Бақылау сұрақтары:
1.Каналдар және оның негізгі түрлері қандай?
2.Ашық каналдардың түрлерін атаңыз?
3.Каналдардағы су шығынын қалай азайтуға боалды?
4.Каналдарды жобалау үшін қойылатын талаптар?
Дәріс № 9.
Тақырыбы: «Суарудың ерекше түрлері»
9.1. Төгінді сумен суару
9.2. Көлтабандап (лиман) суару
Төгінді су деп зауыттар мен фабрикалардан, тұрғын үйлер мен мекемелерден және қыстақтардан бір рет пайдаланылып, ластанып шығатын суды айтады. Қазіргі кезде олардың көлемі өте көбейіп, қоршаған ортага экологиялық зиян келтіріп отыр. Олардың пайда болуына байланысты төрт тұрге бөлуге болады:
Өндірістік төгінді су.
Қалалық немесе араласқан (өндірістікпен).
Шаруа тұрмысындағы төгінді су.
Мал шаруашылығындағы төгінді су.
Бұлардың бір-бірінен химиялық құрамы жағынан өзгешеліктері болады. Олардың құрамында өсімдікке пайдалы әрі зиянды заттар көптеп кездеседі. Бәрі ерітінді түрінде болады да топыраққа түскенде өсімдікке тез сіңеді. Қазіргі кезде оларды әр түрлі тәсілдермен тазалайды. Бірақ толық тазалай алмайды. Ол суды тазалаган соң өзенге қүюға болмайды. Сондықтан оларды қала, өңдіріс сыртында белгілі бір қоймада жинап отырады. Барлық қаланың маңында қазір көптеген осындай су қоймалары бар. Мысалы: Алматы қаласы секундына 7,2 текше метр төгінді су шығарады. Ол 50 шақырым жерде орналасқан Сорбұлақ сайына қүйылып жатыр. Оны тез арада жоймаса, келтірер зияны өте көп. Әрине ол суларды кәдімгі таза сумей 10-15 рет араластырып өзенге құюга болар еді. Бірақ Республикада ондай су жоқтың қасы. Сондықтан да басқаша жолдарын қарастырған жон.
Көптеген галымдардың айтуынша, ондай суларды механикалық және биологиялық тазартудан кейін өсімдіктерді суару үшін пайдаланған дұрыс. Ондай жағдайда үш мәселе шешілетін түрі бар:
1. Өзендегі су ластанбайды.
оларды жер суаруға жұмсасақ біраз тыңайтқыштар үнемделіп, пайдасы болар еді. Олар суда ерітінді тұрде болғандықтан өсімдікке тез сіңіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |