Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»



бет48/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76
АШМ

Б) Әрозияға қарсы агротехникалық шаралар.
Әрозияға қарсы агротехникалык шаралардың мақсаты: эрозиялық процестің пайда болуын ескертеді және оны болдырмайтын мүмкіндіктер іске асырылады, топырақтың суға шайылуына, жырылып бұзылуына кедергі болады да, топырактың ылғал сіңіру қасиеті артады.
Агротехникалық шаралар:

  1. Баурайды көлденеңнен тереңдігі -25-35 см етіп сүдігер жырту. Бұл тәсіл баурайдың тік жарлылығы 2° кем болғанда пайдаланылады. Құнарлы топырақтың тереңдігі 20 см кем болса, қайырымсыз жер жырту терендігін 35 см жүргізеді. Сонымен бұл тәсілде барлық жер өндеу жұмыстарын (тырмалау, кулътивациялау, егін егу) баурайға көлденең жүргізеді.

  2. Үйінді мен қырқасын құру. Баурайдың жар қабаттығы 2-4° артқанда жүргізеді. Ол үшін кәдімгі ұзын қайырмалы соқаны пайдаланады, ол бір уақытта жер жыртумен қатар, баурай бойында көлденең биіктігі 20-25 см үйме жасайды. Сонымен қатар, сатылы жер жырту тәсілін пайдаланады, ол үшін соқаның екі корпусынын қайырмасын 12 см ұзартады.

3) Микрожайылма жасау. Күрделі баурайлардың жар кабақтағы 6° дейінгі жерлерге "Пахарь" сокасымен микрожайылма жасайды, ол кәдімгі сока, тек бір кайырмасы тазартылған және богет жасағыш агрегаты бар.
4) Жазыңтың кескінмен өңдеу. Тереңдігі 35-40 см арам шөпсіз, таза және жердің жоғарғы қабатының қара шірігі аздау жерлерде қолданылады. Осындай топырақты терең қопсыту, оның су сіңіру қабілеттігін 50-70% арттырады. Осының әсерінен топырак бетіндегі судың ағынға айналуы және құнарлы заттардың шайылуы кемиді. Бірінші пайдалану жылына 30-40; екінші жылы 20-30% және үшінші. 10-15%-ға кемиді. Бұл тәсілді әрбір үш жылда қайталау керек.

  1. Жүйек ара суғару. Жүйек ара суғарғанда бірінші суды бір жүйекпен жіберсек, екініш жүйек құрғақ болады, ол арқылы су жүрмейді. Ал екінші рет суғарғанда су жүретін жүйектер ауысады. Осының әсерінен біз суды 40% үнемдейміз және топырақтың шайылуын кемітеміз.

  2. Кішірейтілген жүйекпен суғару. Бұл тәсіл жете тексерілген, оны арнаулы топырақ тығыздаушы культиватор күрегінің артына орналастырады. Жүйектің ені 3-6 см, тереңдігі 3-4 см, қима ауданы 2-10 см2. Еңістігі 6° кем болтан жағдайда жүйекті тік-тік орналастырады, ондағы судың жылдамдыгы 30 см/с. Бұл әдіспен суғарудың артықшылығы-топырақтың шайылуы (20-30 есе кемиді), қатар аралық енінің ылғалдануы бір калыпты болады, артық қашқан су кемиді. Келесі кестеде әртүрлі топырақ кұрамының кішірейтілген қарықпен суғарудың көрсеткіштері келтірілген.

7) Топырақтың зрозиязга царсы беріктігін арттыру. Топырақтың эрозияға қарсы беріктігін арттыру үшін, топыраққа органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізу көп жылдық шөптерді егу, топырақтың қүрлымын жасанды түрде жақсарту керек.
Топырақтың құнарлылығын арттыруда органикалық заттардың маңызы зор. Топыраққа тыңайтқыш енгізгенде өсімдіктің өсіп дамуы тездетіледі де, өсімдік тамырының мықты жүйесі пайда болады және жер бетіндегі массасы артады. Азот, фосфор, калий элементтердің жылжымалы түрлерінің шайылуы физикалық-химиялык реакция әсерінен реттелінеді. Тыңайтқыш, оның ішінде органикалық түрі, топырақтың микробиологиялық белсенділігін арттырады.
Суғармалы жерлердегі ауыспалы егістікте көп жылдық шөптерді пайдалану топырақты ирригациялық эрозиядан қорғауды қамтамасыздандырады, шайылып кеткен топырақтың кұнарлығын қайта арттыруға себебі тиеді, топырақ қабатын шөптер өздерінің тамыр жүйесімен біріктіреді, азотпен толықтырады, оның құрамын жақсартуға әсерін тигізеді, жоғарғы құнарлы қабатын арттырады. Сонымен қатар, жер бетінде қалын орналасқан шөптер су ағынының жылдамдығын төмендетеді, сумен ағып келе жатқан топырақ бөлшектерін шөптер ұстап қалады, топырақ бетін жасанды, тамшылы жаңбырдың соғып бүлдіруінен сақтайды.
Топырақ құрылымын жасаңды түрде қайта келтіру үшін, полимерлерді пайдалану керек. Полимерлердің әсер ету ұзақтығы бір жылдан алты жылға дейін, олардың түріне, берілу мөлшеріне, топырақтың физикалык қасиетіне, климаттық жағдайына байланысты. Кейбір құрлым құраушылар өсімдікті құнарлы заттармен қамтамасыздандырады. Оларға жататындар: агрозил-құрамында фосфор бар, фердинкунг препараттары және К-4, олардың құрамына азотты заттар кіреді. К-9 және лотексті препараттарды 300 және 500 кг/га мөлшерінде пайдаланса қарықпен суару кезінде еңістіктеп аллювиалды шабындықты, жеңіл және орташа сазды құмды топырақтың шайылуын 9% кемітеді.
8) Орман мелиорациялық шаралар. Ағаш көшеттерін отырғызу сол жердің табиғи жағдайларын жақсартады. Баурайдағы және су айрықтарындағы жерлерге егілген ағаш көшеттер жүйесі сол жердегі қар және ағын суларды реттеп, топырақтың су жүргісін жақсартады. Барлық орман жолақтары, сонымен қатар, танап қорғайтын ағаш кошеттерін баурайларға колденең орналастырған жағдайда жер бетіндегі еріген қар және нөсер суларын реттейді, топырақ бетін шаюдан және жердің жоғарғы қабатын бұзудан қорғайды. Эрозияны болдырмау үшін, мына ағаш көшеттерін пайдаланады: су реттеуші, жыра ішіндегі және сай маңындағы орман жолақтар, шайылып бұзылатын жерлерде жаппай егілген, өзен, канал жағаларына, сай, жыра табандарына егілген екпе кошеттер. Эрозияға қарсы қолданылатын екпе ағаштар жергілікті және климатты жағдайларына төзімді ағаш және талшықтар егілуі тиіс, мысалы, орманды даладағы сай және жыраларға ағаш өсіру кезінде пайдаланатын ең жақсы ағаштардың түріне мыналар жатады: емен, сібір сағыз қарағайы, аққайындар, үшкір жапырақты үйеңкі, орман алмұрты, шетең қарағай, шырша, терек және көктерек, далалық құрғақ аймақтарда шегіршін, көк қарағай, емен, алмұрт, қарағай, үйеңкі және т.б. су реттеуші селдір конструкциялары орман жолақтарын көбінесе баурайларға колденең отырғызады, жолақ ені 15-20 м болуы тиіс. Жыра және сай айналасындағы орман жолақтарының орналасу конструкцияларының ені 15 м-ден 30 м дейін сай мен жыраның екі жағына орналастырады.
Тік бұзылған жыра жағасына шөп өспейтін және мал жайылмайтын болса, онда жаппай екпе ағаштарын егеді, сонымен қатар ең жақсы көлеңкелі жағасына жеміс-жидек дақылдарын егеді.
Түптік орман екпелерін жыра мен сайлардың табанына егіп, жыра мен сайлардың үлғаюын тоқтатады. Баурайдағы орман жолақтарының ара қашықтықтарын құрама жердің еңістігіне қарай анықтайды, экспозициясына және баурайдың ұзындық қашықтығы мен топырақтың су өткізгіштігін қосып есептейді.
Құлама еңістігі 2-3° болғанда ара қашықтығы 300-400 м-ден 4-5° болса, 250-300 м.-ден, ал егер 6°-тан жоғары болса - 250 м. етіп орналастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет