Бақылау сұрақтары:
1.Жаңбырлату техникасының элементтерін атаңыз?
2.Жаңбырлатқыш саптама мен аппараттарды атаңыз?
3.Дефлекторлы саптамаларды қандай агрегаттарда қолданылады?
4.Алысқа шашырататын машиналарды және агрегаттарды атаңыз?
5.Орташа қашықтыққа шашырататын машиналарды сипаттаңыз?
6.Жақын жерге шашырататын агрегаттарды атаңыз?
7.Тұрақты және маусымды жаңбырлатқыштар жүйелерін түсіндіріңіз?
8.Жаңбырлатқыштардың жұмыс істеу технологиясын түсіндір?
Дәріс № 6.
Тақырыбы: «Суарудың басқа да түрлері»
Жер қабатымен суару
Жер астымен суару
Тамшылатып сурау
Серпінді суару
Инъекциялық суару
1. Мұндай суаруда су жер бетімен жүрмейді. Суғарған кезде жердің төменгі деңгейі (40-50см) ылғалдандырылады. Жер беті құрғақ болып тұрады. Муды жер қабатына арнайы ойықтары (тесіктері) бар құбырмен береді. Ол құбырлар жер бетінен 40-45 см төменде орналасады. Оларға суды сорап арқылы немесе өздігінен ағу арқылы береді. Топырақ өзіне қажетті суды ойықтар арқылы капиллярлық күшпен сорып отырады. Ал өсімдіктің тамырлары сол ойық айналасына ыңғайланады.
Ылғалдандырғаш құбырлардың диаметрі 5-7,5 см болатын қыш немесе пластмасса құбырлардан жасалады. Құбыр ұзындығы 100-300 метр болады.
Жер қабатымен суғарудың екі түрі бар: ашық және жабық.
Жер қабатымен суғарудың артықшылықтары:
Жердің белгілі бір деңгейінде қажетті ылғалдылық қалыптасады;
Жер беті топырағының құрылысы бірқалыпты болып қалады;
Жер бетінде қабыршақ болмайды да ауа режимі бұзылмайды;
Суды және тыңайтқышты дәл тамырға әкеп береді;
Ауыл шаруашылық техникаларының жұмыс істеуіне еш кедергі болмайды;
Суғару шығыны азайяды;
Су 30-40 пайызға дейін үнемделеді;
Жер пайдалану коэффициенті жоғарылайды.
Кемшіліктері:
Қомақты қаржы қажет етеді, құрылыс шығыны дәстүрлі суғару жүйесімен салыстырғанда 3-4 есе көп;
Әлі де болса терең зерттелмеген. Бұған қарамастан келешегі өте зор;
Суғаруға арналған судың сапасына (әсіресе ашық суғару жүйелерінде) жоғары талап қояды, сондықтан қосымша су тұндырғыштар салуды қажет етеді.
2. Суармалы жер танабын суғарудың перспективті су үнемдеуші тәсілі. Жер суғаруы - жер бетінен 40-50 см төмен жер қабатына, арнаулы кыш немесе пластмассалы есепті тесікті құбырларды, есептелінген еңістікпен орналастырады да, топырақ қабатын құбырлардың (қыш немесе пластмассалы) есепті тесігінен баяу шыққан сумен, әрбір өсімдік тамыры айналасындағы топырақты ылғалдандыру арқылы жүргізіледі.
А.Н.Костяковта жер асты суының деңгейін жасанды түрде көтеріп, суармалау тәсілін ұсынған. ТҚС тәсілінде, топырақтың капиллярлы қасиеті өте жақсы түтікшелі болуы тиіс. Оны ірітүйіршекті топырақта және тұзданған топырақтарда қолданбайды.
А - жеңілдетілген, б - кәріздеу, в - індетілген
ТҚС-дың негізгі артықшылығына: өте жоғарғы жерді пайдалану коэффициенті (ЖПИ) - 0,98 ден 0,99 дейін жетеді де, дақылдың өнімі 20-40% дейін артуы жатады.
ТҚС-дың кемшілігіне: топырақтың жоғарғы 10-сантиметрлі қабатының ылғалданбауы және полиэтиленді ылғандандырғышты құбырша құрылысы кезіндегі, өте жоғарғы күрделі қаражаттылығы. ТҚС-ның топыраққа судың келіп түсу характері бойыша былай бөлінеді: тегеурінді, тегеурінсіз және вакуумды болып бөлінеді. Тегеурінді кезінде, ылғыл топыраққа үлкен тегеурінмен келіп кіреді, ылғалдандырғыш тереңдігіне (0,6-2 м) қарағанда, тегеурінсізде - 0,1 ден 0,5 м және вакуумды да - топырақтың сорушы күші әрекетімен. ТҚС жүйелерін ыңғайлы жер бедерімен жобалаған дұрыс; ылғалдандырғыштардың ұзындығына қарай 5-10 см кері еңістігінің артуы мүмкін: Жобалауды ұзына бойлық сүлбемен жүргізуге болады, ол кезде ылғалдандырғыштарды ең жоғарғы еңістікпен орнатады. Құлақтарын ылғалдандырғыштың ұзындығы бойынша, бір қалыпты суды таратуын қамтамасыз етуі тиіс.
3. Тамшылатып суармалау - жергілікті суармалаудың бір түрі, ол кезде суландыратын микросужібергіш арқылы (тамшылатқыш) өсімдіктің тамыр аймығаны өте аз нормамен беріледі. Тамшылатып суармалау кезінде, өсімдікке тоқтаусыз сумен қамтамасыз етеді және қоректену элементімен барлық өсіп-өну кезеңінде дозаланған суды беруі суармалау, дақылды сумен қамтамасыз етілуіне сәйкес, топырақ қабатының тамыр аймағында тиімді ылғал режимін жасау мүмкіндігі туады және ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттырады. Тамшылатып суғармалаудың негізгі артықшылығы - жапырақты жекелей ылғалдандыру кезінде, суландыратын жене суды едәуір үнемдейді. Тамшылатып суармалау көмегімен жер қабатты баурайларды суғаруға болады. Суармалаушы сумен бірге тыңайтқышты және улы химиқатты беруге болады. Жаңбырлатқышқа қарағанда энергияны аз, жерді тегістеп планировка жасау қажеттілігі болмайды. Тамшылатып суармалаудың кемшілктеріне: микросуғарғыш тесіктерінің бітеліп қалуы, микросуғарғыштардан суды бөліп таратуы бірқалыпты болмауы, сонымен қатар пластмассалық құбырларды кеміргіштер (тышқан, атжалмандар) бүлдіреді. Тамшылатып суармалау құрылғылары өте жоғары қаржы шығынын қажет етеді. Тамшылатып суармалауды негізінен өте жоғары пайдалы.
Тамшылатып суармалау жүйесі тамшылатқыш типті элементі бойынша: лабиринтті жене тегеурінде серіппелі каналмен кеміту; су етімін қалқымалы реттеуішпен; мембраналы компенсаторлармен, 0,05 тен 0,4 МПа дейінгі қысымының өзгеруі кезіндегі тұрақты су өтімін қамтамасыз ету. Тамшылатып суғара жүргізудің негізгі элементтеріне - сорғы станциясы, су тазалаушы торап, реттеуші құбырлы желі және жапқыш арматура және суғарушы құбырының микросуғарушы тамшылапқыш. Сорғы станциясы төменгі тегеурінді сорғымен жабдықталған және суды алдын ала тазалауға арналған сүзгімен жабдықталган қүрылғы. Тамшылата суармалау жүйесінің суғарушы құбырларының орналасуы жер бетімен және жер астымен болуы мүмкін. Жер астымен орналасқан кезінде су тамшылатқышқа алып кеткіштің көмегімен жеткізіледі. Құбырдың салынуы 0,5 м кем болмауы тиіс.
4. Серпінді суару – бау-бақшаға қолданылады. Су тиісті аппаратпен «Роса - 3» белгілі бір мезгілде атқылап ағып тұрады. Әр ағыс секундына 25-27 литр су шашады да, саптама 10 градусқа бұрылады. Бұл аппараттарға суды су сорғыш арқылы жоғары қысыммен береді. Суғарылатын дақылдар мен тоыпрақ құрамына байланысты серпінді аппараттарының конструкциялары әр түрлі болып келеді.
Аппараттар белгілі қысымда жұмыс істейтіндіктен, жоғары қысымды сорап станциясына бірнеше аппаратты қатар қосып, суғару жүйесін құруға болады. Мұндай жүйелерді құруда ҚҒЗИ ғалымдары көп жұмыстар атқаруда. Сондай жүйенің бірі КСИД -10С.
5. Жоғарыда айтылған тәсілдермен суғару кезінде егістік жерге берілген суландыру мөлшерінің жартысынан көбі топырақ бетінен буланып ұшып кетеді немесе төменгі қабаттарға сіңеді. Аздаған мөлшері ғана өсімдік жапырағы арқылы буланады. Осы екі шығынының біріншісі пайдасыз шығын. Оны мүлде азайту қажет. Осы бағытта инъекциялық суғару жүйесі ұсынылып отыр (О. Зубаиров әдісі). Бұл жүйе бойынша арнайы дайындалған су (ішінде тыңайтқышы, микроэлементтері) өсімдік тамырының биологиялық ынталы нүктесіне ине арқылы беріледі. Өсімдік өзіне қажетті суды ғана пайдаланады, ал тоыпрақ беті әрдайым құрғақ күйде қалады. Соның салдарынан топырақтың ауа режимі сақталып, арам шөптердің дамуына жол кесіледі. Сонымен қатар бұл тәсілді пайдалану кезінде агротехникалық шараларды жүргізу кезінде болатын өсімдіктердің тамырын кесіп кету, өсімдіктерді сындыру сияқты кейбір жағдайлар болмайды.
Бак жер бетінен 0,5м биіктікте орналасады. Өсімдік тамырының су соруын реттегіш бақылап тұрады. Мұның артықшылығы:
Су үнемделеді;
Каналдар мен гидротехникалық құрылғылар қажет емес;
Су мен тыңайтқыш өсімдікке қажетті мөлшерде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |