4. Су эрозиясына қарсы қолданылатын шаралар - Жер жағдайы мен қыртысына байланысты, өңделіп егілген дақылдардың түріне қарай эрозияға қарсы әр түрлі шаралар қолданылады. Шаруашылықты ұйымдастыру, агротехникалық, орман мелиоративі және гидротехникалық шаралар. Топырақты эрозиядан тиімді корғау үшін, осы әдістердің біреуін ғана пайдаланбай бірнешеуін қатар пайдаланса эрозиямен күресу үлкен нәтиже береді.
А) Шаруашылықты ұйымдастыру шаралары.
Мақсаты - жер пайдалануды дұрыс ұйымдастыру.
Ауылшаруашылық дақылдарын әр танапқа, жер бедеріне қарай дұрыс орналастыра себу. Мұндай орналастыра себу кебінесе, жер бедерінің ерекшеліктерін, топырақ түрлерін және оның шайылу дәрежесін еске алуды қажет етеді.
Суландыру жүйесі дұрыс жобалануы керек, себебі онда топырақтың жер бетінің жағдайы еске алынуы тиіс, суару тәсілі мен жердің ылғалдылығы анықталған. Сонымен қатар, суландыру желісінің суару кезіндегі жағдайын бақылауға алу.
Ауыспалы егістікті енгізу және оны дұрыс пайдалану. Ауыспалы егістікті өндіріске еңгізіп, оны дұрыс пайдалану топырақ құнарлығын сақтаудың, оның құнарлылығын арттырудың ең маңызды себебі. Жоңышқа және дәнді бұршақ қоспалары өте жоғары түрде топырақты қорғап, оның құнарлылығын арттыратыны белгілі. Беткейлі жерге екі-үш тақта жоңышқа және бір-екі дәнді дакыл егу тиімді. Суғармалы жерді осылай қорғау тәсілі қосымша қаражат және энергия көздерін көп қажет етпейді. Біраздан бері байқалып жүр, көп жылдар бойы, қайта-қайта сол жерге айналатын дақыл ексе, онда эрозия тез дамып өршиді, егер айналатын және жалпы егілетін дақылдарды алмастырып отырса, топырақтың шайылуы кемиді.
Суару техникасын тандағанда біз сол аймақтың ауа райының және жер бедерінің ерекшеліктерін ескеруіміз керек.
Жаңбырлатқыш машиналарды таңдау кезінде жаңбырдың үдемелі қарқындылығы судың топыраққа сіңу жылдамдығынан артпауын есепке алу керек. Жаңбырлатқыш машинаның түрін таңдауға өте мұқият болу керек екенін мына төменгі кестеден байқаймыз.
Кесте. Әр түрлі жаңбырлатқыш машиналармен суарғанда эрозия болдырмайтын тиімді су мөлшері, м3/га
Топырақ түрлері
|
ДКШ-64 Волжанка
|
ДМУ-120 Фрегат
|
ДДА-100МА
|
ДДН-100
|
Оңтүстік сазды
|
370
|
260
|
250
|
190
|
Қоңыр-сарғылт жеңіл боз
|
210
|
150
|
140
|
110
|
Орташа боз
|
260
|
190
|
170
|
130
|
Жеңіл саз
|
110
|
80
|
70
|
60
|
Кестеде көрсетілгендей, ДДА-100MA агрегатын жаңбырлатқыш "Волжанкамен" алмастырса, эрозияға қарсы қосымша шараларды қолданбай-ақ суарудың су мөлшерін екі есе арттыруға болады. Беткейлі жерде еңістігі 0,02-0,05 жазық микро жер бедерінде болса, "Волжанканың" қыскартылған түрлерінің аз су өтімімен пайдаланады. Онда жер суару төменнен жоғары қарай, машинаның жаңбырлатқыш қабатын баурай еңістігіне көлденең орналастырады.
Суғару тәсілдері элементтерінің көрсеткіштерін дұрыс анықтау. Жер қабатты беткейлерді суғару тәсілдері мен техникалық құралдарды таңдау өте мағыналы мәселе. Кейбір мәліметтерге қарағанда. үздік-үздік жаңбырлатқыштардың сүйретілген (шлейф) түрі АШС-25/300, АШС-20/600, АШС-20/200 өте ыңғайлы және бөктерлі жерді суғарудың арзан тәсілі. Бөктерлі жерлерге әдеттегі жаңбырлатқыш машиналар мен аппараттардың өнімділігі өте төмен, жаңбырлату ауданын өте аз қамтитыны анықталып отыр. Аппаратты еңістікке қарсы жүргізсе суғару сапасы тез төмендейді. Қара топырақсыз, төбелі жер жағдайында өте өнімді машина "Фрегат", ал "Волжанканы" пайдалану тиімсіз деп есептелінеді. Тау баурайлары мен баурайлы жерлерді игеру кезінде ең тиімді суғару тәсілі - тамшылатып суғару және синхронды-үдемелі жаңбырлату тәсілі. Екінші тәсілдің артықшылығы, суғарылатын ауданға шекті түрде бытыратып шашу арқылы ирригациялық эрозияны болдырмайды, жер бетіне жақын ауа қабатының және түсер маңының ылғалдылығын сақтайды, ол үшін тамшының үдемелі қарқындылығының түсу шегі 0,003-0,011 мм/мин болуы тиіс. ДДА-100М және ДДА-100МА агрегаттарымен жер суғарғанда суғару бьефінің ұзын болғаны тиімді. Сонымен, ДДА-100МА агрегатының бьефін 100-ден 300 м дейін ұлғайтқан жағдайда ағынсыз суғару су мөлшері жоңышқа үшін 110-150 м3/га-дан 180-250 м3/га дейін үлғаяды. Айта кету керек, агрегаттағы тозған дефлекторлы саптамаларды уақытылы ауыстырма- са, онда жаңбыр тамшыдарының диаметрі өседі, содан барьш топырақ қүрамын бұзады. Уақытша су арықтарды желдің әр уақытта согу багытымен бағыттас жүргізу керек. Жер бетіндегі су ағынын болдырмау үшін суғару кезінде жаңбырлатудың үдемелі қарқындылығын өзгертіп, айнымалы түрде пайдаланады: агрегаттың бірінші жүрісін ең төменгі жұмыс жылдамдықпен, ал екінші және одан ары қарай жүрістердің жылдамдығын арттырып отырады. Бұның әсерінен, агрегаттық бір айналым жүрісінде 100-140 м3, ал келесісінде 40-60 м3 суды 1 га жерге береді. АШЖ түрлес агрегаттарды пайдаланған кезде, ауыспалы жабық қуысты тетікті (сопла) қолдана отырып, жер бетіне суды ағынға айналдырмауға болады. Жаңбырлатуды үзіп-үзіп шашумен топырақ құрамына тигізетін әсерін кемітуге болады. Байқауларға Караганда, 500 м7га суғару нормасын үш рет бөліп бергенде, топырақ кұрамының бұзылуы 1,4 есе кеміген. Жер бетімен суғару кезінде топырақтың шайылмауын болдырмау және суды үнемді пайдалану үшін, суғарудың жаңа тәсілдерін пайдаланып, оған механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу қажет, сонымен қатар, жүйектердің және жолақтардың ұзындығын дұрыс есептеп, оларды жердің еңістігіне байланыстыра анықтау керек.
Баурайлы-еңістік жерлерді сатылау. - Жер бетінің және тік жарды баурайлардың шайылуы мен жырылып кетуін болдырмаудың әдісі баурайды сатылау болып табылады. Еңістігі 8°-12° жерге тарақ түріндегі, еңістігі 30°-35° сатылы, ал өте жоғары еңістікті-орланған сатылауды құрылыс түрінде жасайды. Ал еңістікті баурайларда үймелі-сатылы құрылысын айдалатын жердің көлбеу бойымен жасайды. Үймелі-сатылы құрылысты бау-бақшада негізгі еңістікке көлденең орналастырады, оның еңістігі 3-4° болады. Негізгі баурайдың жар қабаттығы 3-4° болса, үйілмелі-сатылы 4-5 жүйек арқылы 5-6° болса, 2-3, 8-9 бірден. 10° артық болса әрбір жүйек арқылы үймелі сатылы жасауды белгілеп, оны жырту кезінде жердің бетін астына түсіріп айдайды, одан кейін, автогрейдермен сатыны кері еңістіктен 1-2° өңдейді. Үйінді бөлігінің шетінен үймелі сатыны 0,5 м биіктікке көтеріп, ары қарай қүрама жер жасайды. Жеміс ағаш тамырына зиян келмес үшін, үймелі сатының қазылу бөлігін 1,5-2 м қашық қазады.
Жасалынған үймелі-сатылының бойымен ауыр дискімен 2-3 қайтара жүргізеді де, бұльдозермен үймелі сатының ұзына бойына әрбір 15-20 метр сайын биіктігі 25-30 см көлденең үймешек тұрғызады, ал ағын су жарып кетпеу үшін үймелі сатының бойына жасалынады. Үймелі бөлігінің еңісіне көп жылдық шөптер егіледі (шабындықты сұлы, жоңышқа және т.б.). Шөптің өсуіне қарай оларды шауып алып, қысқа түбін қалдырады. Қазылған үймелі сатының бөлігіне тыңайтқыштар шашады, ол агротехника талабына сәйкес болуы тиіс.
Үймелі сатыны күтуге ауық-ауық бүзылуына карай көлденең үймешектерін жаңартып кайта орнына келтіру, үймелі-сатыны ұзына бойына өңдеу, үймелі жақтауындағы шөптерін шауып таза ұстау жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |