Суды бороздалармен тақталарға тарату - Суды бороздалармен тақталарға жіберудің әдістері.Су бороздалармен тақталарға ашық каналдар (уақытша тілінетін құлақ-арықтар, оқ-арықтар,лотоктар) және құбырлар (ашық,жабық, қатты және солқылдақ) арқылы жеткізіледі.
Суды бороздаламен тақталарға екі әдіспен жіберуге болады:қолмен және механикаландырылған.
Бороздаламен тақталарға суды қолмен жіберу үшін күректер мен суарғыш қалқандарды, сифондар, суару түтіктері және бірөңірлі таратқыш бороздалар пайдаланылады. Суару жұмыстары механикаландырылған әдіспен ұйымдастырылғанда бороздаларға су суару құбырлары және машиналары арқылы жіберіліп, суару тақталарына бульдозерлер арқылы жіберіледі.
Бір өңірлі тарақыш бороздалар арқылы суару үшін жер беті жақсылап тегістелініп, оның көлденең еңісі 0,001-ге дейін және бойлау енісі 0.005-ке дейін болуы керек. Осылай болған жағдайда ОКП-1 канал қазғыштар арқылы оқ-арықтың қасынан бір өңірлі бороздалар тілінеді. Бұл жағдайда борозда топырағы оның бір жағына ғана үйіліп (еңіс бойынша жоғары), екінші жағы палсыз қалып бір өңірлі борозда жасалады.Содан кейін бұл бороздалар топырақ бөгеттері арқылы он -отыз шақты түптерінің белгілері бір шамадағы суару бороздаларына бөлінеді.Бұл өңірлі таратқыш бороздалардың жоғарғы жағынан КОР-500 және Д-716 канал қазғыштары мен оқ-арықтар тілінеді.Суару кезінде су оқарықтардан сифондар, түтік су жібергіштермен және оқ-арықтардың өңірінде жасалатынтесіктер арқылы бөліктерге жіберіледі.Бұл бөліктерден су автоматты түрде суару бороздаларына таратылады.Бір сушы бір мезгілде 150 шақты бороздаға шамасы 150 л/с су жібере алады.
Бульдозерлердің көмегімен кең тақталап суару әдісі де беті тегістелген көлденең еңісі 0,001-ге дейін және бойлау еңісі 0,005 -ге дейін жыртылған, немесе орылған егістікті сіңіре суару үшін қолданылыды.Кең тақталарға су 170-250 л/с шамасында су өткізетін уақтша тілінетін құлақ арықтардан бульдозерлер арқылы жіберіледі. Бұл әдісті қолданғанда бульдозер каналдың өңіріне келіп, оның топырағын уақытша тілінген құлақ арық ішіне жылжытудың салдарынан топырақ бөгеті жасалады.Сөйтіп уақытша тілінген құлақ арықтың қашасында пайда болған тесіктер арқылы су тақта бетіне ағады. Осыдан кейін тракторшы төмен қарай жүріп, қажет болған жағдайда оны сумен толық бастыру үшін палдарды оған көлденең үйеді.
Топырақтың су сіңіру және тақтаға жіберілетін судың мөлшеріне сәйкес бульдозерші-сушының еңбек өнімділігі сағатына 0,4-1,2 га шамасында болады.
Суды бороздаларға тарату үшін қатты және солқылдақ суару құбырлары, ПШН-165 суарғыш машиналары және сифондар, түтіктер мен қалқандар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |