Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»


Қар суын таяз көлтабан арқылы ұстау



бет36/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76
АШМ

Қар суын таяз көлтабан арқылы ұстау. Тегіс бетті еңістігі үлкен жерлерде кар суы ең төменгі деңгеймен сарқырап ағады. Ондай суларды таяз токтатады. Мұндай көлтабандар қарапайым және тоспалы болып келеді. Қарапайым көлтабан тегістелген еңістігі аз (0.001) жерлерде салынады және бір ғана тосқауыл бөгеттең тұрады.
Егер еріген қар суы ағатын ауданнан үлкен болса, мұндай қарапайым бөгетті көлтабанмен ол сулардың бәрін тоқтата алмайды, сондықтан да тоспалы көлтабаңдар салынады. Тоспалы көлтабанда барлық аудан биіктігі 40-50 см тосқауыл бөгеттермен бірнеше тоспага белінеді, Бөгет ара қашыктыгы еңістікке байланысты. Еңістік негүрлым үлкен болса, соғүрлым бөгет ара кашықтығы қысқа болады. Су алдымен ең жоғарғы тоспага кетеді, ол толған соң артық су бөгет үстінен асып түсіп екінші, үшінші және т.б. тоспаларға барады. Қар суы аз болған жылдары көлтабанның барлық тоспасы суга толмауы да мүмкін.
Суы таяз келтабанның бір артықшылығы суды өте тиімді пайдалануда және ол судың жер бетін тегіс альтп жатуында. Мүнда топырақтың 1.5...2м тереңдігі ылғалданады. Суы таяз көлтабан бірінші рет 1891-1892 жылдары қазіргі Волгоград облысында 170 гектар жерге салынған. Қазіргі Қазақстан жерінде Қиыл, Қызылкайың, Дүбірсу, Сагыз және т.б. белгілі көлтабан су жүйелері бар.
Өзен таскын суын пайдалану. Республикамыздың көптеген езендері көктемде суга толы болады, тасқындап, су өзен арнасынан шығыпжатады. Міне бұл тасқын суларды пайдалану үшін, өзен арнасына арнаулы бөгеттер салып, арналық көлтабан жасайды. Осындай бір көлтабанның түрі осыдан 140 жыл бүрын салынған қазіргі Волгоград облысындагы Торғын өзенінің бойындағы Совин және Хан көлтабандарын айтуға болады. Бұлардың ауданы 7,7 мың гектардан асады. Мұндай көлтабандар Қазақстанда оте көп. Батыс Қазақстан облысында Күршім өзені бойында 12 мың гектар көлтабан жүйесі бар. Ақтөбе облысында 1940 жылы салынған Темір-Кеңқия өзеніндегі ауданы 9,6 мың гектар, Акмола облысы Есіл өзенінің бойында 40 мың гектарға жуық көлтабан, ал Нүра өзенінің бойында 30 мың гектарлық 5 көлтабан бар.
Жайылым көлтабандардың кемшілігіне олардың ең төменгі деңгейіне су көп жиналып, көп уақытқа дейін топыраққа сіңбей, батпаққа айналып жатады. Сондықтан, мұндай төмен деңгейлерді белдеумен қоршап тастаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет