Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»


Су бас жағынан жіберілетін тақталармен суару процесі



бет28/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76
АШМ

Су бас жағынан жіберілетін тақталармен суару процесі. Еңістің мөлшері 0,004-тен кем учаскелері суды тақталарға оқ-арықтардан жіберіп, ал еңістің мөлшері 0,004-тен артық болғанда топырақ арнасында уақытша тілінетін құлақ арықтардан жіберді.
Суару учаскелерінде суару жұмыстары төменнен жоғары қарай жүргізіледі. Алдымен су уақытша тілінетін арықтардан төменгі оқ-арыққа жіберіліп, одан сифондар,түтіктер, алжапқыштары бар суарғыш қалғандар және оқ-арықтың төменгі қашасынан қазылатын жыралар арқылы соңғы 3-5 тақталарға жіберіледі. Жіберілген су тақтаның 0,7-0,90ұзындығын басқаннан кейін сушы оқарықтағы суды қалқандар немесе брезентті бөгеттер арқылы тоқтатып, оны келесі 3-5 тақталарға жібереді. Осы тәртіппен суару жұмыстары төменгі оқ-арықтан барлық тақталарды суарып болғанша жүргізіле береді. Одан кейін суару жұмыстары келесі, жоғарырақ орналасқан оқ-арықтан жүргізіледі. Суарудың осындай кезектілгін қолданғанда сушылар суарылмаған құрғақ жермен жоғарыға қарай жүріп отырады. Оқ-арыққа су неғұрлым көбірек жіберілсе, соғұрлым сушының еңбек өнімділігі жоғары болып, орта есеппен тәулігіне 1-2 гектар шамасында болады. Сондай-ақ оқ-арықтың көлденең және бой көрінісі 60л/с-ден кем болмаған мөлшердегі суды өткізе алатындай болуы керек.
Су іргесінен жіберілетін тақталармен суару. Жұмыстары көлденең еңісі 0,002-тен көбірек және жер бедері күрделі болған жағдайда ұйымдастырылады. Су бас жағынан жібероілетін тақталармен салыстырғанда су іргесінен жіберілетін тақталар бірінен-бірі палдар арқылы бөлінбей, тереңдігі 20-30см бороздалар арқылы бөлінеді. Бұл бороздалар КЗУ-0,3 канал қазғыштармен тілінеді.Тақталардың ені сепкіштермен егінді жинайтын машиналардың еніне еселі болуы керек. Суару жұмыстары төменгі тәртіппен ұйымдастырылады:алдымен су тақтанның бас жағынан жіберіліп, оның ағу жылдамдығы жер бедерінің күрделілігіне байланысты төмендей бастаған кезде тақтаға су ірге бороздадан жіберіліп, суарылмаған учаскелер суарылады. Суару жұмыстарының өнімділігі аса үлкен болмайды, орта есеппен сменасына 0,7-1,5га шамасында болады. Егісті бұл әдіспен суарудың кемшіліктеріне топырақтың біркелкі дымқылданбауы және бороздадан фильтрацияға су шығынының болуының салдарынан сушылардың еңбек өнімділігінің өте төмен болуы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет