Ағыншалы эрозия дегеніміз, өте жіңішке жұқа ағыншалардың бір-біріне қосылып, ірі ағынга айналып, жыра тереңдігін 10-20 см жеткізуін айтамыз. Ол жерді тегістегеннен кейін, бәрібір орны жыра болып қалады да, топырақтың құнарлығы және жердің тегістігі өзгереді. Бұдан ары дер кезінде тиісті шаралар жүргізілмесе, қатты ағын әсерінен кішкентай жылғалар терең жыраларға, орларға айналып кетеді. Орларды, жыраларды тегістеуге болмайды, бұл суғармалы жер пайдаланудан шығып қалады.
Жер суару кезінде эрозиянын екі түрі кездеседі: желілік және танаптық. Суғармалы жердегі танаптық эрозияның пайда болуы суару техникасын (әдістерін) дұрыс пайдаланбаудан және сол жердің табиғи шаруашылық жағдайына байланысты болады. Көбінесе бұларға жобалау кезіндегі құрылыстарды немесе суландыру жүйесін пайдалану кезінде жіберілген қателер себеп болады.
Желілік эрозия - гидротехникалық құрылымдардың, суландыру мен қашырткы каналдарының маңында пайда болатын эрозиялық құбылыс. Желілік эрозия көбінесе гидротехникалық құрылымдардан сызықтап ақкан судан басталып көбейе береді де, оны дер кезінде тоқтатпаса, кішкентай ойпаңдағы жырашыктар үлкен жыраға, орларга айналып кетеді де құнарлы жерлер пайдаланудан шығып қалады. Қазіргі кезде қолданып жүрген жер суару тәсілдерінің ішінде суды жайып жаңбырлатып суару әсерінен топырақ көбінесе эрозияға ұшырайды. Өзі ағатын тәсілдердің саламен жайып жіберіп суару кезінде жазықтық эрозияға, ал қарықпен суаруда - жіңішке ағыншалы эрозия пайда болады. Жаңбырлатып суару кезінде жазықтық және аралық отамалы дақылдардың бағытты өте жоғарғы еңістікпен бағыттас болған жағдайда жіңішке ағыншалы эрозия пайда болады.
3. Танапта эрозияның пайда болу себебі топырақтың жоғарғы қабатымен суару тәсіліне байланысты, оның ішінде суару жолақтары мен жүйектердегі судың жылдамдығына байланысты. Судың ағу жылдамдығы артқан сайын, топырақтың шайылуы да арта түседі.
Жаңбырлатып суару кезіндегі танаптық эрозияның болу себептеріне жаңбыр сапасының нақтылы жағдайдағы топырақ құрамына сәйкес келмеуі жатады. Жаңбыр сапасы үш көрсеткішпен бағаланады: жаңбырдың үдемелі қарқындылығы, тамшыларының ірілігі және ірі жаңбыр тамшыларының жерге түсу күші. Тамшының жеке бөлшектері майдаланып, олар басқа өте майда бөлшектермен бірігіп, топырақтың су өткізу кабілеттілігін кемітеді. Жаңбырдың үдемелі қарқындылығы топырақтың су сіңіру қабілеттілігінен артық болса, жер бетіне артық су қабаты пайда болады да, осының іс әрекетінен жердің жоғарғы қабатында эрозия пайда болады. Жаңбырлатқыш қондырғылардың топырақтың су-физикалык қасиетіне және жергілікті аймақтың табиғи жағдайына сәйкес келмеуі, бастапқы жаңбырлатып суаруды жобалағандағы кемшіліктер болып табылады. Мұндай қателіктер, мысалы жаңбырлатудың үдемелі қарқынды жерге түсуі мен топыраққа сіңу жылдамдығының сәйкес келмеуіне әкеп соғады. Бұл жағдайда судың жерге сіну жылдамдығы бірнеше есе болады да осының нәтижесінде көлшік ағынды су пайда болады.
Жаңбырлатып суару жобасын жасау кезінде эрозияның даму процесі болатын жерлерді мұкият таңдап, орташа және нақтылы болатын жаңбыр тамшыларының қарқындылығын сараптап зерттеуді қажет етеді. Кейбір жаңбырлатқыш машиналарда ылғалдандыру сапасы канаты бойында өзгереді. Мысалы "Фрегат" машинасының жаңбыры үдемділігі 0,1- ден 0,7 мм./мин. дейін өзгереді.
Суландыру жүйесін дұрыс пайдаланбау әсерінен суғармалы жерлерде эрозия пайда болады. Оның себептері мыналар: судың суару нормасын есепті нормасынан артық беру, суару жүйесімен жобаланған су ағымымен сәйкес келмейтін су көлемін өткізу, топырақты өңдеудің тиімді мерзімін бұзу және т.б.
Желілік эрозия көбінесе суландыру және желінің қашыртқы құрылыстарының қанағатсызданарлық жұмыс істеуінен пайда болады. Бұл құрылыс жұмыстарын сапасыз жүргізуден, сондай-ақ суландыру желілерімен судың ағуы немесе гидротехникалық құрылымдарды дұрыс пайдаланбаудан болады.
Су эрозиясы өте үлкен зиян келтіреді. Су эрозиясы кезінде топырақтың ең жоғарғы құнарлы қабатындағы мыңдаған жыл жиналған өсімдікке қажетті қоректік элементтерді су шайып алып кетеді. Ғалым Беннетидің айтуынша топырақтың 2,5 см табиғи қабатын бұрынғы қалпына қайта келтіру үшін 300-ден 1000 жыл қажет екен.
Бұрынғы Одақ бойынша су шаюдан құнарлы жер жыл сайын 5,4 млн. тонна азот 1,8 млн. тонна фосфор және көптеген элементтер мен микроэлементтерден айырылады екен. Осындай санды құнарлы элементтерден 180 млн. тонна дәнді-дақыл алуға болатындығы есептелген (В.А.Беляев 1976).
В.Д.Панниковтың есептеуі бойынша (1974) Оңтүстіктегі қара топырақтың 1 мм қалыңдығы шайылғанда 1 га жерден 76 кг азот, 24 кг фосфор, 800 кг калий жоғалады, ал 10 ц дәнді дақылды өсіру үшін, орташа алғанда 33 кг азот, 10 кг фосфор және 26 кг калий қажет етіледі. Жоғарыда келтірілген мысалдардан басқа эрозиялық зиянды әсер әр түрлі жер қабатының құнарлы заттарын шаяды, әрбір қосымша 25 мм су 2.4-4,5 кг азотты алып кетеді. Жер суару кезінде артық берілген су тұнбаланады және тыңайтқыштары мен пестициттерді су қоймаларына алып келіп, оларды ластайды, каналдарды, жолдарды бұзып, жарып кетеді, жыра, сайлар пайда болады.
Су эрозиясына байланысты, біздің мемлекетімізде, жердің өнімділігі мен тиімділігін арттыруда үлкен қиындықтар әлі де көп. Сондықтан да, эрозия процесін болдырмау шараларына өте көп көңіл аударуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |