ДДА-100МА жаңбырлатқыш машинасы - көкөніс, бақша, дәнді және азық дақылдарын суаруға арналған жаңбырлатқыш. Бұл 1950 жылы іске қосылган. Содан бері әртүрлі жаңбырлатқыш машиналар мен агрегаттар пайдаланылып, өндірістен шығып жатса да, бұл агрегат осы уақытқа дейін қолданылып келеді. Өйткені ол өте қолайлы жаңбырлатқыш болып табылады. Бұл агрегат - тракторға артылған екі қанатты құбырдан жасалған ферма. Ферма ұзындыгы-120 м. Суды уақытша арықтан алады. Оның бойында /бір жағында/ ені 3 метрлік жол болуы керек. Сол жолмен трактор жүріп отырады. Танаптың екі шетіндегі уақытша арықтар шекарасынан 60 метр жерден өтеді де, одан кейінгі арықтардың ара қашықтығы әр 120 метрден жүргізіледі. Су өтімі 100 л/с -120 л/с /трактордың қуатына байланысты/. Бір маусымда 80-100 гектар жер суғарылады. Агрегаттың жұмыс істеу технологиясы суретте көрсетілген.
Сурет. ДДА-100МА жаңбырлатқыш машинасының суару сұлбасы.
1- су көзі; 2- бас сага; 3- магистральді канал (немесе құбыр); 4- су бөлу және
өлшеу құрылымы; 5- шаруашылық бөлу каналы; б- өткелдер(көпір); 7-уақытша канал; 8- жол; 9- алкаптыц шекарасы; 10- суғарылган аудан; 11-су тастағыш коллектор; 12- ДДА-100МА агрегаты.
Суды трактордың қозғалтқышына қосылған сорап арқылы алады. Оның әр қанатының төменгі құбырында дефлекторлы саптама орнатылады. Құбырдағы су қысымы 26 м. Бір өтімде жер бетіне жауған жаңбыр мөлшері - 6,5 мм. Жұмыс өнімділігі - 0.9 га /сағат. Жүру жылдамдығы - 400 м /сағат. Уақыттша арықтағы судың ең кіші деңгейі 25 см-ден кем болмауы шарт. Оператор жаңбырлаткышты жұмысқа қосу үшін трактордың түтін шығатын мұржасынан инжектор арқылы түтінді су сорғышқа жібереді, сол кезде су сорғыштың жұмыс камерасыңда ваккум пайда болып, оған су тола бастайды да, іске қосылады. Трактордың артында арнайы орнатылған бак болады. Оған тыңайтқыштарды ерітіп, сумен бірге береді. Қосқанатты ДДА-100МА жаңбырлатқын агрегаты суару алкабында екі бағытта да жүріп суғара береді (сурет).
Сурет. Бойлау (а) және көлденең (б) суару сұлбалары. / -су бөлгіш канал; 2 -уақытша арыққа су беретін құрылым; 3 -жолдар; 4 -танап шекарасы; 5 -су тежеуші құрылым; 6 -уақытша арық; 7 -су шығарғыш; 8 -су жинағыш канал; 9 -су реттегіш. / метрмен/.
Достарыңызбен бөлісу: |