды алысқа жаң-бырлатқыш аппараттар орналастырылады.
Машинаның қозғалған кезінде трубопроводтың білігінің бір сызық бойында сақталуы үшін синхрондық механизмдер пайдаланылады.
Әр гидрантты қондырғы бірнеше күнде айналып шығады. Ұзындығы 390 метр, қондырғы арқылы 60 гектар жерді суаруға болады, машинаны бір-ақ адам меңгереді.
«Сигма» 2-50Д. Бұл тасымалы жаңбырлатқыш комплект ИРИС-2350ДП, не болмаса ИРИС-2750ЕС электрленген жаңбырлатқыш қондырғысынан қүралады. Бір позицияда «Сигма» 2-50Д қондырғысы 1,04 га жерді суарып, жаз бойы 50 га жерді суарады. Жаңбырлату мардымдылығы 0,265 мм/мин шамасында болады.
Бұл қондырғылармен егістікті суарумен бірге оларға минералдық тыңайтқыштар беріледі. Суару жүмыстары суды орташа шашырататын ПУК-2 деп аталатын жаңбырлатқыш аппараттар арқылы жүргізіледі.
Магистралдық, су тарататын және суарғыш трубопроводтар алюминий трубаларынан күралады. Бүл трубалар бір-бірімен шарнирлі муфта арқылы жалғастырылады. Магистралдық трубопровод насос станциясымен жалғасады.
Бұл қондырғымен суару үшін жаңбырлатқыш аппараттарды екі түрлі схемамен орналастыруға болады — шаршылап және үш бұрыштап. Жаңбырлатқыш аппараттарды үшбұрыштап орналас-тырғанда, олардың аралығы оның әсерлі радиусы мөлшерінің 1,73-не тең болады да, ал оларды шаршылап орналастырғанда бұл мелшер әсерлі радиустың 1,4-не тең болады. Жалпы 2-50Д тасымалы жаңбырлатқыш қондырғы ПУК-2 деп аталатын 16 жаңбырлатқыш аппараттарынан құралады.
ПУК-2 жаңбырлатқыш аппараты екі қақпақты және екпінді қимылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет